ВЕРНУТЬСЯ

      Адам адам болғалы келе жатыр алысып,

Жүгірген аң, ұшқан
құс - барлығымен жарысып

Ажырасып,

Табысып,

Қол
сындырып,       

Бас жарып,   

Біреулері дәрі
ішіп, біреулері қан ішіп...

Араздасып,

Адасып,

Айнып,

Ауыз
жаласып,

Жағаласьш,   

Жаласып,      

Жоққа бола
таласып,

Тіршілікте
тірінің қадіріне жетті кім,

Біреуіне-бірінің
көрді ме екен жаны ашып?!

Заманалар болған да шығар, бәлкім, тату, кең,

Бүгінгінің
қабағы, қандай ғана қатулы ең?

Бірін-бірі алдаумен келе жатыр адамдар,

Бірін-бірі
арбаумен, бірін-бірі сатумен!

Жақыны кім,

Жаты кім,

Досы
қайсы,

Кім дұшпан, -

Айырмасы
болмапты әділеттің қылмыстан,

Бәрі мидай
былығып,          

Ұры-қары, ұлылық,

Кім дерің
бар бүгінгі Ақсақ Темір,

Шыңғыс хан!

Жұдырықпен,

Мылтықпен,

Зеңбірекпен,

Бірі умен,

Келе жатыр адамдар бірін-бірі қырумен.

Ұлы Сталин...

Гитлер...

Алжир...

 

Карлаг...

Освенцим...

Қайсыбірін айтарсың....

Хиросима...

Трумэн.

Біреулері ақталып,

Біреулері
ақталмай,

Адам деген
мақұлық бір-біріне жат
қандай!

Бірін-бірі дуалап,

Диуана
қып,

Қуалап

Ажал-апан
аузына айдап бара жатқандай!