ВЕРНУТЬСЯ

Қай кезде де болған ғой тақ таласы,Әкеге бала болған бақталасы.Жақсы –жаман патшалар келер –кетер,Тек қана өмір жыры тоқтамасын.Дидар ғайып, адамға ажал ғайып,Әлемде болған істен көз алмайық.Әбділдин, Әбіловтер аласұрған,«Қазақ елін құртты -деп -Назарбаев».Өмір –базар, жеткенше әл базарлайық,Өмір - жарыс, жарыста озар лайық.Бақталастар не айтпайды тақ жолында,Қазақты қазақ еткен Назарбаев.Өсек өрт- ау шайпау тіл сумаң еткен,Кей патшалар өмірін думан еткен.Таққұмарлар елімді етпесе екен,Құдайкенің* көшіндей суға кеткен.___________________________________________*Құдайке – аңызда жалған ант бергендіктен көктемде көші суға кеткен бай -мырза.                                                                                                                           27. 02. 07 ж.