ВЕРНУТЬСЯ

(Дүйсенбек Қанатбаевқа) «Әйт шүу, әйт шүу, қызыл нар,Бесқалаға түзу бар!..» -Емпең-емпең желетін,Иір мойны ұзын нар. Сіз де айтқансыз, осы әнді,Біз де айтқанбыз, осы әнді.Көңілдерді тербейтін,Халық әні қашанғы. Осы өлеңде – сырымыз,Осы өлеңде – мұңымыз.Азаматқа айналдық,Айта жүріп мұны біз. Керуендей көрініп,Өркеш-өркеш қырымыз.Белден-белге өріліп,Жататұғын бұрым-із.Көрінер деп адамдар,Тоқ бүйірлі қанарлар...Бесқаланың жолына,Қадалатын жанарлар. Арбап арман, есті ала,Баурап алған Бесқала.Бізге салсаң сол кезде,Оған жетпес еш қала! «Әйт шүу, әйт шүу, қызыл нар,Бесқалаға түзу бар!..»Емпең-емпең желетін,Иір мойны ұзын нар... ...Отырғызып жотама,Кіп-кішкентай ботамаӘуелетем осы әнді,Көне тоңды қопара:«Әйт шүу, әйт шүу, қызыл нар,Бесқалаға түзу бар!..»