- Түніміз бір талмай
күткен таңды да...
күткен таңды да...
(Таңдай назың томсырайып
қалды ма?)
қалды ма?)
Ояу жүрсең,
мен келерде гүл қадап
Қойшы әр күні
терезеңнің алдына.
терезеңнің алдына.
- Саған еріп кететіндей
түн өтіп,
түн өтіп,
Күн мен түнді
келем талмай күзетіп.
келем талмай күзетіп.
Ол аз десең,
шашайын мен жолыңа
Бір басымның тыныштығын
гүл етіп.
гүл етіп.
- Ақша бұлтқа асылған
сен шынарсың.
сен шынарсың.
Шыңға дейін талай
ауыр тұрар сын.
ауыр тұрар сын.
Мен қаңғыбас жан
едім ғой,
едім ғой,
бірақ сен
Оған, сірә, таңданбайтын
шығарсың?
шығарсың?
- Таңданбаймын.
Бірақ сонша қашық
па ем?
па ем?
Қалдың ғой сәл әзіліме жасып
кем.
кем.
Ал басым бос болмаса да...
бәрібір
Саған ғана барар
едім қашып мен.
едім қашып мен.
- 129 просмотров