ВЕРНУТЬСЯ

          I
         Автор. Жаңа сіз
бала күнімнен балажан едім дегенде тіліме бір-екі сұрақ келіп еді, Бауке. Соны
сұрауға рұқсат етіңіз.
Бауыржан.
Сұрағын. Рұқсат.
Автор. Балдырған
кезіңізде қандай үй жануарларын жақсы көрдіңіз?
Бауыржан. Қозы
мен кұлынды жақсы көрдім. Бір кішкентай қара бұйра қозыны түнде қасыма алып
жататыным әлі күнге дейін есімде (ақ мүштекті каттырақ тістеп сорды да, аузынан
бұрк еткізіп түтін шығарды. Сәл ойланып, сөзін жалғады). Соған байланысты бір әңгіме
айтып берейін. Жаңағы қара қозы екеуіміздің достығымыз сондай күшті болды.
Басқа балалардың соңынан күшік еріп жүрсе, менің артымнан қара қозы қалмайтын.
Мен оған даладан балауса, балғын шөп теріп әкеліп, өз қолыммен жегізетінмін.
Оны өзенге ертіп
апарып, өзім көтеріп тұрып, өзеннің тізеден асатын тұнық жерінен су
ішкізетінмін. Күзге қарай кара қозым қазық аяқ марқа болды. Бірде күні бойы
балалармен Жуалы тауының бөктерінде тынбастан асыр салып ойнап, кешке карай
ауылға қайттық. Тау бұлағының бойынан қара қозыма деп жұлып алған бір қолтық көк
шебім бар еді.
Соны қос қолдап
ұстап, төбеме көтере: «Пұшай! Пұшай» деп жүгіріп, өзіміздің үйдің қасына
келдім. Келсем көкем бір марқаның аяғын буып тастап, енді бауыздағалы жатыр
екен. Қарасам менің қара қозым.
-        Көке, бауыздама! - деп мен шар ете түстім.
Менің «Біздің
семья» деген орысша кітабымда айтылатын әкем Момыштың інісі Момынқұлды мен
осылай «көке» деп атайтынтедім. Көкем шапшаң кісі болатын.
-        Жоқ, қарағым, қонақ келіп қалды,-деп
қолындағы пышағымен қара қозыны тамағынан орып кеп жіберді...
Маған бар дүние
қып-қызыл болып кеткендей керінді. Сол жерде жата калып, жер тепкілеп жыладым.
«Қара қозымды тірілтіп беріндер!» деп бақырдым. Бірақ мен қанша бакырғанмен
қара қозы тірілмеді. Жанымдай жақсы көретін әжемнің де уатқанына көнбедім.
Әжемнің құшағында өкіріп, өксіп жатып ұйықтап кетіппін. Бір кезде көкем мені
жұлқылап оятып жатыр.
-        Бауыржан, тұр, тұр, ет же, - дейді.
Оянып, көзімді
ашсам жұрттың бәрі буы бұркыраған бір табақ етті орталарына алып, қаужаңдап жеп
жатыр. Қонаққа көзім түсіп кетіп еді, ол тіпті ұрты бұлтындап, шеңгелдеп асап
отыр екен.
-        Бұл ненің еті? - дедім көкем алдыма
қойған бүйрек пен кішкентай кұлақ, сираққа көзім түсіп.
-        Қара қозыңның еті, Бауыржан. Өзің жеп
көрші: сондай тәтті, сондай жұмсақ...
-        Қара қозымның етін жемеймін! - деп мен
тағы да ойбайлап жылап, шалқамнан түстім.
Сол күннен
бастап мен ет жемейтін болып кеттім. Ес біліп, ер жеткен күнімнің өзінде де
етке заукым соқпады. Кейініректе, әскери кухнялар мен асханаларда, әсіресе
ашыккан сәттерімде тарелкама түскен куырылған еттен ептеп жейтін болдым. Бірақ
күні бүгінге дейін уысымды салып, ұртымды толтырып ет асап көрген емеспін.
Сол сияқты менің
сары май жемейтінім де бар. Ол да бала күнімнен бері келе жатқан әдетім. Енді
соның себебін айтайын.
  Мен жасымда айтқанымды орындамай, орындатпай
қоймайтын тентек болсам керек (ол күлді). Жоғарыда айтылған қара қозыны тірілттіре
алмағаным болмаса. Тағы да бір ойыннан қайтып, үйге келсем, әжем жаңа ғана
қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып, табаққа салып жатыр екен.
-        Әже, май бер, - дедім қарным ашып келген
мен.
-Тұра тұр,
қалқам,-деді әжем. - Алдымен майды қылшықтап, тұздайын. Содан соң оны жейсің
бе, алақаныңа салып жалайсың ба, өз еркің.
-        Жоқ, маған қазір бер, - деп киғылықты
салдым.
-        Мә, еңдеше, - деді әжем қатуланып, май
салған ағаш табақты маған қарай итере салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті.
Тұздалмаған,
кылшығы алынбаған майды шеңгелдеп тұрып ал кеп жейін. Содан не керек, кешке
қарай ыстығым көтеріліп, лақ-лақ құсып, ауырмасым бар ма. Сонымен, жаңағы
майдың кесірінен бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Қолды-аяқты балаға бір
апта үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам да
балдырғандардың өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді май көрсем жүрегім
айнитын бөлды. Әже тілін алмаған бала осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып
кетеді екен. Ал, сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар әркашанда
әжелерінің тілін алып жүрсін, менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып
жатырмын.
Автор. Ал,
тәттіден нені жақсы көрдіңіз?
Бауыржан.
Ешқандай тәттіге құмар болғамын жоқ. Күні бүгінге дейін жылына аузыма бір жүзім
салсам салатын шығармын. Ал жылына бір алма жеймін бе, жемеймін бе, білмеймін.
Автор. Сонда
сіздің негізгі қорегіңіз не?
Бауыржан. Ет пен
сары майдан басқаның бәрін талғамастан іше беремін.
Автор. Қазір
елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай
тілек айтар едіңіз?
(Мен бұл сұраққа
Бауыржан: Олардың бәрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс патриот
болсын деп, бір-ақ ауыз сөзбен жауап беретін болар деп ойлағанмын.)
Бауыржан. Маған
білеміз деген бір жігіттер Қазақстанда он үш мындай Бауыржан бар екен деп
хабарлады. Мен әзілдеп оларға: менің атым орыстың Иваны сияқты болып бара жатыр
екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал, мен ол цифрдың анық-қанығын білмеймін.
Білетінім мен қазіргі Бауыржандардың ішінде бірінші номерлі Бауыржанмын. Мен
міне алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған
ата-аналарға, олардың туған-туыскандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал
Бауыржандарға айтарым: Азамат болып өсіңдер, қарақтарым! Қатарыңнан кем
болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсендер, оған ешқандай дауым жоқ.
Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін!
II
-        Сонымен, екі айдан кейін жазылдыңыз ғой,
Бауке?
-        Иә, жазылып, ауруханадан шықтым.
Аралбаев деген жолдасым бар еді. Соның үйінде пәтерде жататынмын. Аралбаев мен ауырып
жатқанда ауданда болған барлық жаңалықгы айтып берді.
       Ең үлкен жаңалық аудандық партия
комитетіне екінші секретарьдың штаты беріліпті де, сол орынға Бағов деген жаңа
адам сайланыпты. Енді кадр мәселесімен екінші секретарь шұғылданатын болса
керек.
        Ертеңінде танысып, сәлемдесу және
қызмет мәселесін шешу үшін аяндап отырып, екінші секретарьға бардым. Барсам,
екі беті шарық табақтай, екі көзі бақырайған, бұғағы салбыраған, үстелге құрбақадай
болып тарбиып, жабысып калған бір қазақекең. Сәлем беріп, жөн-жосығымды айттым.
Көзі шарасынан шыға сызданып, жауап бермеді. Паң екенін де, надан екенін де
айырмадым. Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой. Нобайы келген соң жіберіле салған
жандардың бірі болу керек. Отырып-отырып Бағов:
-        Жүре беріңіз, көрерміз, - деген сөзді
әрең айтты. Наразылау болып, жаңа бастықтың кабинетінен шыктым.
   Содан соң жолдас-жоралар қызмет істейтін
басқа мекемелерге бас сұқтым. Олар менің болашақ қызметім жайын сөз етісе отырып:
-        Жаңа хатшыға бардың ба? - деп сұрасты.
-        Бардым, - дедім.
-        Қандай екен?-десті кейбіреулері.
-        Үстел басына отырғызып қойған құрбақа
сияқты екен! - дедім мен.
Сонымен
күліп-күліп тарасканбыз. Түн ортасында есік тарсылдады. Одан соң терезе қағылды.
Шырт ұйқыда жатқан үй іші төсектен басымызды жұлып-жұлып алдық. Жолдасым
жүгіріп барып есік ашты. Үйге менің бұрынғы екі орынбасарым сау етіп кіріп келді.
Түстері суык. Шам жаққызып, алдымен үйдің ішін тінтті. Менің қағаздарымның
арасын ақтарып-төңкерістірді.
-        Сендерге не керек? - деймін
орынбасарларыма.
Оларда үн жоқ.
-        Өздерінді кім жіберді?
Тағы да үн жоқ.
Үйдің ішін тінтіп болып, мені киіндірді де, өзімнің екі орынбасарым бұрынғы
бастығын алдарына салып, айдап кеп жөнелді.
Мен аң-таңмын.
Бұлар мені қайда апарады? Бүйткендері несі? Әлде осылар әзілдеп жүрген жок па
деп те ойлаймын, әзілдейтін түрлері көрінбейді. Олар мені бірден абақтыға қарай
бұрды. Мен ыза болып кеттім.
-        Жок, мен онда бармаймын, - дедім
булығып. - Алдымен мені қамау үшін жасаған протоколдарынды көрсетіңдер,
қылмысым не екенін айтындар.
Бұл баяғы өзіме
Емельянөв үйреткен өнеге еді. Жақсы ұстаздың сабағы жадыңда қалады ғой, шіркін!
Оның пайдасын өз басыма кәріпшілік түскеңде көрдім. Протоколды айтқаннан кейін
орынбасарларым тайсақтай бастады. Мені абақтыға апара алмады. Милиция бөліміне
алып келіп, бастықтың кабинетіне қамады. Сөйтіп, кешегі өз кабинетім бүгін
өзіме абақты болды. Таң атқанша сонда тұтқын боп түнеп шықтым.
    Таңертең менің орныма милиция бастығы
болған Есенбаев кабинетіне келді. Алдында сорайып мен тұрдым.
-        Өй, сені жын соқты ма? - деді Мұқатай
Есенбаев маған дүрсе қоя беріп.
-        Мені емес, сендерді соққан шығар деп
тұрмын, - дедім мен қыңырланып.
-        Бағовты құрбақа деп атап сені жын соқты
ма деймін? - деді милиция бастығы басын шайқап.
-        Оны кім айтты?
-        Кім айтқанын неғыласың, түнде Бағов бір
үйде қонақта болыпты. Сонда отырып біреу оған сізді Бауьщжан құрбақа деп атады
деп жеткізіпті. Бағов бұлқан-талқан болып, маған телефон соқты. Сені дереу
камауды талап етті. Бердібаев та соны айтты. Сонсоң мен саған бұрынғы
орынбасарларыңды жібергенмін Бауыржанға айтындар деп.
-        Олар мені осында әкеп қамады.
-        Тегі оларға да телефон соккан ғой
Бердібаев. Содан соң сасқан болар жігіттер. Ал енді бар соларға.
-        Кімге?
-        Бердібаевқа.
-        Сендер мені қамадындар ғой, өздерің
айдап барындар оған.
-        Мен қамаған жоқпын, - дейді Есенбаев
баж-бұж етіп.
-        Жоқ, қамадындар. Милиционеріңмен айдатып
жібер, - деп сіресіп мен отырып алдым.
Есенбаев сыртқа
шығып кетті де, сәлден соң бір милиционерді ертіп кайта кірді. Оған:
-        Жолдас Момышұлын аудандық атқару
комитетіне айдап бар, - деп бұйырды.
-        Енді барамын, - деп мен милиционердің
алдына түстім.
      Шірене басып келе жатырмын. Әр нәрсені
ойлап, ыза болып та келемін. Бағовты көрсем түтіп жіберетіндеймін. Аудандық аткару
комитетінің үйіне тақағаннан кейін: «Ауаткомның жауапты секретары кезімде бұл
үйге өз еркіммен кіруші едім. Енді бұған да айдалып кіретін болдым ғой» деп
мырс етіп, артыма қарасам, милиционерім жоқ. Сөйтсем Есенбаев оған біраз жер
артынан ілесіп бар да, содан кейін қашып кет деп тапсырыпты. Милиционер мені өз
бетіммен қаңғытып қоя беріп, бір үйдің бұрышына келгенде жасырынып қалыпты.
Автор. Сіз он
алты жасыңыздан бастап өлең жазыпсыз ғой. Алғашында ақын болсам деп талап
қылған жоқсыз ба?
Бауыржан. Еш
уақытта пәлен болайын, түген болайын деп ойламаған едім. Қайда, қандай қызметте
жүрсем де жүректегі ұраным қазақтың: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс
өлтіреді» деген мақалы болды. Ел намысы ер намысы деп білдім. Арманым халқымның
намысына дақ түсірмеу болды. Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан
емеспін. Олардың өздері келді... Генерал болсам, маршал болсам, герой болсам
деген емеспін. (Осы
арада менің
есіме Суворовтың: «Маршал болуды арман етпеген солдат - жаман солдат» деген
нақылы түсті де, «Сонда сіздің жаман солдат болғаныңыз ба?» деген әзіл сұрау көмейіме
келді. Бірак, біріншіден, шамына тиіп алып жүрермін, екіншіден, сөзді
көбейтпейін
дедім де, үндемедім.) Осы атағым да жетеді.
Автор. Соғыста күнделік
жазып жүрдіңіз бе? Оны қалай жаздыңыз?
Бауыржан.
Соғыста жазған 37 дәптер күнделігім бар. Оларды қар жапалақтап, жаңбыр кұйып
тұрғанда, окопта отырып, жорықта кетіп бара жатып жаздым. Бес рет қоршауда
болғанымды айттым ғой. Сонда тізем дірілдеп, қолым қалтырап отырып, өз сезімдерімді,
жолдастарымның жай-күйін қағазға түсіре бердім. Ең алғаш күнделік жазуыма
мынадай жай себеп болды. Бірінші рет қоршаудан шыққаннан кейін батальонды
быт-шыт етіп тарата
бастады. Қандай
жағдайда, қай көршінің табансыздығынан батальон қоршауда қалды - онда ешкімнің
шаруасы болмады. Соған ерегесіп, бұдан кейін мен барлық жағдайды күнделік
дәптеріме түсіріп отыратын болдым. Әрине, онда мен кейін жазушы болармын,
жазғандарымның соған септігі тиер деп ойлағаным жоқ. Осындай үш-төрт дәптер
жазғаннан кейін күнделік толтыру маған дағды болып кетті. Ол менің әскери
қызметімнің міндетті бір бөлігіне айналды. Толтырған әр дәптерім ең бір ет
жақыным іспетті бола бастады. Сондай үш дәптерім жоғалғанда туысқан үш бауырымнан
айрылғандай күй кешкенім бар.
1962 жылы
генерал Панфилов жайында арнаулы кітап жазбақ болып, архивтерді араладым. Осы
ниетімді айтып Подольскідегі әскери архивтің бастығы генерал-майор Дударевке
кірдім. Ол менімен танысып-біліскеннен кейін:
-        Полковник жолдас, мен сізге бір қызық
көрсетейін,-деді.
Содан соң кетіп
қалды да, бір уақытта үш дәптерді қолтықтап қайтып келді.
-        Мінеки, мына дәптерлермен танысыңыз.
Қолыма алып ашып
кеп жіберсем, тәңір-ау, менің өз дәптерлерім. Мен олардың әрқайсысымен жылап
көріскендей болдым. Өйтетін жөнім бар еді.
Төртінші рет
қоршаудан шыққанымда мен көршілеріме әбден қаным кайнап, қатты наразы болып
келген едім. Біздің қоршауда қалуымызға себепкер болған бөлімшелерді дәптеріме
схемасын салып көрсетіп, олардың бастықтарын сыбап тұрып жазғандарым болатын.
Шехтманның да, Филимоновтың да әдірістеріне бірсыпыра ащы сөздер арнағанмын.
Келгеннен кейін барлық жағдайдың дәлелін ашып, полк комиссары Логвиненкоға
дәптерлерімді
көрсеттім. Логвиненко менің жазбаларыма зер салғысы келді ме, әйтеуір, кейін
өзіңе қайтарып беремін деп үш дәптерімді сұрап алып кетті. Сол түнде немістер
полк штабына шабуыл жасап, менің комиссардағы үш дәптерім жаулардың қолына
түседі. Міне, бұл менің сол дәптерлерім. Кейіннен немістердің архиві біздің қолға
түседі де, оның ішінен менің жоғалып кеткен жаңағы дәптерлерім шығады.
Күнделіктердің пайдасымен бірге,
осындай жоғалып
кете жаздаған кездері де болған...
Осы жерде акын
Ғафу Кайырбековтың Момышұлына арнаған өлеңі есіме түсті. Өлеңнің бас жағында ол
Бауыржанның тостағандай көзінен ұшқындаған оттардың бірін жыр етуді арман етіп,
одан әрі былай деп толғайды:
Сол оттың сәулесінде
бұлаң қағып,
Кешегі өтіп
жатса жылдар ағып,
Көрінсе қоршаудағы
батальон,
Көк түтін төбесінде
шудаланып.
Ыс баскан, күйе
құскан әрбір солдат,
Найзалар түнді
тесіп өтсе самғап,
Саңқ етіп бір
мезетте оқтай бұйрык,
Көрінсе іле-шала
сонда комбат!..
О, сонда, бар
маңайды жанғыртып кап,
Генерал берсе
әмір,
Сап тұйықтап.
Комбаттың
баданадай кос көзінен
Риза боп сүйіп
тұрса Панфилов қарт!
Міне сол бар
арманым от сұраған,
Алатын одан
артық жок сыбағам.
Халыктың қасиетін
шын көтерген,
Жүзге де жүлде
бермей, жетсін ағам!
-        Сонымен, сізді айдап келе жатқан
милиционер қашып кетіпті дейсіз бе?
-        Иә, қашып кетіпті. Ары қараймын, бері
қараймын, ұшты-күйді жок. Жер жұтып кетті ме мұны деп, аңырайып біраз тұрдым
да, ақыры Бердібаевтың кабинетіне жалғыз кіруге
мәжбүр болдым.
-        Отыр, бала, - деді Бердібаев кабағын
шытып. - Сен өзің еш жерге сыймайтын бір қырсық жігіт екенсің.
-        Неге олай дейсіз? - деймін мен сызданып.
-        Менімен істесе алмасаң, Бағовты құрбақа
деп атасаң - солай демегенде не деуім керек?
-        Өзі ұқсап тұрса мен оны құрбака демей,
құдай деуім керек пе?
Бердібаев
қабағын шытты да, ол сөзді одан әрі жалғастырмады.
-        Шырағым, сен енді ол сөзді қой. Кеше
Бағовқа қызмет жайында барған екенсің ғой. Ақылдасып, саған лайықты қызмет таптык.
Біздің райполеводсоюзға бастық боп барасың.
-        Ағай, бармаймын.
-        Себебі?
-        Себебі шаруашылықты білмеймін.
-        Енді сені қайда жібереміз?
-        Қолымнан келетін іс беріңіз. Мұғалім
етіңіз.
-        Қазір мұғалімдік орын жок қой саған.
-        Болмаса болғанынша тосамын. Оған дейін
ауылыма барып жата тұрамын.
-        Әй, бала, қой, қиқарланба.
-        Жоқ, ағай, қоймаймын. Бұдан былай сіздің
қарамағыңызда қызмет істемеймін.
-        Е, бағанадан бері сонынды айтсаңшы одан
да, - деп Бердібаев дереу қабырғадағы телефонның құлағын бұрап жіберіп,
Бағовпен сөйлесті.
-        Момышұлы менде тұр. Жіберген жұмыстан
бас тартады. Сендердің қарамақтарыңда жұмыс істемеймін дейді. - Содан кейін ар
жағындағы адамның сөзін тындады. - Иә, солай етуіміз керек, - деп басын қайта-қайта
изеп, трубканы ілді.
Мен оның
«жіберген жұмыстан бас тартады, сендердің қарамақтарында жұмыс істемеймін» деп
айтады деп, қолма-қол менің сөзімді бұрып жеткізгеніне ыза боп тұрмын. «Неге
бас тартамын? Оны неге айтпайды? Сендердің емес, тек сіздің қарамағыңызда дедім
ғой. Оны неге бұрмалайды? Көріп, қасында тұрмаған айдаладағы біреуге,
шыбындаған аттай болып, бас изеуін өзінің» деп оған зығырданым қайнады.
-        Істемейсің ғой?
-        Шаруашылықты білмегендіктен райполеводсоюзға
бармаймын. Сіздің карамағыңызда қызмет істемеймін.
-        Ендеше, өз обалың өзіңе, балақай. Үш күн
тос. Үш күннен кейін ауылыңа қайтуыңа болады. Және жұрдай боп қайтатын боласың.
-        Ол не сөзіңіз?
-        Комсомолдан да, кәсіподақтан да шығасың.
Жаңа біз осылай келістік.
-        Қолынан келмейтін жұмысты істемеді
десеңіздер, шығарыңыздар.
Ертеңінде
комсомолдан да, кәсіподақтан да шығарылдым. Екі билеттен бірдей айрылдым.
Үшінші күні аудандык газетге: «Кетсін комсомолдан!» деген бірінің астына бірі
екі мақала басылды. Екеуі де маған арналды. Сөйтіп, абыройдан жұрдай болып,
ауылға қайт-
тым, карағым.
III
Бауыржан
«Қазақстан» сигаретінің пачкасына қолын созды. Ол темекі тартпақ боп жатқанда
мен Бауыржанның жақсы ұстазды жадынан шығармайтындығын, жаман бастығын жамсата
баяндайтындығын ойлап отырдым. "Ұстазын ұмытқан оңбайды деген қағидаға
берік Бауыржанның Панфиловты өмір бойы ұмытпай келе жатқанына таңғалдым.
Кейбіреулер басшысына, дос, жолдасына тірісінде жалбақтап жүргенімен, көзі
жұмылысымен көңілінен
шығарып қоя
береді. Өлгеннің өнегелі ісін ғибрат етіп отыру орнына, оның атын да ауыздарына
алмайды. Ал өліні қадірлемеген, тіріні құрметтемейді. Бауыржан бұл қағиданы
жақсы біледі. Жақсы білгендіктен де ол Панфиловтың 70 жасқа толу қарсаңында
шарқ ұрып, архивтерді ақтарып жүріп мәлімет жинап, қадірлі генералдың асыл
адамгершілігін көрсеткен тамаша кітап жазды.
- Сөйтіп, «басқа
пәле тілден» деген қазақ мақалының шын мәнісін мен ең алғаш рет сонда ұққан
болсам керек. Жай тентектігімнен бе, әлде болашақта жазушы болатындығымнан ба,
кім білсін, мен
сол жас кезімнің өзінде-ақ айналамдағы адамдарға теңеу тапқыш, оларды әр
нәрсеге ұқсатқыш едім. Қатар құрбыма мен қойған ат жеңге жұққан майлы бояудай
болып, жабысатын да қалатын.
Ауылға келсем:
«Бауыржан орнынан түсіп қалыпты. Комсомолдан шығарып жіберіпті» деген хабарды
естіп, әкем біржола шөгіп қалған екен. Үміт күткен көзінің нұрындай жалғыз
баласының жайы мұндай болған соң әке байғұс әлсіремегенде қайтсін. Әкенің
аянышты халін көрген соң менен де қауқар кете бастады. Оның жүдеу жүзіне қарап,
ашудың ащы іркітін сіміріп, үйде жата бергенмен жан семірмейтін болды. Мұңымды
тыңдап, мінімді
түзететін Ефимов
болса ауданнан жырақта, демалыста жатыр. Шырт-шырт үзілген шыдам шіркіннен ол
келгенше бір тұтам да қалатын емес. Ойлап-ойлап келгенде ауданға ана жолы келген
Сырғабеков ағай есіме түсті де, сол кісіге барып, бар мұңымды айтуға бел
байладым. Бар дүниесін балама деп жинайтын әкелер мейірімінде шек бар ма? Жәкем
(мен әкемді осылай деп атаушы едім) тағы екі қойын сатып, қаражат етіп қалтама
са-
лып берді.
    Алматыға келсем, әр жақтан келген жастардың
оқуға түсіп жатқан кезі екен. Шаруамды реттеп алып, оқуға түсіп кетсем жақсы
болар еді деген ойға келдім. Осы оймен Сырғабеков ағайдың кеңсесіне кірдім.
Нығмет ағай мені
қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба деп сұрады. Үй ішімнің, ел-жұртымның
амандығын білгеннен кейін:
-        Ал, қалкам, шаруанды айта бер, - деді.
-        Екі түрлі шаруамен келдім, ағай, - деп
аддымен өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді
өтіндім. Одан соң оқуға түскім келетінін білдірдім.
Сырғабеков менің
сөзімді ыждағатпен тындап алды да, маған бір ғана сұрақ қойды, жалғыз ғана
ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталып қалды.
-        Анау адамды неге кұрбақаға теңедің,
калқам? - деді Сырғабеков менің сөзімді әбден тындап болғаннан кейін.
-        Өзі кұрбақаға ұқсап тұрса, мен оны
кұрбақаға теңемегенде құдайға теңеймін бе, - дедім мен Жуалыда Бердібаевка
айтқанымды қайталап.
Нығмет ағай
бетіме карап отырды да, басын шайқады.
-        Ол кісі жаман-ақ адам шығар, қалқам.
Бірақ ол кісі сенен үлкен ғой. Үлкенді сыйлау керек еді ғой.
Мен ұялғанымнан
жерге кіріп кете жаздадым. Нығмет ағайдың «қалқамдап» отырып айтқан екі ауыз
сөзі маған ауданда көрген көресілерімнің бәрінен де ауыр боп тиді. Не дерімді
білмей, қып-қызыл болып отырып қалдым.
-        Сен әлі жассың ғой, қалқам, - деді ол
осыдан кейін. - Үлкенді сыйлағанның қадырын үлкейгенде білерсің. Жарайды,
жасыма. Өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары Қайсар Тәштитов деген
ағаң бар. Осыдан шыккан соң сол кісіге кір. Мен хабарлап қояйын, - деп
телефонын бұрай бастады. Тәштитовпен сөйлесіп болып, Сырғабеков қайтадан маған
қарады. - Жаның жүдемеу, жалының сөнбеу үшін, қалқам, Ленин бейнесі бар
билеттен айрылмауың керек. Алдымен комсомолдық билетінді
алып ал.
Сырғабековтың
алдынан әрі қызарып, әрі қанаттанып шықтым. Сол бетіммен ұшып отырып Тәштитовке
бардым. Ол бір ер көңіл, жайдары кісі екен.        
-        Үлкенді сыйлай алмағаның үшін Нықаң
сенің бетінді кызарттым деді. Енді мен кинамай-ақ қояйын. Бар да, билетінді
алып кел, - деп Жуалы аудандык комсомол комитетіне қағаз жазып берді,- Тез
орал, оқуға жолдаманы қайтып келген соң беремін.
Бұлай дейтіні ол
кезде жоғары оқу орнына түсетін жастарға жолдаманы Өлкелік комсомол комитеті
береді екен. Одан кейін, Нығмет ағайдың ақылы бойынша, Олкелік кәсіподақ
советінің бастығына бардым. Ол менің қалай кәсіподақ мүшесінен шығып қалғаным
жайлы әңгімені ішек-сілесі қата күліп отырып тындады. Менің кәсіподак билетімді
қайтарып беруді талап етіп, ауданға ол да қағаз жазып берді.
Сонымен, не
керек, кұстай самғап, қайтадан ауданға келдім. Тәштитовтың қолы қойылған
қағазды қолына ұстатқанымда аудандық комсомол комитеті секретарының көзі
шарасынан шығып кете жаздады. Ғафу өтініп, дереу билетімді қайтартып бердірді.
Кәсіподақ
билетім және қалтама түсті. Екі ұйымнан да есептен шығып,тура ауылға тарттым.
-        Жәке, - дедім әкемнің алдына барып. -
Міне комсомол билетім, міне кәсіподақ билетім.
Әкемнің
куанғанынан қолы қалтырап кетті. Үй ішіне өзімнің қалай Сырғабековке барғанымды,
одан соң Тәштитовке кіргенімді бәрін тегіс жырдай ғып баяндап бердім.
-        Е, қызынды... оларды осылай ету керек
қой! - деп мұны естігенде Момынқұл көкем біржола өркештеніп кетті. Кейіннен ол
ел ішінде қылдай қиянат көрсе: «Бұл қызталақтарды біздің Бауыржандай үйрету
керек» деп кез келген жерде күпілдеп шыға келетін болыпты.
Автор. Сіз
қандай адамдарды кадірлейсіз? Кандай адамдарды жек көресіз?
Бауыржан. Ардақты
ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін.
Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. «Бауке, мына сөзіңіз кұдайский, сіз данышпансыз»
деп көзге мақтап көлгірситін ініні жек керемін. Шын дос сыртыңнан мақтайды.
Сайқал ғана бетіңе қарап қылмындайды.
Әйелдің сайқалы
бірді ғана арбайды, әдебиет сайкалының мыңға зияны тиеді. Түсінікті ме саған?
IV
Екі-ұш күн үйде
болып, Жәкемнің көңілі жайланғаннан кейін тағы да Алматыға тарттым. Онда осы
күнгі Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты
болатын. Ректоры Санжар Аспандияров деген кісі еді. Өзі Халық Комиссары. Әліме
қарамай дәрігер боламын деп сол кісіге бардым. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын
бергізді. Алғашқы сабаққа бардым. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол институттан
қашып құтылдым.
Мәселе былай
болды.
Алғашқы сабақта
бәріміздің үстімізге халат кигізіп, подвалдағы үйге алып барды. Үйге кірісімен
жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықтым. Оларды көрісімен денем дір ете
қалды. Ертіп кірген дәрігер:
-        Бұның атын мәйітхана деп атайды.
Мұнда... - дей бергенде-ақ мен зыта жөнелдім. Есік алдына шығып, халатын
өткіздім де, институтты тастап қаштым. Артымнан жаңағы басы жок, аяғы жоқ тыр
жалаңаш өліктер тырақайлап қуып келе жатқандай көрінді. «Жок, оқусыз қалсам да
бұл институттың қарасын көрмеймін» дедім қашып бара жатып. Қанша қашсам да,
содан он жыл кейін өліктердің ортасын кешіп жүретінімді білмеппін ғой мен.
Автор. Сіз
шығармаларыңызды қай тілде жазасыз?
Бауыржан. Екі
тілде: орысша, қазақша. Екі тілде де менің шығармаларымның оқиғасы, өрмегі,
кейіпкері ортақ адамдар. Оны орысша жазғанда менің көз алдымда тек қана Иван,
қазақша жазғанымда тек қана Ілияс отырады. Мен олармен өз тілдерінде сөйлесемін.
       Содан Гоголь көшесін қуалап келе жатсам
бір үйдіңьалдында:
«Ауылшаруашылық институты»
деген жазу тұр. Қуанып кеттім. Осыған түсейін, агроном болайын деп ойладым.
Ректоры Ораз Жандосов екен. Осылай да осылай деп жайымды айттым.
-        Шырағым, - деді ректор, - жеті жылдык
біліммен институтқа түсе алмайсың. Осы институттың екі жылдык кешкі рабфагі
бар, соған түс. Халың калай, ақшаң бар ма?
- Жоқ.
-        Онда сен маған көмекші хатшы болып, бір
жағынан айлық ал.
Сөйтіп, бір
жағынан кешкі рабфакта оқып, бір жағынан Ораз ағаға көмекші хатшы болып үш-төрт
айдай жүрдім. Жандосов өте шешен, ақылды кісі еді. Кабинетінде көп болмайтын:
анда-мұнда шақырып, отырғызбайтын. Сондыктан мен сабағымды алаңсыз оқып, отыра
беретінмін.
Бір күні кешке
рабфактың оқу ісін меңгерушісі бірер сұрағына жауап бере алмағаным үшін маған
жатып кеп ұрысты. «Жандосов сияқты білімді адамның қасында отырып, сабақ
білмеуге ұялсаңшы. Және өзі жалақы алып оқиды. Жалақы алған студент оқушы ма
еді?» деп жерден алып, жерден салды.
Осыдан кейін мен
Ораз ағаға көрінуге ұялдым. «Өлімнен ұят күшті» деген емес пе, ол кісіге
айтпастан, рабфакты да, көмекшілікті де тастап, кеттім де калдым бір күні.
Әрине, сонын
бәрі жас кездегі
балалык, намыскерлік қой, қарағым.
Автор. Қазак
әдебиетінің әскери тақырыпқа жазылған туындылары туралы пікіріңіз қандай?
Бауыржан. Ол
туралы айтсам бәрің де өкпелеп қаласыңдар. Әскери тақырыпты біздің көпшілік
жазушыларымыз әлі түсінбейді. Түсінбейтіні тәжірибе, білімі жетпейді. Ал әскери
өмір күрделі, оның үстіне көктемдей құбылмалы өмір. Соңдықтан оның терең сырын
білу оңай емес. Адамның үйдегі психологиясы бір басқа да, соғыстағы
психологиясы мүлде өзгеше болады. Бұл екі жағдайдағы психологияның арасы жер
мен көктей. Әрине, соғыс-
та болмай-ақ,
суық окопта жатпай-ак, төбеден төнген бомбаның жанынды суырып алардай боп
шыңғырған даусын білмей-ақ, жаралы жер мен жаралы адамның ыңырсығанын
естімей-ак, дәрі мен қанның иісін иіскемей-ақ, үйде отырып-ақ әскери шығарма жазуға
болады. Ондай жазушыны, жалпы білімі болғанымен, соғыстан сауаты жоқ жазушы
дейміз. Ал өзі сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады. Ондай
кейіпкерлер, мысал үшін, Ұлы Отан соғысында қарсы келген жауды найзаға шаншып
алып, лақтыра береді, лақгыра береді. Ал оның адамды лақтырған жеріне сенің тас
лақтырсаң құлашың жетпейді. Бұл біздің асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің тәсілі.
Егер «Қобыланды батыр» жырын өзіміздің ең алғашкы әскери дастанымыз деп
есептесек, соны бірінші жырлап шығарған ақынның соғысқа қатыспаған жан екені
бесенеден белгілі болып тұрады. Ондағы соғыстардың бәрі де соғыс әмірінің
шындығынан аулак, алшақ жатады.
  Ал адам туралы ғылым кең өрістеген қазіргі
заманда әскер психологиясын ауыз әдебиетінің әдісімен бейнелеп, суреттеуге
болмайды. Соғыстан пәленбай мың шақырым жердегі алыста, туған үйінде отырып
жазған жазушы тұрғай, майданнан 250 километр алыста болған тыл офицері алдыңғы
шепте жүрген дивизия командирінің, ал майданнан он километр аулақ тұратын штаб
хатшысы алғы шепте жүрген жауынгердің психологиясын білмейді. Сондықтан олар өзі
бастан кешпеген ерлік пен батылдықты, үрей мен қорқынышты соғысқа қатынасқан
адам сенетіндей етіп суреттей алмайды.
Ондайлар тек
қана өздерінің оқығандарынан, естігендерінен, өз ойы ғана жеткен мөлшерден
қоспа жасайды. Қоспа дегеннің не екенін білесің бе? Қазақта осындай бір дәм
бар. Оны ірімшіктің, құрттың, тарының, бидайдың талқанынан жасайды. Бәрін
араластырып жіберіп, сары майға жаншады. Сонда одан аузына салғанда ірімшіктің
де, сықпа құрттың да, тарының да, талқанның да дәмі білініп тұрады. Бірақ ол
тары да емес, ірімшік те емес, небәрі қоспа ғана. Соғыс жайындағы әр кітаптың
әсерінен құралған шығарма да сондай болады. Сен зеңбірек командирі болдың,
артиллерияның кіші командирісің. Өзің ойлашы: жабық позициядан жау жаққа
дүңкілдетіп снаряд жолдап жатқан сен дәл сол сетте,
төбесінен сенің
жіберген снарядтарың ысқырып өтіп, окобының жиегін жау пулеметінің оғы инедей
шабақтап жатқан кездегі өзі бас болып жігіттерін атакаға көтеруге міндетті жаяу
әскер кіші командирінің психологиясын білесің бе? (Мен басымды шайқадым.)
Білмейсің. Білмеген соң оны жеткізіп айту қиын. Ал соғыстың философиясын,
солдаттың психологиясын жеткізіп керсете алмаған туынды әскери шығарма емес,
әшейін шатпырақ қана болады, қарағым. Сен де әксери такырыпқа жазып
жүргендердің бірісің. Көңіліңе келсе де менің сендердің шығармаларың жайында
айтар шындығым осы, шырағым.
-        Сонымен таңертең рабфактың есігін қатты
жауып кетсем де, жастықтың қызбалығымен бәрібір басқа күн көріс табармын десем
де, түс ауа-ақ тығырыкқа тіреле бастадым. Енді Сырғабековке де, Тәштитовке де
баруымның реті жоқ деп білдім. Сөйтіп,
салбырап көшеде
келе жатқанымда артымнан біреудің менің атымды атаған даусы естілді. Жалт
қарасам бұрын Жуалы аудандық атқару комитетінде өзіммен бірге қызмет істеген
Тимофей Терентьевич Дубовик деген кісі келе жатыр.
-        Айналайын-ау, өзің жеткізетін емессің ғой,-дейді
қолын ұсынып.
Екеуіміз шұрқырасып
табыстық. Ол маған бірден:
-        Жүр, екеуіміз алдымен бір жерден барып
тамақ ішейік. Менің күні бойы ас ішуге мұршам болған жоқ, - деп ұсыныс жасады.
Дубовик
жол-женекей менің хал-жайымды сұрады. Асханада отырғанда өзінің қазір Шымкентте
өнеркәсіп банкының басқарушысы болып қызмет істейтінін айтты. Менің
жай-жапсарыма әбден қанғаннан кейін ол мені Шымкентке қызметке шақырды. Мен
баскаратын банкке экономист боласың, - деді.
-        Болайын, - дедім мен. Ол жұмыс менің
қолымнан келе ме, келмей ме, онда шаруам жоқ тіпті.
-        Ендеше, сен осы сәттен бастап Шымкент
өнеркәсіп банкының қызметкерісің,- деді Дубовик қолын калтасына салып жатып,-
Мә, екі жүз сом акша. Бұл сенің әзірге алған авансың болып есептеледі. Мә,
мынау Шымкенттегі менің үйімнің әдірісі. Қазір поезға мініп жүріп кет те, тура
біздікіне барып тұр. Екі-үш күннен соң артыңнан мен де жетемін.
           Бұл өзі 1931 жылдың бас кезі
болатын. Менің маңғазданып, бұлданарлық жайым жоқ еді. Асханадан шығысымен
вокзалға бардым да, билет алып, бірден Шымкент тарттым.
Автор. Сіз
«Біздің семья» кітабыңызды қашан жаздыңыз? Оны қазақша шығартпайсыз ба?
Бауыржан. Бұл
кітапты мен 1947 жылы Бас штабта оқып жүрген кезімде жаздым. 15 күнде бітірдім.
Оны қазақ тілінде шығармаймын. Өйткені ол тек қана орыс оқырмандарына арналып жазылған
дүние.
Автор. Бұл
кітабыңыздың жалғасы жоқ па?
Бауыржан. Бар,
жазулы дайын тұр. Орыс тілінде. Баспаға ұсынғамын жоқ. Өзің өлгеннен кейін де
бір нәрселеріңнің жариялануы керек шығар.
-        Ал сонымен мен Шымкент келейін. Менің
артымнан астанадағы жұмысын бітіріп, Дубовик те қайтып оралды. Келісімен ол: «Б.
Момышұлы Шымкент өнеркәсіп банкының экономисі болып тағайындалсын» деген бұйрық
жазып, қолын қойды да, Корнеев
деген аға
экономисті шақыртты.
-        Мына жігітті экономист етіп
тағайындадық,-деді Корнеевке мені таныстырып.     
-        Арнаулы білімі бар ма? - деп сұрады
Корнеев.
-        Жоқ.
-        Ендеше қате жасағансыз, - деді Корнеев
Дубовикке. - Арнаулы білімі барлар да экономистікке жарамай жатады. Мен бұлай етуіңізге
кеңес бермеймін. Өзіңіздің де арнаулы біліміңіз жоқ, күйіп кетесіз.
-        Мен бұйрыққа қол қойдым, - деді Дубовик
даусын көтермей жай сөйлеп.- Енді оны өзгертпеймін. Мен бұл жігіттің қабілетті
екенін білемін, үйретеміз, алып кетеді.
-        Онда өзіңіз үйретерсіз. Мен оқыта
алмаспын.
-        Жоқ, сіз үйретесіз,- деді Дубовик тағы
да даусын көтерместен,- Сіз мені де, мұны да үйретесіз, үйретуге міндеттісіз.
Біз білмейміз, ал сіз ескі мамансыз.
-        Маманмын, бірақ мұғалім емеспін.
-        Мұғалім болу ниетке байланысты. Біздің
ортақ ісімізге адамдар мен мамандардың адал ниеті қажет.
Корнеев үндей
алмай қалды. Алғашында осқырынып жүргенімен, артынан ол ептеп маған үйрете
бастады. Оның тапсырмаларын мен бұлжытпай орындай бердім. Карт маған бірте-
бірте жібіп, жұмсара
түсті.
-        Мына жігітімізден бірдеңе шығатын түрі
бар, - деді ол бір күні Дубовикке. - Арнаулы білімі болмаса да, ықыласы күшті екен.
Арнаулы білімім
болмаса да экономист боп бір жыл қызмет істедім.
Автор. Қазір не
жазып жатырсыз?
Бауыржан. Қазір
жазғанымды айтуға аузым бармай отыр. Бір нәрсені бітірдім. Оны жазып жүргеніме
3-4 жылдан асып кетті. Көлемі 350-400 беттей болды. Бұл нәрсенің шартты аты «Последние
дни войны, последние дни солдата». Өзін өте қиналып жаздым. Оттан алған
қып-қызыл темірді ұсталар төске салып соғып-соғып, қажетті пішінге келтірген соң
шыж еткізіп суға тастай салмай ма? Сол сияқты жазғанымды «суыту» үшін біраз
уақыт тығып
тастадым да,
содан соң «Арасан-Капалға» апарып, бір жарым ай қайтадан қарап шықтым. Шынымды
айтсам оны өзім әлі де шикілеу дүние деп таптым. Мұндай үлкен тақырыпқа ондай
шала нәрсемен көрінуге болмайды деп түйдім. Қайта жазуым керек деген қоры-
тындыға келдім. Демалып,
денсаулығымды түзеп, сәл есімді жинаған соң бұған қайта отырамын. Мұның қалай
сәті түседі, білмеймін. Шала туып, тымаққа салып, керегенің басына іліп қойған
баладай болып, осы менің қол-аяғымды буып отыр. Оны тастап ешқайда кете
алмайсың, жаңа нәрсеге және кірісе алмайсың. Осы кітабымды түбегейлеп, түптеп,
оқушы қолына беріп кетсем арманым болмас еді деп те ойлаймын, карағым.
-1932 жылы
ноябрьде мені военкоматқа шақырды. Жиналған жігіттерді тыр жалаңаштандырып,
дәрігерлердің алдынан өткізіп жатыр. Біреу сыртты, біреу ішті, біреу тісті
қарап, тақия жүгіртпек ойнағандай, дәрігерден дәрігерге қарай сырғып келе
жатырмыз.
Менімен
Иманәлиев деген бір жігіт қатар кірген еді. Алғашында сап-сау жігіт комиссияға
кіргенде біресе ішім, біресе тісім деп, өп-өтірік қиналды да қалды. Көз
дәрігерінің алдына келгенде жұдырықгай әріптерді көрмеймін деп, көпе-көрінеу
өтірік соқты. Мен дәрігерлерге денсаулығымның жақсы екенін айтып, әріптердің
бәрін заулатып оқып бердім.
Ең соңында
комиссардың алдына жаңағы Иманәлиев екеуіміз тағы да қатар бардық.
-        Өзіңіз айтқаныңызбен денсаулығыңыздан
әскерге баруға бөгет боларлықтай ақау табылған жоқ, - деді комиссар ана жігітке.
- Сізді әскерге алуға болар еді. Бірақ өзіңіздің барғыңыз келмейтін сияқты. Біз
әскерге өз еркімен барғысы келгендерді ғана аламыз.
Иманәлиев басын
изеп шығып кетті.
-Сіздің де
денсаулығыңыз жарамды, - деді комиссар маған. - Бірақ қарт кісінің жалғыз
баласы болғандықтан, сізге берілетін жеңілдік бар. Егер әскерге барғыңыз
келмесе, сізді де қалдыруға болады.
       Бармаймын
деуге менің аузым бармады.
-        Барамын, алыңыздар, - дедім комиссарға.
Ертеңінде үйге мынадай қағаз келді:
Келу картасы №20
Азамат Момышұлы
Шымкент шақыру комиссиясының ұйғарымы бойынша әскерге жарамды деп танылып, 8
командаға тіркелді. Сол себепті ол 1932 жылдың 7 ноябрінде сағат 7-де Шымкент
қорғанына келуге міндетті.
Комиссия
председателі (Қол қойған).
Іс жургізуші (Қол
қойған).
(Мөр басылған).
Автор.
Кітаптарыңыз неше рет басылып шықты? Кандай тілдерге аударылды?
Бауыржан.
Кітаптарымның күні бүгінге дейінгі тиражы бір миллион данадан асты. Олардың
жеке тараулары чех, поляк, испан, француз, ағылшын тілдерінде басылып шықты. Толығырақ
болып өзбекшеге аударылды.
-        Әскери қызметті мен Термезде өтедім. Қызыл
әскер болдым. Жауынгер қатарында тапсырма орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына
іліндім. Полкымыздың командирі Дмитрий Коваленко деген кісі еді. Бір күні
стрельбищеде болған жаттығуда сол кісінің
көзіне түстім.
Алғашкы әскери ұстазым Николай Редин деген кісі күні бүгінге дейін көз алдымда.
Бұл жайында мен «Помкомвзвод Николай Редин» деген әңгімемде жаздым. Оны
кітаптан оқып ал.
       Мен ол әңгімені оқығанмын. Бауыржан
Момышұлының 1962 жылы шыкқан «За нами Москва» кітабының ең соңғы беттері нақ сол
әңгімемен аяқталады. Бауыржан ұзын, етсіз саусақтарымен мұртының екі жақ
шалғайын кезек сипап, сәл тыныс алған осы бір сәтте сол әңгімені есіме алдым.
     Әңгіменін бас жағында Николай Рединің жас
қызыл әскер Момышұлын калай үйреткені, оны қалай мергендікке баулығаны
баяндалады. Дивизия тексеруге Буденныйдың орынбасары генерал Когосов келгенде,
қызыл әскер Шылымылының (Момышұлының) үш минутта отыз екі оқ шығарып, оның
жиырма екісін нысанаға тигізгені, осы шапшандығы
және мергендігі
үшін генералдың Бауыржан мен оның ұстазы Николай Рединге алғыс жариялағаны
айтылады. Ұтаз бен шәкірт сыдан он жылдан аса кейін Ұлы Отан cоғысының
майданында кездеседі. Бұл кезде Бауыржан Момышұлы дивизия командирі де, Николай
Васильевич Редин сол дивизияға қарасты танкке қарсы қолданылатын артиллерия
дивизионында взвод командирі. Бірақ Бауыржан алғашында бұрынғы ұстазының өз
қарамағында қызмет ететінін білмейді. Тек бір ұрыста Редин есімді артиллеристің
бес танк жойғанын естіп, сол адаммен танысқысы, жүздескісі келеді. Ол
Бауыржанның бірінші ұстазы Николай Рединнің өзі болып шығады. Содан кейінгі
ұрыстардың бірінде ауыр жараланған Редин Бауыржанның көз алдында қаза табады.
Әңгіме былай аяқталады:
«...Телефон
шырылдады.
-        Жолдас полковник, - деді таныс емес әйел
даусы, - мен дәрігермін. Ғафу етуіңізді сұраймын. Бізге жаңа ғана старшина Рединді
алып келді, жарасы өте ауыр...
Мен дереу
медсанбатқа жеттім. Зембілде жатқан Николай Васильевичтің жүдеу жүзі құп-қу
болып кетіпті. Палатадан қан мен қарағай қылқанының иісі мүңкиді. Мен келіп
кіргенде, Редин қарманып орнынан тұрмақ болды.
-        Бауыржан! - деді ол маған. - Келіп қалдың
ба? Көрмейсің бе, немістердің омыртқамды омырып жібергенін... Комдив келгенде
орнымнан да тұра алмай калдым!.. Бұдан өткен өкініш бола ма, Бауыржан. Сен
менің мұнымды ғафу ет, қалқам...
-        О недегеніңіз, Николай Васильевич, о не
дегеніңіз, қымбаттым, тұрудың керегі не! Ұстаздығың үшін, қызметің үшін көп рақмет
саған, Николай Васильевич! Рақмет саған, қымбаттым!
        Ол көзін ашып, сұп-суық боп мұздап бара
жатқан қолын ұсынды да, даусы естілер-естілмес болып былай деді:
-        Сен солай дейсің бе?.. Совет Одағына қызмет
етемін! - Бұл оның ең соңғы сөзі болды.
        Мен оны құшағыма алып, еңіреп қоя
бердім.
Менің алғашқы
ұстазым, тұңғыш командирім Николай Васильевич Редин осылай дүниеден қайтты».
Автор. Сіз жайында
ел ішінде айтылатын аңыз орасан көп. Қазіргі жазба әдебиеттің заманында ауыз
әдебиетініңде кейіпкері болып жүрген екі-үш адам бар. Олар: С. Мұқанов, Б.
Момышұлы және С. Жанбаев. Өзіңіз туралы етек алып кеткен сол аңыздар жайында не
айтар едіңіз.
Бауыржан. Мен
өмірімде екі түрлі аңызды басымнан кешірдім. Бір кезде мені жер-көкке сыйғызбай
аңызға айналдыра мақтады. Кейінгі кезде әркімдер аңызға айналдыра жамандады.
Мақтады деп тасқамын жок, жамандады деп жасығамын жоқ. Қара қылды
қақ жарғанды
мақтайды да, боқтайды да ғой, қарағым.
V
Автор.
Жазушылыққа шындап қашан бет бұрдыңыз?
Бауыржан. Партия
мен үкімет әскерде көп қызмет істедің, демал деп, айына екі жүз сом пенсия
тағайындап, ауылыма қайтарды. Елге келгеннен кейін екі қолым алдыма сыймады.
Қызметке тұрайын десем, мамандығым жоқ. Қалай дәрігер, агроном бола алмағанымды
жоғарыда айттым. Мамандығым болмаған соң маған жұмыс бер деп ешкімге айта
алмадым. Қарап жүруге тағы да болмады. Аз болсын, көп болсын біраз өмір
сүріппін. Сол өмірде
көргендерім де
аз емес екен. Айтсам арттағыларға ғибрат боларлық та жайлар жеткілікті сияқты.
Білім де, тәжірибе де, оларды айтып беруге тіл де баршылық. Қазақта: «Сайтан
өлмейді, адам өледі» деген нақыл бар. Ендеше, ерте ме, кеш пе, мен де сол өлетіндердің
бірімін. Осыларды ойлап отырдым да бір күні: «Менің білімімнің, тәжірибемнің,
әй, құдай біледі, ана дүниеге керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде
көрген-білгенімді жастарға айтып кетейін» деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына
кірістім. Өзім көрген асыл азаматтар өнегесін, өз тәжірибемді өсіп келе жатқан
ұрпаққа үлгі етіп қалдыруды адамгершілік парызым деп білдім. Жазушылыққа осылай
бет бұрдым.
       Сөйтіп, бір жыл өтті. Мен әскери
борышымның мерзімін өтеп болдым. Осы кезде Коваленко маған взвод командирі
болып әскерде қалсаң қайтеді деген ұсыныс айтты.
-        Кәрі әкенің жалғыз баласы едім,-дедім
мен оған. - Қатардағы қызыл әскер ретінде парызымды өтедім ғой. Өмір бойы әскери
адам болсам деп ойлаған кісі емеспін. Сондықтан мені елге қайтаруыңызды
өтінемін.
Коваленко қарсы
болған жоқ. Қыс түсе мен әскерден босап, елге қайттым.
Автор. Сіз өзіңіздің
мақал, мәтелдеріңізді қалай шығардыңыз?
Бауыржан. Мақал,
мәтел - өмір тәжірибесі. Қиналған, қысылған сәттерің мен шақтарың бар, сол
қысылшаң кезден қалай құтылғаныңды оймен өрнектеп, сөзбен кестелесең, тұжырып
қысқа бейнелесең нақылға айналады. Қол астында пәлендей мың солдат болып, оның
пәлендей семьясының тағдыры және сенің мойныңда болса, ойланбай отыра алмайсың.
Сонымен бірге солдаты өлімге жұмсау да оңай емес. Қарамағымдағы жауынгерлер
маған тек бағынышты ғана болған жок. Олардың ішінде ақылгөйлері де
көп болды. Кейде
солардың ауыздарынан маржандай асыл сөздер атқылап жатады. Мен елден
естігенімді оймен елеп, екшей бердім. Екшегенімді ерінбей қағазға түсірдім.
Автор. Сіздің
сол көп нақылдарыңыз ішінде әсіресе өткірі, уыттысы «Бақаның бағынан сұңқардың
соры артық» деген мақалыңыз қалай туып еді?
Бауыржан. Жақсы
командир жауынгерін зор етеді. Жаман командир офицерін қор етеді. Генерал
Панфилов қайтыс болғаннан кейін аз уақыт болса да осындай бір командирге тап
болдық та, ол бүкіл дивизияның берекесін алды. Сондай бір қысылғанда ауыздан
шыққан сөз ғой бұл, қарағым.
     Мен қақпайлағанмен Баукең өзі нысана тұтқан
желісінен ауытқысы келмейді білем, өз арнасына қайта түсе жөнеледі.
-        Сонымен 1933 жылдың аяғында, қақаған
қыста, шинелімнің екі етегі делеңдеп, шлемімнің екі құлағы салпаңдап, Бурныйға тоқтаған
поездан дік етіп жерге түстім. Поезда келе жатқанда Тайганың алдан қашқан ақ түлкісінің
құйрығындай жеп-жеңіл, жұпжұмсақ сияқтанып, дала бетінде бұлаңдап тұрған
боранның жерге түскенде екпіні ер жігітті алып соғардай қатты екен. Маңдайында
қызыл жұлдызы жарқыраған шошақ шлемнің екі құлағын
иегіме қамзау
етіп байладым да, алдымен ауыл жаққа қарадым.
     Ауыл көрінбейді. Мынау сансыз ақ түлкінің
құйрығындай бұлаңдаған ақ түтектердің ар жағында, төрт-бес шақырым жерде ғана тұр.
«Жүр-жүрлеп!» жүректі сағыныш жетелейді. «Сабыр, сабыр!» деп санам
тартпақтайды. Жас адамға жүрек - би. Сана билейтін шар тартқан кез емес еді ғой
ол. Сақылдаған аяз, соғып тұрған боранға қарамастан: «Қайдасың, аяулым, ауылым?
Қайдасың, ата-ана, бауырым?!»-деп, Мыңбұлақты бетке алып, жүрдім де кеттім.
       Боран менің кеудемнен соғады, мен оны
кері итеремін. Екеуіміз теке тіреспен келеміз. «Айналайын даламның ақ бораны! Бауыржан
әскерде қандай азамат болды екен деп сынағың келетін болар сенің. Сына! Ал
аяғымнан! Күрес менімен. Бәрібір Бауыржан сенің
қиқағыңа
көнбейді!» деймін өз-өзімнен күбірлеп.
        Сөйтіп, Евгеньевканың тұсына жеттім.
Жол селоға соқпай, сыртымен өтетін еді. Бала күнімде көшесінде талай рет асыр
салған село көзіме жылы ұшырап кетті. «Евгеньевка, амансың ба, ей?» дедім бар
даусыммен айқайлап. Менің аузымнан шыққан айқайды боран ала қашып,
естіртпеді-ау деймін, сірә, мұржалары қиқиып, шатырлары тоңған торғайдың
қанатындай қобырап тұрған село бері қарай жүрмей, ары қарай алыстаған сияқтанып,
көзімнен ғайып болды. Тағы да аз-маз тұрдым. Боран сәл толастап, село қайта
көрінді. Көзіммен Гончаровтардың үйін іздеп таптым да:
«Әй, Василь, не
істеп отырсың?» деп тағы бір саңқ етіп, қайтадан ауылыма қарай аяңдадым.
Бір кезде қар
ойылып кетіп, белден келер тереңге гүмп еттім. Мыңбұлаққа жеткенімді сонда ғана
білдім. Өйткені біздің ауылымыздың айналасы сансыз бұлақ болатын. Сондықтан да
ол жер Мыңбұлақ атанған. Ол бұлақтардың суы қыста қатпайтын, жылы болатын. Осындай
боран соғып тұрғанда бетін қар бүркеп қалғаны болмаса, боран басылысымен
бұлақтар бетін ашып, бойларынан буы бұрқырап жататын. Сейтсем мен сол
бұлақтарға келіп
сүрінген
екенмін.
          Ит үрді. Мыңбұлақтың босағасына
жеткенімді енді тіпті айқын сездім. Сартылдатып қақпаны қақкан түнгі жолаушыдай
болып, жұдырықтай жүрегім кеудемді ұрғылады. Бірақ бір таңғалғаным бұрын ауылда
бір ит үрсе, дереу оған екіншісі қостап, шәңкілдеп үшіншісі, маңқылдап төртіншісі
қосылып шыға келетін еді. Сөйтіп, ит үнінің ансамблі туатын еді. Сонда маған
біріне-бірі үн қосу жағынан иттен ұйымшыл еш хайуан жоқ шығар деген ой
келетін. Енді міне,
тарқаған ансамбльден қалған жалғыз әншідей болып, жалғыз ит қана шәуілдейді.
Автор. Ең жақсы
көретін ұлттық тамағыңыз не?
Бауыржан.
Быламық пен ботқа, тары көже, күріш көже, сұлы көже, бір сөзбен айтқанда көжелер.
Бұлардың бәрі менің «ашаршылықта жеген құйқадай» аузымда дәмі мәңгі қалған
астар. Қазір біреу «ашыған бидай көже» деген сөзді аузына алса, мен арақ көрген
алкоголиктей болып, өз-өзімнен тамсана бастаймын.
-        Боранды күндері ауыл үйлерінің есігі
бекітулі болады. Бұйығып әркім өз отының басында отырады. Ондайда кезеген аяқ
қыдырмашылар да қыбыр ете алмайды. Міне, осындай сәттің бірінде, кешке таман,
бораннан бұғып, Жуалының бауырына тығыла жым-жырт боп жатқан ауылыма келдім.
Үстін жым-жылас етіп қар басқан, жым-жырт ауылым маған жайнаған жәрмеңкедей боп
көрінді сол сәтте.
          Біздің үйдің қақпасы бекітулі екен. Жүгіріп
отырып, үй сыртындағы қар басқан терезеге бардым. Бетімді суық шыныға тақап тұрып
әкеме дыбыс бердім.
-        Бұл кім? - деп жалғыз ұлын сағынып,
елегізіп отырған әкем терезе алдына келді.
-        Жәке, мен ғой! - дедім даусым балапандай
шар ете түсіп.
-        Әй, Айқан, етігім кайда? - деген әке
даусын және естідім.
      Содан соң шинелімнің Мыңбұлақтың суына
малынып, сауыс боп қатып қалған екі етегімен омбы қарды сызып, асыға қақпаға
қарай жүгірдім.
       Алыстан аңсап келгенде туған үйіңнің
есігін алдыңнан шығып әкең ашқан қандай ғанибет десеңші, шіркін! Екі аяғын
қоңылтаяқ етікке сұға салып, көйлек-дамбалшаң, жалаң бас жүгіре шыққан, көзінен
ыстық жасы сақалына моншақтаған сол сәтгегі әке суреті
жүрегімде мәңгі
сақталып қалды.
        Әкемнің асырап алған Бегімше деген қызы
болушы еді. Есік ашуға сол қоса жүгірген екен. Әкем мені құшақтап, мауқын басқаннан
кейін Бегімшені көкемдердікіне жұмсады.
-        Бар, Бауыржан келді деп хабарла! - деді.
Жәкемнің
жүрегінде қаншама маған деген сағыныш, мақтаныш, үміт жатқанын мен сонда ғана
аңғардым. Бірақ мен әкемнің кәрі жүрегін сыздаткан сағынышын сәл басқанмен,
аталық асыл мақтанышын ол кезде ауыл төңірегінен асыра алмадым. Үмітін
үлбіретіп көзі тірісінде қолына ұстата алмадым.
VI
Автор.
Арғы-бергі әнші, композиторлардан кімді ерекше бағалайсыз? Ән мен күйден аса
ұнататындарыңыз қайсылары?
Бауыржан. Тоқтай
тұрғын. Мен ойымды аяқтағамын жоқ әлі...
        Не дедім мен? Иә, үмітін үлбіретіп көзі
тірісінде алақанына апарып қондыра алмадым. Өзіңе өмір берген асыл ата-анаңның қасиетті
қарызын өздерінің алдында өтей алмай өту де арман екен-ау, қарағым. Олар: бізге
қарызыңды өзіңнің парызыңа айналдырып, біздің немерелерімізге бер деп қайырылмастан
кете береді екен ғой жарықтықтар. Ал немере дегендері сенің асыл борышыңды
иесіне адал өтегеніңді білсе жақсы, білмесе жаныңа
жамау ғой ол да
бір. Әркімнің өз қарызын өзіне өтегенге не жетсін өмірде! Алғаныңды ақы иесіне
қайыру да ғанибет қой, қарағым.
       Ал жаңағы сұрағыңды қайтадан қойғын.
Автор.
Арғы-бергі әнші, композиторлардан кімді ерекше бағалайсыз? Ән мен күйден аса
ұнататындарыңыз қайсылары?
Бауыржан. (Аз
ойланып алды.) Бұрынғы классик күйші, ардагер әншілердің бәрін де ұнатамын. Ал
қазіргі әнші, композиторлардан көпшілігін жоғары бағаламаймын. Өйткені кейбір
әншілер қазақ әнінің әуенін бұзып, үнін өзгертіп, қазақтың тілін тұтықтырып, сөзін
сындырып айтады.
     Осыдан кейін домбыра шерткен сияқтанып,
сол қолын көтере ұстап, оң қолын сермеп, сөзін айқын етіп, «Қаракесекті»
әндетіп шықты.
Сұрасаң руымды
Қаракесек,
Досымнан
дұшпаным көп қылған өсек.
Дұшпанның қуғындаған
жаласынан,
Жатқаным қу
карағай болып төсек.
Міндім де қаракөкпен
жылыстадым,
Бардым да
Қараөткелге жыл қыстадым...
-        Бұл нағыз ән ғой? - деді Бауыржан маған
басын изеп.
-        Ән.
-        Қандай ән?
-        Жақсы ән.
-        Жақсы дейді ғой, - деді ол қабағын
шытып. - Трагедиялық ән емес пе?
-        Иә, қасіретті, қайғылы ән.
-        Ендеше осы күнгі әншілер бұл әнді былай
етіп айтады:
Сұрасаң аруымды
Қора-кисек,
Досымнан
дұшпаным куп кылған осек.
Миндим де қоракукпен
жылыстадым,
Бардым да
Қарауткелге жылқы ұстадым...
Бауыржан осылай,
өлеңнің алғашқы түсінікті сөздерін адам ұқпастай етіп өзгертіп, көзін ойнақыландырып,
ырғаңдап, селкілдеп отырып, қайтадан әндетіп шықты.
-        Міне, көрдің бе, кейбір әншілер қайғыны
биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жібереді. Ендеше, мен
неге ондай әншілерді жақсы керуге тиіспін?.. А?..
      Осылай деп ол маған ежірейе қарап, қатты
ақырып қалды. Осы кезде ана жақтан әйелі жүгіріп келіп, есікті ашып жіберді де,
жапалақтап менің бетіме қарады. Тегі Баукең екеуіміз бірдеңеге шатақтасып қалды
ма деп сасқалақтап келгенге ұксайды.
-        Бауыржан, немене, мені шақырдың ба? -
деді одан соң күйеуіне бетін бұрып.
-        Әй, жапқын есікті! - деп Бауыржан
әйеліне қолын бір-ақ сілтеді.
Кәмәш есікті
жауып, кетіп калды. Сәл үнсіз түксиіп отырды да, Бауыржан сөзін қайтадан
жалғады.
-        Мен бұрын Күләш марқұмның әндерін көзім
жасаурап отырып тындайтын едім. Қазір Бибігүл ән айтқанда үнсіз егілемін. Ертеде
қазақтың классикалык әндері тек еркек әншілердің ғана аузымен тараған еді. Қазіргі
классикалық әндер әйел әншілеріміздің көмейіне ұялаған... Иә, жаңа қай жерге
тоқтап едім?
-        Момынқұл көкем мен Саракүл жеңешем келді
жүгіріп. Біздің үйдің іші лезде мәре-сәре болды да қалды аяқ астынан. Бұрын
үйіміз едәуір мүлікті болушы еді. Ертеңінде айналама көз салсам төрдегі жүк те,
төсектегі жиһаз да жұтаң тартып кетіпті.
Солардың бәрі
тамаққа жұмсалыпты. Мен келген күні біздің үйде небәрі бір пұттай ғана ұн
қалған екен. Сол азғантай ұннан күн сайын бір уыстап алып, быламық істеп күн көріп
отырса керек.
          Бір үйлі жанның қыстан шығар бар
үміті соған тіреліпті. Үйдің осы жайын көргеннен кейін, келген бетте суық тиіп,
ауырыңқырап қалғаныма да қарамастан 2-3 күннен кейін Шымкентке тарттым.
             Алдымен өзімнің ескі ұям-өнеркәсіп
банкысына бардым. Барсам Дубовик әлі сонда екен. Оны көріп мен қуанып, мені
танып ол шаттанып, екеуіміз мәз-мейрам болдық.
-        Әскерден келдің ғой?
- Әскерден.
-        Арнап маған келіп тұрсың ғой?
-        Иә, сізге, Тимофей Терентьевич.
-        Бірге қызмет істейміз ғой?
-        Істейміз. Мен әзірмін.
Бұрынғы Корнеев
ақсақал кетіп қалған екен де, онын орнына аға экономист болып, Догалин деген
кісі келіпті. Бас бухгалтер болып сақал-шашы әппақ қудай Бурмистров деген шал
отырыпты. Дубовик мені оларға таныстырды.
-        Біздің бұрынғы қызметкеріміз. Әскерге
барып келді. Мұны қайтадан қызметке аламыз, - деді ол.
Дубовик мені
жалақысы жоғары деп кен істері жөніндегі аға экономист етіп тағайындады.
Бұйрықтың екінші пунктіне маған көшіп-қону қаражаты босатылсын және 30 сом
жәрдем жасалсын деп және қосты. Бухгалтерге есептеттіріп, барлығы 110 сом ақшаны
қолыма ұстаттырды да:
-        Ал, Бауыржан, осы қазір үйіңе жөнел, -
деді Дубовик. - Мына ақшаның жартысынан көбін қарттарға бер. Сен он бес күннен
кейін тағы да жалакы аласың. Өзіңе сол жетеді. 2-3 күн үйіңде аунап-қунап, жұмысқа
біржола көшіп кел.
         Тек әке ғана жасайтын жақсылықты
Дубовик маған тағы да жасады. Шинелімнің екі етегі делеңдеп тағы да ауылға
жеттім.
-        Оу, неғып тез келіп қалдың? - деп
үйдегілер үрпиісіп қалды.
-        Қызметке тұрдым, - дедім мен жайрандап.
-        Калай тез болды? - деп танданысты бәрі.
Мен Дубовиктің жасаған жаксылығын айттым.
-        Біздің Бауыржанның жұлдызы орысқа
жүреді, - деп Момынқұл көкем желпініп-желпініп жіберді.
Мен әкемнің
алдына ақшамды жайып тастап:
-        Жәке, керегінше алыңыз, - дедім масайрап.
Әкем санап отырып жиырма сомын ғана алды.
-        Жоқ, жартысынан көбін алыңыз, - дедім
Дубовик айтқандай.
-        Әй, шырағым, біз үйдегі адамбыз, сен
түздегі жансың. Бізге осы да жетеді, елмен қатар күн көреміз. Жырақта жүріп,
өзің қиналып калма, қарағым.
-        Жок, бастығым сізге алпыс сом алсын деп
айтқан, - дедім де, әкеме тағы қырық сомын қосып бердім.
VII
Автор. Сіз домбыра
тартасыз ба, қобыз шаласыз ба?
Бауыржан. Жок,
екеуін де білмеймін. Тек пианино, рояльда ойнаймын.
Автор. Қазақтың
қандай ұлттық дәстүр, қасиеттерін жақсы көресіз?
Бауыржан.
Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Өйткені, бұл тек коммунистік қоғамның
мүшелеріне ғана тән қасиет. Қазақтың досқа деген мейірбандығын ұнатамын. Мұнда
халықтар достығы мен пролетарлык интернационализмнің асыл ұрығы жатыр. Қазақтың
қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың касиетті сезімі
сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп,
ізет істейтін
сыпайылығын
сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары алдындағы
перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл - адамгершілік негізі. Жас
семьядағы жарастықты жаным сүйеді. Бұл - семья - мемлекеттің қауіпсіздігінің
негізі. Кәрі-жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын. Бұл - жан-жақты
өркендетудің сипаты. Әке мен баланың, ағайын арасының ұйымшылдығын ұнатамын.
Бұл - мемлекеттік
бірліктің басы.
Тағысын тағылар. Социалистік өмірімізге жарасымды дәстүр, қасиеттердің бәрін де
жаксы көремін, қарағым.
Автор. Рақмет,
Бауке. Енді Сіз Мыңбұлақтан Шымкентке қайтатын шығарсыз?
Бауыржан. Үйде
екі-үш күн болып, кайтадан Шымкентке келдім. Дубовик өзің келгенше саған бөлме
дайындаттырып қоямын деп еді. Ол сөзінде тұрыпты. Маған деп әзірлетгірген оңаша
бөлмеге бастығымның өзі бастап келді. Соқа басты жігітке шағын бөлменің өзі
даладай болып көрінеді екен. Үстімдегі шинелімнен басқа не астыға салар, не
басқа жастанар ештеңем жоқ. Жапанға шыққан жалғыз ағаштай болып, бөлменің ортасында
сойдидым да қалдым.
- Саспа, - деді
Дубовик менің қысылып тұрғанымды аңғарып. - Қазір саған Борис бауырың матрац,
жастық, көрпе әкеліп береді. Өзің төсек-орын сатып алғанша, соны лаждай
тұрарсың.
       Тимофей Терентьевич аузын жияр-жимаста
болған жок, есіктен бір матрацты кетеріп Борис кіріп келді. Оның артынан бір
жастық пен көрпе кұшақтап Дубовиктің әйелі енді. Әкем, шешем, інімдей болып
қамқорлык жасаған осы бір тамаша семьяның жан жылуы өмір бойы менің жүрегімде қалды.
Дубовик сол кезде елуге тақаған кісі еді. Тегі ойлаймын, ол Москва, Ленинград
сияқты үлкен қалалардан үлгі, өнеге тарата келген ескі қарт большевик-
тердің бірі
болуы керек. Мұндай мейірім большевиктердің ғана қанына сіңген қасиет кой.
Автор. Александр
Бекпен қалай таныстыңыз?
Бауыржан. Оны
Бектен сұрағын.
        Мен оны Бектен де «сұраған» болатынмын.
Бірақ Бек маған жарытып жауап бермеген. Оның 1968 жылы шыққан «Почтовая проза»
дейтін кітабының алғашқы беттерінің бірінде кішкентай ғана төрт абзац бар. Сонда
Бек 1942 жылдың басында Старая Руссаның түбінде тұрған Панфилөв дивизиясын
іздеп барғанын, генерал Панфилов жайында материал жинағанын айтады. Екінші орталық
кейіпкерім - Бауыржан Момышұлын да өмірдің өзінен алдым; оның полкында бір
айдай болып, марттың бас кезінде кейін қайттым. Кетерімде полк комиссары
Логвиненко мені шығарып салып тұрып:
- Сіз қыранның
ұясында болдыңыз. Байқаңыз, сары ауыз балапан болып қап жүрмеңіз, -деп еді.
Осы сәз әрқашан
да ойымда жүрді. Повестке кіріспес бұрын панфиловшыларға тағы да 5-6 рет барып
қайттым. Содан кейін барып повесті жазуға отырдым дейді. Бектің маған бар
«айтқаны» осы ғана болатын.
           Бұл таныстық жайын Бектен гөрі
Александр Кривицкий 1964 жылы шыққан «Ұмытпан мәңгі» деген кітабында әлдеқайда
толық етіп баяндаған еді. Мен соны есіме алдым. Кривицкий кітабының «Москва
кақпасының сақшысы» деп аталатын ең алғашқы бөлімінде «Момышұлының көк дәптері»
және «Бранденбург қақпасы» деп аталатын екі тарау бар. Оның біріншісінде атақты
28 батыр жайында «Красная звезда» газетінде ең алғаш очерк жариялаған әскери
тілші А. Кривицкийдің Москваға Момышұлының көк дәптерін ала келгені айтылады.
Көк дәптер иесінің парасатты, білімді командир екендігі суреттеледі. Соған
дәлел ретінде автор көк дәптерден бірнеше мысалдар келтіреді. Бауыржан
Момышұлының солдаттарды отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі ойларын, пікірлерін
айта келіп, мұның өзі жүйелі әскери ғылым боларлық дүние екендігін көрсетеді.
Ал «Бранденбург қақпасында» Кривицкий Бауыржан Момышұлы мен Александр Бек
екеуінің қалай танысканын баяндайды.
       Соғыс басталған күні Александр Бек
Москва түбіндегі дачада «Талант» деген (соғыстан соң аяқталып, «Бережковтың
өмірі» аталған) романын жазып жатады. Соғыстың хабарын ести сала жаңа басталған
романды жинап тастап, дереу Москваға келеді де, екі аптадан соң өзі тіленіп
Москваның халық жасақшыларынан құрылған Краснопресня атқыштар дивизиясына алынады.
Жаз бойы сол дивизияның кұрамында болған Бек сол 1941 жылдың күзінде «Знамя»
журналының әскери тілшісі болып ауысады. 28 батыр жайында очерк жарияланғаннан
кейін бір күні Бек «Красная звезда» газетінің редакциясына келіп, Кривицкиймен
жолығады. Егер сен сол батырлар жайында көлемді ештеңе жазбасаң, мен жазайын
деген ойым бар еді дейді. Әскери газеттің күнделікті әуре-сарсаңымен жүрген
Кривицкий ондай ештеңе жазуға мұршасы жоқ екенін, мүмкіншілік тапқан күннің өзінде
күрделі нәрсе жазу қолымнан келмейтін шығар деп қауіптенетінін айтады. Сонымен,
1942 жылдың
февралында Бек поезбен Холм қаласының түбінде тұрған Панфилов дивизиясына
женеледі. Дивизия саяси бөлімінің бастығы оны 28 батыр шыққан Капров полкына
жібереді. Капровқа келсе, онда офицерлердің мәжілісі болып, алдағы бір шабу ылдың
жоспары талқыланып жатады. Мәжіліске құлақ салып отырған Бектің назары орысша
өте жақсы сөйлейтін, үні құлаққа жағымды, ойы жүйрік қазақ капитанына ауады. Капитан
талқыланып отырған жоспарды тас-талқан етіп, өз ұсынысын баяндайды. Мәжілісте
сол капитанның айтқаны қабылданады. Москвадан келген жазушы: «Менің осы капитанмен
бірге кетуім керек» деген ойға келеді. Оның соңынан қуа шықса, капитан ауыз
бөлмеде әлдекіммен телефон арқылы сөйлесіп жатады. Есіктен шыға берген Бек
капитанның:
- Иә, көрдім.
Маған оның көзі ұнамайды!.. - деген ашулы сөзін 
құлағы шалып қалады.
Осыдан кейін Бек
сасқалактай бастайды. «Менің көзім бұл капитанға неге ұнамайды» деп, өзінен өзі
қуыстанып есі шығады.
      Осындай қолайсыз күйге түскен ол үйден шығып,
орманға қарай беттеген капитанның соңынан қуып жетеді. Ол өзінің болашақ
кейіпкері Бауыржан Момышұлымен осылай танысады.
Танысқаннан
кейін ол:
-        Айтыңызшы, капитан, менің көзім сізге
неге ұнамады? - деп сұрайды.
-        Қайдағы көзді айтасыз? - дейді алда кетіп
бара жатқан Бауыржан артына бұрылмастан.
-        Менің мына көзім, - дейді Бек қолын
өзінің көзіне тақап.
-        Сіздің көзіңізде менің шаруам жоқ. Сіз
солдат немесе қыз емессіз ғой мен көзіңізге қарайтын!
-        Осы жаңа ғана сіздің мен туралы: «Маған
оның көзі ұнамайды» деген сөзіңізді өз құлағыммен естідім ғой.
Бауыржан кілт
тоқтап, артына жалт бұрылды да:
-        Жолдас жазушы, сіз өзіңіздің көзіңізді,
кұлағыңызды, тұмсығыңызды өзіңізге қатысы жоқ іске сұқпаңыз, - дейді Бекке
қатаң үнмен. - Мен жаңа штаб бастығымен сөйлестім. Оған артиллерия дивизионы
бақылау пункттерінің жайын баян етгім. Біз бақылау пунктін артиллерияның «көзі»
деп атаймыз. Маған сол пункттердің жабдықталуы ұнамады. Түсінікті ме, сізге?
     Алғашқы таныстықтары осындай оқиғадан
басталған Бек полк командирі Момышұлының қасында бір айдай болады. Неге екені
белгісіз, Кривицкий алғашында Бауыржан Бекті неше түрлі қинауға салды, онымен
сөйлескісі келмеді, сырын айтпады, әде-
биет үшін Бек
оның талай қорлығына көнді, ақыры ол жеңді, Бауыржан әңгімесін айта бастады деп
суреттейді. Дивизиядан кетерінде полк комиссары Петр Логвиненко оған:
-        Сіз қыранның ұясында болдыңыз. Бірақ
өзіңіз қарға болып шығып жүрмеңіз,-деп еді дейді.
       Бұдан кейін Кривицкий Бектің алған
материалын толықтыру үшін дивизияға екінші рет келгенін, одан соң жазған
блокноттарын жоғалтып алып, оның үшінші рет келгенін айтады. Бек қанша қаймығып
келгенімен үшінші ретте де Бауыржан оған әңгімесін айтып береді. Сөйтіп,
«Волоколамск тас жолының» алғашкы повесі 1943 жылы «Знамя» журналының бесінші,
алтыншы номерлерінде, екінші повесі бір жылдан кейін дәл сол номерлерінде
басылып еді деп Кривицкий әңгімесін аяқтайтын.
VIII
Автор. Бір кезде
«Адамдар тынды көтерді, тың адамдарды көтерді» деген нақыл сөз туған еді. Сол
сияқты, Бек сізді көтерді, Бекті сіз көтердіңіз емес пе? Кітап бітті, атақ
шыкты. Ендігі ара қатынастарыңыз қандай?
Бауыржан. Бектің
кітабы барлық социалистік елдерде басылып шықты. Польшада оны біздің «Абай
жолы» романы сияқтандырып инсценировка жасап, сахнаға қойды. Ол ағылшын, француз,
неміс, итальян, испан, грек, фин, араб тілдеріне аударылды. Финляндияда әскери
академияда арнаулы сабақ ретінде өтеді.
      Бауыржан әңгімесін үзіп, «Казақстан»
сигаретіне тағы да қол созды. Оның соңғы сөзі подполковник Омарбаев айтқан бір әңгімені
есіме түсірді.
      Мұқан Омарбаев Ташкент қаласындағы
Рахимов станциясының маңында тұрады. Ол екеуіміз төрт жыл майданда бірге болдық.
Мұқан әлі күнге дейін әскери кызметте келе жатыр. Ол менің сонау соғыстан бері
арамыздан қыл өтпеген ескі досымның бірі.
Осыдан 2-3 жыл
бұрын жолаушылап келе жатып Ташкентке соқтым. Мұқан елдің хал-жайын сұрап,
мәз-мейрам болып қалды.
-        Бауыржанның халы қалай, - деді ол бір
сөздің ретінде, - көріп жүресің бе?
-        Көремін. Аман-есен.
-        Менде Бауыржанның «Москва үшін шайқас»
дейтін кітабы бар, - деді подполковник. - Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір
оқып қоямын. Ал енді бұл нағыз ерлік кітабы, елдік кітабы ғой, шіркін! Сонымен
бірге мен оны адалдықтың, адамгершіліктің,
отаншылдықтың
уставы деп білемін. Қазір мынау жыл сайын қарамағымызға келіп жататын жас
солдаттарға осы кітапты сабақ ретінде оқытар ма еді деп те ойлаймын. Әйтпесе
Жоғары білім министрлігі институттарда өтетін әскери іс сабақтарында осы кітапты
оқытса, қандай жақсы болар еді. Мұның ішінде тактика да, тәжірибе де, ұрыс та,
ұтыс та - бәрі де бар. Бұл - бар уставтардың ойлы да ұтымды жиынтығы. Бұл -
жеңіс кітабы. Әр тарауы - әскери ғылым, азаматтық білім. Біздің жас солдат
кезімізде мұндай кітап болған жоқ. Бұл кітаптың әскерге жыл сайын алынатын жас
солдаттар үшін, Совет Армиясының болашақ ұрпағы
үшін,
социалистік Отанымыздың мызғымас беріктігі үшін қосқан, қосып отырған, алда да
қосар үлесі мол. Мәңгілік үлесі бар кітап бұл. Мен осылай бағалаймын.
        Подполковник сәл ойланып алып, сөзін қайтадан
жалғады.
-        Кешегі соғыс халыктың миына тайға таңба
баскандай етіп, оның ерлерінің атын мәңгі есте қалдырып кетті! Сол ешқашан ұмытылмас
ерлердің бірі Бауыржан ғой. Есінде бар ма, Бауыржанның есімін ең алғаш мен сен
берген бір журналдан оқып біліп едім. Содан бері ол менің ешкашан да есімнен
шыккан емес. Мынау Шымкент, Жамбыл облыстарына жолаушы барғанда оның жаңа
шықкан кітаптарын әдейі сатып алып жүремін.
Бүгінгі
подполковник, кешегі Ұлы Отан соғысының солдаты осылай деген еді.
-        Сөйтіп, біріншіден, Бек менің атымды ең
алғаш дүние жүзіне танытты. Екіншіден, ол менің жазушылық жолға түсуіме түрткі
болды. Міне, осы үшін мен оған әрқашан да рақмет айтамын...
IX
Автор. Менің өз
басым кейіпкер Бауыржанды кәдуескі Бауыржаннан жоғары-ау деп ешқашан да
есептеген емеспін, Бәуке. Жаңа сіз біздің жасаған өзара шартымыз бар дедіңіз.
Ол не шарт екенін сұрауыма бола ма?
Бауыржан. Ол
кәдімгі шарт, Бекпен екеуіміз жасасқанбыз. Алғашында ауызша уәделестік. Бұл Бек
кітабының бірінші тарауының соңында айтылады. Онда кітап дайын болғаннан кейін
автордың оны маған әкеліп оқуға міндетті екендігі көрсетіледі. Егер ол дұрыс
жазбаса, онда менің не істейтінім айтылады. Ол тұс әзіл сияқты болып
суреттелгенімен, екеуіміздің тек қана шындықты жазуға серттескеніміз рас
болатын. Кейіннен біз ол шартымызды
қағазға
түсіргенбіз. Оқимын десең, көрсетуіме болады. (Мен басымды изедім. Бауыржан
дауыстап әйелін шақырды.)
     Әйелі ішкі бөлме жаққа барып, үлкендігі
кішігірім папка тәріздес қызыл сафиян дәптерді әкеліп, күйеуінің қолына берді.
Бауыржан оның орта тұсынан бір-ақ ашты да, машинкаға басылып, дәптерге
жапсырылған 3-4 парақ қағаздың тұсын нұсқап, менің алдыма қойды.
-        Мә, оқығын. Керек етсең, көшіріп алғын.
Мен ана жаққа шығып, аздап жүріп келейін.
      Бөлмеде оңаша қалған мен Бауыржан алдыма
қойған кызыл дәптердің ашулы тұрған бетіне көз салдым. Оның ең басына «Наш
договор» деген екі сөз машинканың үлкен әріптерімен жазылған екен. Бұрын өзім
естімеген бұл жаңа деректерді мен қызыға оқып шықтым. Сол шарттың өзім
қазақшалаған нұсқасы мынадай бөлды:
Біздің шарт
Панфилов
дивизнясының Талғар полкының жауынгерлері мен офицерлеріне әдеби ескерткіш
орнату жайындағы ортақ тілекпен біз, Александр Бек пен Бауыржан Момышұлы, 1942
жылдың басында, майдан даласында, ауызша шарт жасасқан едік. Енді соны қағазға
түсіруді қажет
деп таптық.
1.         Москва түбіндегі ұрыстарда аға
лейтенант Бауыржан Момышұлы командирі болған панфиловшылар батальонымен Талғар
полкының жауынгерлік жолы жайында Александр Бек «Волоколамск тас жолы» атты ( 3
немесе 4 повестен тұратын) кітап жазады.
Александр Бек
кітаптың авторы болады да, ал Бауыржан Момышұлы (оның естеліктері, ауызша әңгімелері,
ойлары, әскери жазбалары) кітаптың материалы болады. Сонымен бірге бұл
тақырыпқа тікелей немесе жанама қатысы бар басқа материалдарды екеу ара келісе
отырып, кітапқа пайдалануға әбден болады.
Александр Бек жұмыс
документіретінде Бауыржан Момышұлы өз қолына берген барлық материалдарды,
ойларды, әңгімелерді, әскери жазбаларды үшінші адамға көрсетпеуге, екі адамның
өзара сыры, құпиясы есебінде сақтауға міндеттенеді.
2.         «Волоколамск тас жолы» кітабы көркем
қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері
толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін
әскери-документті шығарма болатындықтан, кітап үшін тек Алек сандр Бек қана
жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың
аруағы алдында, тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса
жауап береді. Сондықтан Бауыржан Момышұлы Александр Бектен шығарманың көркем
шындығы өмірде болған оқиғамен барынша дәлме-дәл келуін, ол
оқиғалардың
педанттық дәлдік пен ұсақ документализмнің ізін қуаламай, үлкен шындықтың
жиынтықтау елегінен өткізіп, қорытылуын талап етуге міндетті. Егер әдеби тәсіл,
стиль, жазу мәнеріне байланысты қажет болса гғна, онда да екеу ара ақылдаса
отырып, нақты
болған оқиғадан
сәл-пәл ауытқуға болады. Онда да мұндай ауытқудың салдары соғыс өмірі
шындығының қан төгіп, жан қиып жинаған қасиетті документіне көлеңке түсірмейтін
болса ғана солай етіледі.
3.         Бауыржан Момышұлы кітаптағы барлық
әскери, іскери психологиялық мәселелердің дұрыстығына жауап береді, бұл мәселе
жөнінде Александр Бекпен екеуінің арасында дау туса, онда кесімді сөз Бауыржан
Момышұлынікі болады. Ал, арада әдеби мәселе жайында дау бола қалса, онда шешуші
сөзді Александр Бек айтады.
4.         Кітап қолжазбасының тұңғыш редакторы
Бауыржан Момышұлы болады.
Тек Бауыржан
Момышұлымен ақырғы тоқтамға келгеннен кейін ғана Алекеандр Бек кітап
қолжазбасын баспасөз бетіне ұсынады. Содан кейінгі редакциялық және басқа да
өзгертулер де мүмкіндігінше Бауыржан Момышұлымен келісіледі. Сонымен бірге біз
болашақ үшін негізгі дана деп тек екеу ара келісілген қолжазбаны ғана (одан
кейін ешқандай өзгерту, түзету енгізілмейтін) санаймыз. Оның бір данасы ҚазФан-да
(Ғылым академиясының қазақ филиалында), Бауыржан Момышұлының өзге
материалдарымен бірге оригинал есебінде сейфте сақталады. Ол документтерді,
егер Бауыржан Момышұлы қалдырған өсиетті орындайтын болса, Александр Бек еркін пайдаланатын
болады.
5.         Кітапты қазақ тілінде шығару үшін Бауыржан
Момышұлының басшылығымен қазақ жазушыларының А.Бектің қолжазбасына өзгертулер,
қосымшалар енгізуіне, сөйтіп оны Бауыржан Момышұлының қазақ және орыс
тілдеріндегі басқа материалдары (очерктер,
әңгімелер,
мақалалар, өлеңдер, әскери жазбалар және басқалар) сияқты алғы нұсқа ретінде
пайдаланып, мейлінше қайта жөндеулеріне болады.
     Егер мұндай жөндеулер кітап текстінің 50
процентінен артса, онда мұқабаға жаңа автордың (немесе авторлардың, қазақ
жазушыларының) аты қойылып, автордың атынан кейін: «Александр Бектің кітабы
және Бауыржан Момышұлының материалдары бойынша» деген сөздер жазылады.
      Егер ондай жөндеулер кітап текстінің 50
процентінен аз болса, онда кітаптың авторы болын Александр Бектің өзі қалады,
бірақ кітап бетінде: «Казақ тіліндегі басылымын өңдеген пәленше» деген жазу тұрады.
       Бұл мәселені реттеуді Александр Бек
Бауыржан Момышұлының еркіне береді, ал Бауыржан Момышұлы аудармаға және жөндеу
жұмысына жетекші болуға міндеттенеді.
Александр Бектің
кітаптың орыс тіліндегі келесі басылымдарында, алғы сөзде атап көрсете отырып,
қазақша басылымынан қалаған жерін алып, қосуына қақысы бар.
6.         Бұл шарт 1942 жылдың март-апрелінде майданда
жасалды, 1944 жылдың 18 декабрінде Москвада қағазга түсірілді.
Александр Бек
Бауыржан Момышұлы
       Мен шартты көшіріп бола берген кезде
бөлмеге Бауыржан кірді.
- Кәріліктің
қақпанына түсті деген осы екен, қарағым, - деді ол маған мұң шаққандай болып. -
Ішіме ып-ыстық күншуақ орнап, өзімнен өзім күлімсіреп, көңілденіп жүретін жастық
шағым жеткізбей зымырап, алыстап барады. Бұрын оны жылдар өтсе де аңғармайтын
едім. Қазір соны күн сайын көріп, сағат сайын сезетін болдым. Көргенмен,
сезгенмен қайран жоқ. Жарқ-жұрқ етіп алыстап бара жатқан жастық шағың айқайласаң
да аялдайтын, артына қайрылып қарайтын емес.
         Мен
жазуымды тоқтатып, оның айтып келе жатқан сөзіне құлақ салып қалған едім.
Бауыржан соны аңғарды да, дереу сөзін доғарды. Содан соң төсегіне жайғасты да,
менің көшіріп болуымды тосып, үнсіз отырып қалды.
-        Болдың ба?
-        Болдым, Бауке.
-        Болсаң оқып шық!
-        Жаңа, көшірер алдында бір рет оқып
алғанмын, - дедім мен енді оны қайта оқып уақыт кетірмейін деп ойлап.
-        Сенің не көшіріп алғаныңды менің білуім
керек емес пе? - деді ол маған зілдене үн қатып.
      Бауыржанның шартты менің қаншалықты дұрыс
көшіріп алғанымды тексергісі келіп отырғанын енді аңғардым да, оны басынан
аяғына дейін жайлап оқып шықтым.
-        Енді түсінікті ме?
-        Түсінікті.
-        Бұл шартты Бек екеуіміз «Волоколамск тас
жолының» алғашқы екі повесі біріктіріліп, 1945 жылы шығар алдында жасадық.
Кітап шыққаннан кейін жазушы Бектің еңбегіне лайықты баға берілді. Отставкаға
шыққаннан кейін қолыма қалам алып, өзім жазуға кірістім. Осыдан соң біраздан
кейін, 1958 жылы, қазақ әдебиетінің Москвада өтетін онкүндігінің қарсаңында
менің «За нами Москва» кітабым жарыққа шықты. Жоғарыда
Бекке рақмет, ол
менің жазушылық жолына түсуіме түрткі болды дегенімнің мәнісі осы, қарағым.
X
      СССР Жазушылар одағында болған талқылауда
«Москва үшін шайқас» кітабы жайында он бір адам шығып сөйледі. Генерал Вершигора
бастаған он адам кітапты мақтап шықты да,
тек бір адам
ғана жамандауға тырысты.
...Ол оқиға
менің көз алдыма келді. Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабы талқыланып
біткеннен кейін үзіліс болды. Біз дәлізге алдымен шығып, жұртқа көз салып
тұрған едік. Сақалы белуарына түсердей ұзын, төртпақ денелі келген генерал Петр
Вершигора мен полковник Бауыржан Момышұлы екеуі қатар шықты да, бірге тұрып,
темекі тартысты. Осы кезде екінші жақ есіктен қасқа маңдайы жарқырап, Мұхтар
Әуезов шықты да, бірден Бауыржанға қарай бұрылды.
-        Пәлі, Бауыржан, біздің бәріміздің
ішіміздегі ең модный жазушы сен болдың бүгін. Сенің кітабың жайында қисапсыз
көп адам көсіле пікір айтты. Құтты болсын, қайырлы болсын астанадан алған
бағаң, - деп Мұхаң кос қолдап тұрып Бауыржанның қолын кысты. - Сенің соғыста қаның
төгілген жерде ерлігің ғана емес, әдеби еңбегіңнің де ерекше бағаланғанына
қатты сүйсініп отырдым. Мен мына Петр Петрович сияқты соғыстың білгір адамы байсалды
да беделді пікір айтқанына дән риза болдым.
Осылай деп Мұхаң
Вершигораға басын иіп, оның да қолын қысты. Содан соң кері бұрылып, жолдағы
жұрттың бәрімен бас изей сәлемдесіп, Мұхаң секретарьлардың бірінің бөлмесіне
кіріп кетті.