ВЕРНУТЬСЯ

(Келешекте жазылмақ жырдың басы мен соңы. Ортасы ойда...)Япыр-ау,Неге сонша буырқанды Атырау?!Біреу сірә бағасы әлі берілмеген Ел Шерін,Парақ-парақ қағазға,Будақ-будақ шумақ қылып отыр-ау.- Кім екен?- Біреу болар бата берген Меңдекеш пен Жұмекен?!        ***Желтоқсан,Желтоқсан,Желтоқсан!Дүние болар астан – кестен сен соқсаң.Ойға шомдым терезеге қарап бір,Қар жауып тұр,...алай-дүлей борап тұр.Қарт Каспийдің ашуын-ай сапырып,Басын тасқа соғады кеп аһ ұрып.Дедім іштей «неге екен?...»Себеп-салдар көп екен ғой, көп екен.«Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады,Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады»Қайран бабам неткен дана Қайғы Асан,Кетіпті ғой болжап бәрін ойласам...Желтоқсанда шер толқытты біздерді,Жасыра алмады жауған қарлар... іздерді.Көктем келді, жазың келді, күз келді.Кім ұмытар сол Желтоқсан ызғарын,Қарға отырған қара бұрым қыздарым.Тигізіп ап қара суық жатырға,Дүниеге келмеді сан Батырлар.Ал Батырлар қорғаны еді даланың,Туып келе жатыр енді жаңа күн.Әбіш айтқан алтын құрсақ құр тұрмас,Жетесің сен Бізге де әлі шіркін, Жаз!                            ***...Жыр жазылды Боран сынды бұрқырап,Адал жандар ұйықтамады, буындары сырқырап.Арам жандар бұйығып, қымтай түсті көрпесін,Ертеңіне...қарасаңыз ертесін..Көк теңізім – көз тәрізді тұп-тұнық,Аяқ асты жатыр ақ қар – пәк сезімді ұқтырып.Кеше ештеңе болмағандай... ашық-шашық дүние,Мейірім төгіп жарқырап тұр аспандағы Күн Ие!