ВЕРНУТЬСЯ

           Өне бойы иіп тұрған сүт ағын,

Жиып алған бүкіл дүние жұпарын.

Етпетімнен жата
қалып таңертең

Мен жусанның ащы
иісін жұтамын.

Сол иістен
құйылады жер нұры,

Көл толқыны,
көктемдегі жел жыры.

Жататындай бір
кішкентай жусанда

Далаң менен
аспаныңның кеңдігі.

Жел мен жусан,
уілдеген бөбексің,

Бұл далаға иіссудай керексің.

Көкірегіңді қарсы айырып ашатын,

Беу, даланың
жусанына не жетсін!