ВЕРНУТЬСЯ

         X о р

Сүйгеніне
қосылған қыз бақытты жар-жар.

Сүйіп алған сұлуды
ұл бақытты жар-жар.

Жас жандардың
тойында өлең айтқан жар-жар,

Құрбы-құрдас,
дос-жары біз бақытты жар-жар.

Махаббаты
достардың берік болсын жар-жар,

Өшпес бақыт
әрдайым серік болсын жар-жар.

Жапырағы жайқалып
өсіп-өніп жар-жар,

Айналасы арылмас
керік болсын жар-жар

Тойы тойға
үлассын еліміздін жар-жар,

Тарқамасын қызығы
жеріміздің жар-исар.

Қасіретсіз,
жылаусыз әндетейік жар-жар,

Салтанатты
тойында теңіміздің жар-жар.

Сүйгеніне
қосылған қыз бақытты жар-жар,

Сүйіп алған сұлуды
ұл бақытты жар-жар.

Жас жандардың
тойында елең айтқан жар-жар,

Құрбы-құрдас,
дос-жары біз бақытты жар-жар.

Д у эт

Күйеу жанды
шымылдыққа

Кіргізіңдер,
келіншектер,

Кеп тұрмасын
күйеу сыртта,

Керсін жарын
кідіртпеңдер.

Керімдікке алтын
шашсын,

Жеңгелерін көрмей
арзан.

Балдыздарын ұмытпасын

Шашсын маржан,
төксін маржан.

Жомарт күйеу
білсе жолын,

Ат пен атан,
болмас қалау:

Соқса сараң,
ашпай қолын,

Қайтарамыз елге
жаяу.

Күтіп отыр
шымылдықта

Жас күйеудің
күндей жары.

Жомарт болса
тоқтатпаңдар

Жеңгелері,
балдыздары.

Ж а р ш ы

Ат келгенше бәйгеден

Айтарым бар,
қалың ел,

Жаржақ болған
жаршыңды

Жамандама, қалың
ел.

Басталғанша
күресті

Айтарым бар,
қалың ел.

Хабарыма қайғырып

Қарғай көрме,
қалың ел.

Жарлық келді
патшадан.

Жігітіңді бер
деген,

Той-думанды тый
деген,

Соғысқа бар, кір
деген.

Ақ патша үшін өл
деген,

Әміріме көн деген.

Той аяғы қайғыға

Қосылар деп
қорқамын.

Қайғыменен көзден
жас,

Жосылар деп
қорқамын.

Жас жігіттің
сапары

Қан болар деп
қорқамын.

Жас сұлулар
жарына

Зар болар деп
қорқамын.

Хор

Қызын жесір
қалдырған,

Ұлын жауға
алдырған,

Елдің сәні болар
ма!

Кегін өртке жандырған,

Гүлін жатқа жұлдырған,

Жердің сәні болар
ма?

Жылай-жылай
жасудан,

Жылап көңіл
басудан.

Жан сақтарлық жол
қандай?!

Қозғамаса өзін
ел,

Қозғалмаса ой,
жігер,

Ашылар ма сор
маңдай;

Атқа қонсын
азамат,

Айтсын жаршы
ғазауат,

Аянарлық болмас
жан!

Жарлығына көнбейміз,

Жалғыз жігіт
бермейміз,

Қалғанынша қасық
қан;

Үшінші бөлім

А қ ы н

Шырылдаған боз
торғай,

Үн беруге
жарамай,

Сабалады қанатын,

Ұясына қарамай,

Жарты жолда шөкті
нар

Күшін жиып ала
алмай.

Талғаурады
тарландар

Табан жолын таба
алмай

Ердің түсті
еңсесі,

Еңкейіп қамшы ала
алмай

Егесіп найза сала
алмай,

Састырған бір күн
туды.

Осындай кезең
тұсында,

Жан түскенде
қысымға.

Айналаға қарасам,

Сонау көздің
ұшында

Екі батыр келеді.

Бір-біріне тең
екен,

Ерткен қолы көп
еке».

Мінгендері қажымас,

Қанатты тұлпар -
жел екең.

Құтқарары, қорғары

Қиналған кілең ел
екен.

Есімдерін
естісем:

Ел арманын
орындар

Ленин менен
Фрунзе

Егіз алып, ер
екен.

Қор

Сап түзеңдер,
азаматтар,

Жығылған ту
көтерілсін.

Қарға ілінсін көк
найзалар,

Қажығандар атқа
мінсін!

Қос батырға қосылайық,

Ат тізгінін
ағытыңдар.

Көрісейік құшақ
жайып

Айтылсыншы ақырғы
зар,

Қос батырға
қосылайық.

Қан орнына
төгілсін қан.

Қызсын майдан бір
ғажайып,

Орындалсын ойдағы
арман!

Алыстағы әлсіз
жарық,

Жарқырады ай мен
күндей.

Арманына жеткен
халық,

Бас майданға, бас
іркілмей;

Қ а р т а т а

Сақал, шашым
ағарғанда

Сағынышпен іздеп
тапқан;

Аталардың ай мен
күні

Мәңгілікке болсын
мақтан.

Хор

Қараңғылық
әлемінде

Алтын арай таң
боп атқан;

Ұлы Ленин нұр
сәулесі!

Мәңгілікке болсын
мақтан!

Ақ патшаның таж
бен тағын,

Алып күшпен
аспанға атқан:

Ұлы Ленин
партиясы

Мәңгілікке болсын
мақтан;

А н а

Арылғанда бойдан
әлім,

Көзімнен нұр
жарқыратқан.

Ардақтаған
аналарын

Алыптарым болсын
мақтан!

X о р

Бұзып құлдық
бұғауларын

Жер бетіне бақыт
шашқан:

Ұлы Ленин,
партиясы

Мәңгілікке болсын
мақтан

Жадыратып адам
жанын,

Жаңа дүние кілтін
ашқан;

Ұлы Ленин данышпаным

Мәңгілікке болсын
мақтан?

Асқар шыңға
қисаймайтын,

Күндей ыстық ту
орнатқан

Ұлы Ленин
партиясы

Мәңгілікке болсын
мақтан;

1939