ВЕРНУТЬСЯ

Әні: Айтгүл ӘбдіразақованікіТарихыңда төтеп берген сан сынға,Ерлік бар-ды, елдік бар-ды халқымда.Өршіл ұлан, мұны әлемге танытқан,Жаңаөзенде, он жетінші маусымда. Тектілік бар ата-баба салтымда,Алатаудай асқақ содан даңқым да.Қасиетін жоғалтпадың қазақтың,Еңсе басқан қасіретті маусымда. Найзағайдай жарқылдадың, бұлқындың,Төсін тілдің қара түнек бұлтыңның.Дүбіріңнен таңдар атып жап-жарық,Дабылыңнан жетті арайы нұр-күннің. Сендерсіңдер – жер иесі, нар тұлға,Ерлік мұра ұрпақтарға айтуға,Боздақтарын еске алады жыл сайын,Жаңаөзенде, он жетінші маусымда.