ВЕРНУТЬСЯ

Форт-Шевченконың 150 жылдығына Жаңғырып қайта ежелгі баба тұрағым,Нұрланған көңіл ерітті мұңның қырауын.Қара тасы да күңгірлеп тұрған сыр айтыпҚасиетін ұқпай келіппіз асыл мұраның. Жарқ-жұрқ еткен әсірелікке малынбай,Қилы күнде де жолынан хақтың жаңылмай,Шаңырағынан сан отау бөліп шығарғанАқкетік* бейне түбектің текті шалындай. Еңсесін езіп жылдардың зілді салмағы,Демеңдер неге, құлашын кеңге жазбады.Кішкене қала үлкен тарихты арқалап,Бүгінге жетті – жұлдыз боп, бағы жанғаны. Уақыттың тезі талайды тоз ғып, кетті үгіп,Жасайды қала, көңілде оған жоқ күдік.Жасайды қала, ертеңге оны жеткізер –Өр ұлдарының рухындағы тектілік. *Ақкетік – Форт Шевченко қаласының көне атауы