ВЕРНУТЬСЯ

      Аса сүйікті досым Арсений
Андреевич!
     Осы почтамен
Сізге 490 сом жіберіп отырмын; мұның 390 сомы мектепке деген қаржымын, осы күнге дейін жіберілмей калғаны. Ал 100 сомы Сізге бұрын жіберілген 2000 сомнан менің алып қалған ақам. Енді менде 50 ден
аса сом ақша қалып отыр; мен
бұл ақшаны Сіздің өткен жылғы есебіңізге тігіліп жіберілген қолхатыңызға марка басылмағаны үшін түскен 14 сом штраф сияқты бір дәйеге қажет болып жүре ме деген оймен әзір өз жанымда әдейі қалдырып отырмын. Әрине
штрафты біз өз жанымыздан төлеуге тиістіміз ғой; бірақ бақылау орнының бұдан басқа да бір қыйқаңы болып жүруі мүмкін. Қалай болған
күнде де Сіз бұл ақшаны жыл аяғында
жұмсайтын боласыз. Мен оны Сізге келесі жылға жіберілетін
ақшаға қосып жіберемін.
Жоғарыда айтылған 14 сом штраф ақша
туралы бақылау орнына бұдан құтқарыңыз деп өтініш жаздым; бірақ одан ешнәрсе шыға қояр ма екен. Келешекте документтерге марка жапсыруды ұмыта көрмеңіз. Әйтпесе, бақылау орны
бізден штрафты марканың бағасынан 6 есе көп етіп
тағы да төлеттіреді. Сіздің соңғы хатыңызды мен сметаны бекітуге жіберіп койғаннан кейін ғана алдым; бірақ менің сметаға енгізген өзгерістерім
Сіздін, сұраған өзрерістеріңізге сай келеді десем де болады. Сіздің қалай қарайтыныңызды кайдам, мен су
тасыйтын ат ұстауға тек 40
сом ғана көрсеттім; ал монша жалдаудың енді
қажеті жок болған соң, монша
жалдауға арналған 60 оомды мен Сіздің
көмекшіңіздің, оқушыларды емдеу жұмысына арнадым және баска бір статьядан үй жылыту жұмысына да қостым ғой деймін.
Оқытушылар мектебіне жіберілуі мүмкін
окушылар жайында Сіз әзірге қапаланбай-ақ қойыныз. Меніңше, Сізден әзір оған ешкімді жіберуге мүмкін болмас деп
ойлаймын. Мүмкін, Александр
Григорьевич Сіздің оқушыларыңызды
бастауыш мектепке алмақ болып отырған шығар,- олай болса, олардың қай бастауыш мектепте оқыса да бәрібір ғой. Ал оқытушылар мектебіне басқа екі кластық мектептерден,
мысалы, екінші кластарынан жіберуге мүмкін болар. Бұл жөнінде біз Александр
Григорьевичпен тағы да хабарласатын болармыз.
Meн шынын айтқанда, Баяділ, Кейкиинің қиқаң
шығаратынын білген едім. Кейкиннің Сіздің ісіңізге кай жөнде араласқанын келесі хатынызда толығырак жазыңыз, мен оған тыйым салуға
тырысайын. Сіз есіңіз бар  адамсыз
ғой, онымен ашық  жанжалға,
әрине, бармассыз деп ойлаймын. Бірақ
кажетті жерінде, орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. Ондай жағдайларда: инспектор
осылай істе деп еді, ал егер Сіз бірер өзгеріс енгізбек болсаңыз, онла инспектормен өзіңіз хат жазып хабарласыңыз деп, маған ысыра салыңыз. Осылай еткеніңіз жөн болар, сонда Сіз Кейкинмен алакөз
болудан құтыласыз. Сонымен, әзірге қош бола тұрыңыз,
сүйікті досым.
Сіздің қолыңызды қыстым.
Сізді шын сүйетін И. АЛТЫНСАРИМ
1882 жыл, 19 ноябрь.