ВЕРНУТЬСЯ

Аяулым, неге қарайсың кейде назданып,Қараймын мен де ұққандай сырлы сазды анық.Жанарыңдағы жарқылдың арғы жағында,Жатыр ма маған айта алмай жүрген сөз жанып?! Жанарыңдағы жарқ еткен жалғыз ұшқынмен,Көктемге шөлдеп, қытымыр қаңтар, қыс күлген.Жанарың бойды жалынша шарпып кеткенде,Қиқулап құстар өтеді менің үстімнен... Жанарың сенің ерітер мұзды ақпанда,Жаһанды тегіс нұрына малған ақ таң ба?Жанарың сенің жанымды нұрға бөлейді,Балаймын оны жүректе тұнған дастанға. Жанарың сенің жаралған таңғы шықтардан,Тағы да, міне, гүлдерге қонып шықты алдан.Әрдайым менің алдымнан күліп қарсы алып,Үнімнен менің жанарыңа іңкәр ұқшы арман.11.01.1975.