ВЕРНУТЬСЯ

         Неге мистер
Форрестол жынданды екен,

Қандай ауру кез
келген оған төтеп...

Құралды әскер «құдіретті»
министрін

Темір тормен қоршалап
қойған бекем.

Отыр мырза есі
жоқ, сақалы өскен

Қаны кепкен,
көзінің жанары өшкен.

Қөлеңкеден
үркеді, дірілдейді,

Асау аңдай
жап-жаңа қолға түскен.

Қөтеріп басын
әрең көптен кейін

Қашуға әлдеқайда
отыр бейім.

Доктор мырза жұбатып
айтты ақылын

Айналдырып
жындыны кешке дейін.

Қорқады сонда да
ауру біткен әлі,

Бетінде тірліктің
жоқ еш нышаны.

Естілсе көшеден
шу, көреді ол

Қалаға кірген
Қызыл Армияны.

Орысша екі сөз
бар білері,

Оған да келе
бермей еркін тілі,

«Большевик...»,
«Соует-Соует...»

деп қайталап

Өгіздей өлетұғын
өкіреді.

О, доктор,
жынданған жоқ бұлар тегін,

Босқа сен
әуреленбей қонбайды емің!

Аулақ бол,
емшілікті уақытқа бер

Ұмыт сен
жындылардың келешегін.

1949