ВЕРНУТЬСЯ

       Сүйікті досым Арсений Андреевич!
     Сіздің соңғы
хатыңызға қарағанда, мектебіңіздің оқу жұмысы жақсы жүріп жатыр екен. Бүл
хабарыңызбен Сіз мені өте
қуандырдыңыз. Жалпы айтқанда, мен Сіздің, оқу жұмысыңызды ғана
емес, сонымен қатар, шаруашылық жұмыстарыңызды да жақсы
жүргізгеніңізге қатты ризамын.
Оқушыларды
жазғы демалысқа тарату кезі жайында мен
Сізге ресми түрде хабарлап
отырмығн, өйткені, бұл мәлімет Сізге келешекте де керек
болады. Ал ақша жайындағы есептің үлгісін де осымен бірге жіберіп отырмын; казначейство да, бақылау мекемесі де есепті осы үлгімен талап етеді. Осы жылы маған жіберген
есептеріңіздің бәрін де осы үлгі бойынша қайта жасап жіберіңіз. Педагогика құрсынық болатыны, болмайтынын,
болса қай жерде болатынын мен де білмеймін,
бұл жөніндегі пікірімді әлдеқашан жібергенімін, бірақ әлі
жауап алған жоқпын. Попечительдің өзі де рұқсат алмаған болар деп ойлаймын. Сіз Орынбордан қашық емессіз ғой, сондықтан, Орынборға барып
қайтуыңызға болады ғой деп ойлаймын. Жазды күйі мектепке, қызметшілеріңіздің
біреуін қалдырасыз ба, екеуін іқалдырасыз ба, әлде бәрін қалдырасыз ба,- оны,
өзіңіздің қолайлы және пайдалы деп табуыңыз бойынша қалдырыңыз. Мектеп жұмысшыларының
(әрине, мектепте қалатындарынан басқасы) жазғы демалыс уақытында бізден жалақы
алмай, ал сентябрьдің бас кезінде мөктепке қайтып келетін болып, басқа жұмысқа
түрулары жөнінде сөйлесіп көруге болмас па екен? Бұл жағын да өз қалауыңыз бойынша істеңіз.
Басқа жаза қоярлық ешнәрсе жоқ
қой деп ойлаймын.
Қош досым, сау болыңыз.
15 апрель, (1883 ж.).
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.