ВЕРНУТЬСЯ

Музыкалы драма.Музыкалық арқау – адайдың жыр күйлері Осы еңбегімді қазақ халқының ән мен күй өнерін жинақтауға, әсіресе маңғыстаулық қайқылар мен сайқылар еңбегін жарыққа шығарып, елге танытуға бар ғұмырын арнаған құрдасым, досым Ізбасар Шыртановқа арнадым.Басты кейіпкерлерБәйімбет бай                                                            70 жастаБай бәйбішесі                                                                      60 жастаИса би Тіленбай ұлы                                                          65 жаста         1829-1909Ермембет би                                                                        57 жаста         1837-1909Мәтжан би                                                                           53 жаста         1841-1929 Тастемір Шыршығұлұлы                                                   41 жастаЖылкелді Теңізбайұлы                                                       39 жаста         1855-1938     Шолтаман Байсарыұлы,                                                     35 жастаДосат Маяұлы                                                                     35 жастаӨскенбай Қалмамбетұлы                                       34 жаста         1860-1925Тұрсын Алдашұлы                                                  32 жастаӘділ Өтеғұлұлы                                                                  29 жаста Қалнияз ақын                                                                      79 жаста         1816-1902Ақтан                                                                                   45 жаста         1850-1912Аралбай                                                                               40 жаста         1854-1914Мұрын жырау                                                                     35 жаста         1822-1910Қоштай бай                                                                          35 жастаСәттіғұл Жанғабылұлы                                                      20 жаста         1876-1966 Айша биші                                                                           20 жастаҒайша биші                                                                          17 жастаАйшаның атасыЖамал әншіҮлкен келінКіші келінБірінші жігітЕкінші жігітХиуа ханыБақшыДутаршы Шал, аңқау палуан, кісі, сәнді келіншек, екінші келіншек, үшінші келіншек, бірінші кісі, екінші кісі және басқалар.Асқа жиналған көпшілік Қойылым желісі – Ақ Кетік қаласының маңында берілер асқа дайындық және ас.Бірінші бөлім – асқа дайындық, 1894 жыл;Екінші бөлім – ас, 1895 жыл.БІРІНШІ БӨЛІМ. АСҚА ДАЙЫНДЫҚ. 1894 ЖЫЛ. Бәйімбет бай Ақ Кетік қаласы маңында әкесіне ас беретін болып, бір жыл бұрын  сегіз арыс адайға сауын айтқызғалы Иса, Ермембет, Мәтжан билер мен Қоштай байды, Шолтаман, Жылкелді әншілерді шақырып мәжіліс құрады.Шалқыған көк теңіз жағасына жақын тігілген Бәйімбет бай ауылы. Бірінші көрініс.  Бәймембет бай үйі. Шолтаман өнері.           Шымылдық әлі ашылмаған. Адайдың жыр күйлерінің сазы естіліп тұрады. Жыр күй сазы Шолтаманның әніне жалғасады.Шолтаман:Барады аулым көшіп Көлтабанға,Салайын Сарыөзенде Шолтаманға.Қырмызы қызыл заман амалың көп,Жолығып қалма бір күн қыран паңға. Дауыс: Шолтаман  ән салып жатыр!.. Шымылдық ашылады.Ұлттық жиһаздармен, мүліктермен сәндендірілген Бәйімбет байдың киіз үйі.  Кереге бастарына ақбас ер, қабы сүйектелген қылыш, қалы керме, домбыра, торсық секілді заттар ілінген.Иса би, Ермембет би, Мәтжан би, Қоштай бай, Бәйімбет бай Шолтаманды жырлатып отырады.Ерте көктем. Адамдар киімі күннің әлі салқын екенін байқатады.Шолтаман:Дүние қозғалады тимесеңде,Өткен күн қарайламас сүйресеңде.Кездессең ажал итке амалың жоқ,Ғаламды он сегіз мың билесеңде. Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,Айтпаса кімнің сырын кім аңдаған.Жан барда, ей жігіттер, сырласып қал,Бұл дәурен өтпей бастан тұра алмаған. Шолтаман әнін аяқтап, жыр күй сазын ширата тағы бір қайталай тартып өтеді. Бәйімбет бай: Пай, пай шіркін-ай!Бұл дәурен өтпей бастан тұра алмаған дейді-ау!Жарықтық аталар әуені-ай! Құлаққа қандай жағымды! Жұрекке қандай сіңімді! Туған ел сазы деген осы...Ермембет би: Балалық шақтан өтіп, есін дұрыс қалыптастырған барлық пенде туған ел, туған жер деген сөздерсіз өмір сүре алмақ емес.Иса би: Адам пендесінің туған жер деп табынатыны өзінің жаралған топырағы болса, туған ел дейтіні түсінісетін тілі мен сүйсінісетін осы әуендері секілді.Мәтжан би: Жақсы айттыңыз-ау, Ермембет би! Жеткізіп айттыңыз-ау, Иса-еке! Елді ел етіп біріктіріп тұратын да, солардың мінездері мен қасиеттерін сақтап тұратын да сол әуендер мен саздар...Қоштай бай: (кербездене сөйлейтін кісі) Мәтжан аға! Біздердің адамдар деп жүргеніміз, ел деп жүргеніміз сонда әлгі жыршылардың ыңылы мен домбыраның дыңылы болғаны ма?Кекеткендей болып күледі.Мәтжан би: Ай, Қоштайжан-ай! Сұрағыңды астарлап отыр екенсің. Сенің сөзіңді түсіну үшін ерекше ойдың қажеті шамалы.Кішкене ойланып отырып қалады.Мәтжан би: Ал біздің сөзімізді түсіну үшін сол нәрсе керегірек. Кейбіреулерге жыршылардың ыңылы мен домбыраның дыңылы күлкілі нәрсе болып көрінсе, маған сол ыңыл мен дыңыл бабалардың өсиеті, тіпті бұйрығы секілді болып естіледі.Олар:  біз жырлап өткен әуенді бұзып алмаңдар, біз салып кеткен соқпақтан адасып қалмаңдар деп саздары мен сөздеріне, көп байқала бермейтін, бір қоңыр ызың енгізіп қойған секілді.Қоштай бай: Ол қандай ызың болды екен?Мәтжан би: Аталардың сол ызыңын түсіну үшін осы әншілер салатын әуендер мен күйшілер шығаратын күй саздарын жүрекпен тыңдап байқаңдаршы. Жүректеріңе жетіп қалар. Ал жүрекке жетті болды, онда сол саздар мен мақалдардың аржағында ылғи күзетте тұрған бір рух бар екені байқала бастайды.  Мен соны сезетін секілдімін.      Иса би: Ән де, саз да, Шолтаманның өзі де сіздер сөйлеп отырған тіл де, осы отырған бәріміз де, сол  баяғы біз көрген шалдардың елесі, рухы емеспіз бе!?Мәтжан би: Осындай саздарды естігенде Абыл ақын мен Абыл күйшілер желке жағымда тұрып алып "естідің бе?", "естісең ойландың ба?" деп, күбірлеп тұрғандай әсер аламын.Қоштай бай: (сескенгендей болады) Ей Алла! Сақтай гөр өзің!Мәтжан би: Ол ол ма, тіпті кей-кезде домбыра үні сонау Сыпыра мен Доспамбеттердің күрсінісі ме, Қазтуған мен Ақтамбердінің зары ма дегізеді...Ермембет би: Әй Мәтжан! Осы сіздерді, жарыларды айтамын, "сағыр жары" дейтіндер текке айтып жүрген жоқ-ау, асылы! Жастар жастар ғой, тіпті Мәтжан мырза, өзіңді де бірдеңе шалықтап жүрген жоқ па?Баймембет басын шайқап, жымиып күледі. Иса би сақтана екі биге кезек-кезек сақтана қарап қалады.Мәтжан би: (аздап қуланып отырғаны байқалады) Ереке мен сізге бір қызық әңгіме айтып берейін бе?Ермембет би: Ал айт! Айта ғой!Мәтжан би: Жақын арада біраз еріккен сенің інілерің, есендерді айтамын, бір жары жиенінің үйіне қыдырып барыпты. Қонақ болады. Құрмет көреді. Кетерінде шаруа сұрасады. Әлгілер, есендерді айтамын, тамақтарын тойдырып алып, көп шаруамыз жоқ, шаруамыз жарылардың сағырларының санағын алып жүр едік депті. Ермембет би: Мәтжан, бірдеңе бүлдірейін деп отырсың-ау, осы, қағынған!Қоштай Мәтжанға дәмете қарап қалған. Иса би де Мәтжаннан оқыс қимыл күтіп қалады.Мәтжан би: Мен не бүлдіруші едім. Бүлдіріп жүрген сенің інілерің.Қоштай бай: Ал, сонымен!Мәтжан би: Сонымен не болсын! Жарының сағырлары деп, Ерекеңнің інілері біраз жарылардың аты-жөнін түгендеп, санап шығыпты. Болғаны сол!Қоштай бай: (назырқап қалады) Қалай? Болғаны сол?!Ермембет би: Шыныменен болғаны сол ма? (ол да таңырқайды)Мәтжан би: Айтпақшы, мен айтуға ұмытып барады екенмін ғой. Үй иесі де қарап қалмай, сағыр деп есендердің тізімге тізген жарылардың нағашыларын түгендеуге кірісіпті. Сөйтсе, сағыр жары деп айдар таққандардың нағашылары түгелдей есен болып шығыпты.Жұрт шу күледі.Ермембет би: (сақтана) Ал сосын!Мәтжан би: Сосын не болсын! "Жарының нағашысы есен болса, баласы сағыр туады" дейтін мәтел шығыпты. Қазір жарының шалдары: есен түгілі жеменейден қыз алмаймыз, тұқымымыз түгел сағыр болып кетуге айналды! Енді ол ауылға құда түсуді тоқтатыңдар! Қаратаудан асып тобыш ауылдарына барыңдар, Жем, Сағыздан өтіп он екі ата Байұлына барыңдар. Сол жақтан құда іздеңдер деп үгіт айтып жатырған көрінеді.Енді сіздің жігіттер сағыр жарының тізімін емес отырып қалған кәрі қыздарының тізімін алып әуре болатын болар!Отырғандар күлісіп қалады.Ермембет би: Әй қағынғыр, Мәтжан-ай! Бүлдірейін деп отырғаныңды сезіп едім!Бәйімбет бай: Бүлдіріп бастаған өзің едің, Ермембет, Мәтжан аяқтап берді.Иса би: Ал билер, бас жаққа барыспалық! Біздің де нағашыларымыз жеменей еді. Өзімізді ешкімнен кем санамаймыз.Ермембет би:  Мына Мәтжанның құлағына сыбырлайтындары бар болар асылы.Иса би: Сыбырласа несі бар! 360 әулие  әр қайсысы бір-бір өнерліні қамқорласа болды емес пе!Маңғыстаудың қара ойы қашанда баталы ұлға, боталы нарға бай болатыны неліктен дейсің?! Солардың арқасы.Шолтаман секілділер де солардың батасынан жаралатын болар! Дауысы қандай еді!Мәтжан би: Бірақ бұ заманда ата аруғы мен баба батасынан жаралғандардан гөрі сайтанның сандырағынан жаралғандар көбейіп  бара жатырған секілді.Ермембет би: Ата сөзін өз даналығы көретін, аға қасиетін өз қасиетіндей көретіндер пайда болды.Иса би: Болса болар! Кейінгі кезде бұлар ішінде бөтен адам секілді боп туатындары жиілеп барады! Біз көрген адамдарға ұқсамайды. Бөтен жандар! Неліктен солай деп мен де бас қатырамын...Бәйімбет бай: Бұларыңыз кім?Иса би: Кейбір қазіргі жастарды айтамын да...Бәйімбет бай: Рас... Рас...Иса би: (ойлана)...Толмай жатып толысқан, таққа құмар......Жетпей жатып желіккен, баққа құмар......Естімей жатып ереген......Көрмей жатып көреген...... Сондайлар қырсығынан мынау заманның тынышы кетті!...Күнде арыз, күнде дау!Ермембет би: Бұ неліктен екен?Мәтжан би: Әу баста, Жаратқан бұйрығы солай ма деп қаламын, мен!Иса би: Тірлікте болғаның – өмір сүргенің,Бірлікте болғаның – бақытты өмір сүргенің деген екен бұрынғылар... Бақытты өмір сүруден бастартқан солар неткен кесір жаратылатындар еді десеңізші!Ермембет би: Және сол қылықтарын жасыру үшін барлық күнәні басқаларға жабатынын қайтерсің?Иса би: Ал жай адамдар солардың сөзін қоштауға құмар-ақ! Даурықпалар соңында бір күн даурыққанын дәреже көріп, даурығып жүргені...Бәйімбет бай: Дегенмен біздің елдің ауызбірлігі де тәуір, айтарлықтай байлары да көп ел деп басқалар мақтап жатады емес пе?Мәтжан би: Ел аралап, жұрт жағалап көп жүреміз ғой. Бай-еке, сіздің сөзіңіздің жаны бар сөз. Біз шындығында да бай елміз. Жаңағыларға да баймыз. Басқаға да баймыз.Иса би: Байлық туралы айтқанда мал мен аңды да байлық дейміз. Ән мен күйді де байлық дейміз. Суы мен топырағын да байлық дейміз. Қалай десек те халық қазынасының ең ғажабы, ең қымбаты  әні  мен күйі секілді!Бәйімбет бай: (байлық туралы бұ тұжырым ұнамағаны сезіледі) Халық айтса қалып айтпайды дейді... Халық малы көптерді бай атайды. Ал малы жоқ жыршыны – жарлы жыршы, күйшіні – кедей күйші деп кемсінеді.  Байлық басы ән мен күй болса, мына Шолтамандарды бай деп неге атамайды, бұ жұрт.Шолтаманды әнге жарлы деп ешкім кеміте алмас. Ән байлығы мал байлығынан қымбатырақ болса оны Шолтаман бай деп атауға тиіс емес пе!?.Бәйімбет мінезінен аздап намыстанып отырғаны байқалады.Иса би: Барлық байлық: еңбек пен ақылдың,  намыс пен бақтың жиынтығы! Осы төртеуі бір басқа қонса, сол кісі бәрінен де байырақ. Жан-жақты бай. Бұлардың қай-қайсысы да әуелі Құдайдың бергені, сосын үлкен талап пен еңбектің нәтижесі. Осы қасиеттердің әрқайсысы өз иесін бай атандырады. Осы төртеуінің бірі кеміс түсіп жатса ондай адам қанша бай болса да бір кемісі байқалып тұрмақ... Мәтжанның өрбіп бара жатқан ыңғайсыз әңгімені басқа бағытқа бұрмаққа тырысқаны байқалады.Мәтжан: Біздің бүгінгі шаруамыз оларды түгендеу емес секілді еді. Мына біздің Шолтаман жылдан жылға шабысын түзетіп келеді. Талабы зор. Түбінде халқымыздың қалаулысы атанар. Иса-еке, Шолтаманнан бір терме сұрасақ қайтеді?Иса би: Жарайды, сұралық!"Сұрағандарың сөз болса"... деп, Шолтаман жыр күйін біраз төкпелетіп алып, тақпақтата (әндетіп емес)  жөнеледі.Шәрбаттан балдай не пайдаЖұтқыннан әрі өтпесе.Сұлудан "сұқсыр" не пайдаТұшынып өзі өппесе.Көрікті күннен не пайдаКүлмеңдеп нұрын төкпесе.Тұлпардан дүлдүл не пайдаҰзатпай қуып жетпесе.Атақты ұлдан не пайдаАғайын сөзін кектесе.Беделді биден не пайдаТентектің ісін сөкпесе.Аспанда бұлттан не пайдаМаржанын жерге төкпесе.Әкеден ұлға не пайдаАқылы айтқан жетпесе. Жарлыға бардан пайда жоқТырысып еңбек етпесе.Байларға малдан пайда жоқҚажетін өзі шектесе.Тыңдаушым жырдан пайда жоқАйтылған сөздің бар нәріҚұлақтан әрі өтпесе,Жүрекке таман жетпесе.Әкеден ұлға пайда жоқМаңдайын соқпай, арымай.Анадан қызға пайда жоқЖоғалтса өзі арын-ай.Данадан жұртқа пайда жоқӨздері сүйіп танымай.Батырдан елге пайда жоқШашылып кетсе тарыдай.Соқырға  сірә пайда жоқБолса да қанша жарық ай.Тыңдаушым бойға сіңіршіАзғантай сөздің нәрін-ай...Бере алмаспын түгендепБір жырмен қамтып бәрін-ай..Бәйімбет бай: Пай, пай! Мынау біз естімеген сөз екен! Қандай насихат!Ермембет би: Мәтжан сенің сөзің емес пе?Мәтжан би: Шолтаманның өз сөзі болар, шамасы! Қасыңда жүрген біздерден жасырғаны да бар болып шықты, бұ баланың!Ермембет би: Өнер қонған жандардың тым жайдақ болмағаны дұрыс. Анда-санда осылайша жарқ ете қалып, ортаны таңдандырып тастаған жарасады оларға.Шолтаман: Жасырды десе де болады, жүрексінді десе де болады. Әлі ешкім алдында айтылмаған сөз еді. Бүгінгі жиынға сақтағаным да рас.Бәйімбет бай: (көңілдене) Біз бұл термені Шолтаманның сіздерден жасырғаны емес, мына біздей ас бергелі жатқан ағасына әкелген сыбағасы деп түсініп отырмыз. Термең тәуір екен. Байғазысына қайтарда аулыңа ат жетектеп қайтарсың.Шолтаман: Рахмет бай аға! Жол үсті біреу сауғаға сұрап алып қалмай, келініңзге аман жеткізе алсам бергеніңіз мал басы болып кетер, әлі. Қолы қайырлы атанған кісі едіңіз!..Бәйімбет бай: Әй, қу бала! Жақында шаңырақ көтерді деп еді! Бас екеу болғасын малдың да қажет бола бастағаны ғой, бұл серілерге! Ат мінбеймін, бие жетектеткіз деп отыр?! Болсын, болсын!.. Бір байталды келін көрімдігі деп жетектеп кет!Шолтаман: Рахмет, бай-еке! Келініңіз мақтанып қалатын болды.Мәтжан би: Дұрыс, орнымен берілген сыйлық болды, Бәйімбет! Шолтаманның үйіндегі келініңіз ондай көрімдікке тұратын келін!Қоштай бай: Со келін келмей жатып Шолтаман қорасын малға толтырыпты деп шулап жүр ғой жұрт.Мәтжан би: Мал мен байлық қашаннан ақыл мен еңбекке құралғыш.Қоштай бай: Шаңырағың құтты болсын, Шолтаман! Мәтжан би Шолтаманды үйлендіріпті деген хабар біздерге де жеткен. Айттыра барғанда қалыңдық қыз болашақ күйеуіне бір қызық баға беріпті дейді. О не сөз?Шолтаман: Бізге айтарлықтай ештеңе деген жоқ. Мәтекеңмен тіл қатысқанын  естігендер бар екен. Солар болар, түймедейді түйедей етіп жүрген.Қоштай би: Дегенмен жел болмаса шөп басы қимылдамайды деген...Мәтжан би: Ондай сөздің болғаны рас. Келініміз көңілі жүйрік, көзі қырағы екенін бірден танытты!Ермембет би: Мәтжан би сондай баға берсе ол келін сөзі құлақ түруге жарайтын сөз болғаны.Иса би: Ал айтып көрші, ол не сөз?.Мәтжан би: Шолтаманды Мәтжан үйлендіріпті деген Шолтамандай талапты, өнерлі жігіт атағына ауыр тиер. Шынына келсек бар шаруаны бітірген оның ерекше даусы болды-ау деп ойлаймын. Бұл жігіт өнерінің арқасында қалыңсыз қыз алып келіп отыр. Шаңырағына бір атақты қыз қалыңындай мал жиналып қалды...Шолтаман: Ән мен дауыс иесін қарық қылатын болса әнші біткеннің бәрі шетінен бай болмас па еді? Талай өнерпаз қалың төлей алмай, қыз алып қашып, елін шабыстырып, руын ұрандатып жүрмес еді ғой! Сіздің арқаңыз ғой, бәрі де, Мәтжан аға!Ермембет би: Кімнің арқасы болса да алып келіпсіңдер. Құтты болсын! Ал, сонымен...Мәтжан би: Әлімдер елі тойға шақырып сол жақта біраз уақыт болып қайттық. Доңызтауды жайлаған Жұмағұл деген ақсақал аулында болдық. Мен қасыма адайдың біраз өнерлі жастарын еріткен едім. Өнер көрсеттік. Олар да өздерінің өнерлі адамдарын алдырды...Шолтаман: Сауық пен қызыққа толы бір тамаша күндерді өткіздік.Мәтжан би: Қайтатын күні аттарымызды алдыртып, қоржын,  дорбаларымызды қамдатып, дайындыққа кіріскен кез еді. Жұмағұл ақсақал бізден бұйым сұрады. Мен сол ауылдың  бойжеткендері көп екенін байқап жүр едім, батылдық етіп Шолтаманға қыз айттырдым...Меселімді қайтармас деп Жұмағұл мінезінен дәметіп едім. Жұмағұл мен ойлағаннан да асып түсті... Мінезі мерт кісі болып шықты....Әлі күнге таң қаламын...Иса би: Қалай таңдандырды?Мәтжан би: Жұмекең сөзге келместен: "Шолтаманға бір қыздарыңды қый дейсің ғой, Мәтжан би!.....Олай болса ана шай құйып отырған өзімнің сүйікті немерем еді. Адайдың Мәтжаны құда түсіп отырса, мынадай жігітке, Шолтаман секілді өнер иесіне сол балам лайық болар!  Ұнатсаңдар қимасымды қидым сіздерге. Басқа немелерімнен ерекшелеу еді!"  –  дегені...Қоштай бай: Пай, сабаз-ай!Мәтжан би: Өмірімде бір оңай тындырған шаруам болды. Қалған барлық шаруаны атасы мен қыздың өздері бітірді. Біздер тек қана солар сөзіне куә болып отырдық.Қоштай бай: Қалыңына қалай келістіңдер?Мәтжан би: Олар қалың сұрамады, біз бермедік...Қоштай бай: Қалыңсыз қыз қандай келін?..Ермембет би: Қыз бірдеңе айтты деп едіңдер?Мәтжан би: "Шолтаманға сол лайық болар, ұнатсаңдар қидым осы баламды. Басқа немелерімнен ерекшелеу еді!",  – деп алып, Жұмекең: "Балам сен не дейсің?" – деп немересіне бұрылды. Жұмағұлдың немересі, әлгі шәй құйып отырған жап-жас қыз: "Екі ата келісіп жатырсыңдар. Аталар келіссе қыз қайда барушы еді!" – деп жауап қатты.Ермембет би: Батыл бала екен.Мәтжан би:  Батылдығын ол басқаша көрсетті. "Аталар келіссе қыз қайда барушы еді. Бірақ осы жасқа дейін қара басын қамдай алмай жүрген Шолтаман мырза ертең от басын асырай алар ма екен?" – деп, саңқ ете қалғаны.Үй іші тым-тырыс болды да қалды.Ермембет би: Апырай, а?..Мәтжан би: Мен де таң қалып, баламен сөз таластыру қалай болар екен дегендей атасына қарадым.Сол жерде Жұмекең есін жиғандай боп, маған бір қарап,  баласына бір қарап: "Қарағым оның жарлы екенін қалай білдің, кімнен естідің?" – деп тіл қатты.Қыз оған:– О хабарды маған ешкім айтқан жоқ. Оны үстіндегі сәнді шапаны мен әнші мырзаның өз қылығы айтып отыр. Жас жігіттің екі жеңін кезек-кезек сыйпалай беретіні – бұрын кимеген киімін қызықтағаны.О жігіт бай баласы болса өз шапанын өзі қызықтамас еді...Шет жерде өнерлі жігіттің иіні жыртық болмасын деп бір ағасы шапан жауып жіберген болар... Барғасын шешіп алса, тағы да жалаңаш қалмас деймісің?..Енді бір ағасы беделін пайдаланып құда түсіп отырған шығар...Үйлендіріп алып, ұмытып кетпес деймісің?..Шолтаман мырза бұл шаруалар туралы ойланды ма екен дегенім ғой...Сонша адам отырып бір ауыз сөз қайтара алмадық...Ермембет би: Япырай, а... Болар бала жас болмас деген осы-ау!Қоштай бай: Сонымен әңгіменің арты немен аяқталды?Мәтжан би: Бұл сөздің арты тіпті біз ойламаған жаққа қарай жалғасып кетті... Атасы біраз үнсіздіктен кейін: "Балам-ай, ойлы екеніңді шамалайтын едім! Мен дәметкен жерден де асып түсерсің! Алла бағыңды ашқай! Ал ойыңда тағы не бар, ашып айтшы?" - деді.Сонда қызы атасына: "Шолтаман мырзаның жарлылығы рас болды. Биі бар, басқасы бар жарлы емес еді деп ешкім араша сұрамады. Енді менің дегенім болсын десеңіз бұлардан қалың да сұрамаңыз, маған енші де бермеңіз! Қызыңызды той жасап ұзатыңыз да, шығарып салыңыз. Адай елі сізге берер қалыңын, жай қалың емес, Әлім елінің ардақтысы Сіздің сүйікті қызыңызға лайық деген қалыңмалы мен жасауын бұ жаққа, жер шеті алысқа айдамай, ауыл қасынан Шолтаман қорасына жеткізіп берсін...Мен Жұмекеңе қарадым. Жұмекең маған қарады. Екеуміз де қостағандай болдық... Көз қараспен түсіністік... Арада үш ай өткенде келінімізді алып келдік...Қоштай бай: Келін түскенше Мәтжан би қыз отауын тігіп, қорасын малға толтырып қойыпты...Ермембет би: Оң босағасында отырып, барар қорасын малға, шаңырағын дүнияға толтырып тастаған екен ғой, айналайын! Келіндерің құтты болсын! Біздер де үлесімізді қосармыз, әлгі қорадағы малына. Өзіміз жеткізіп берерміз...Қоштай бай: Осындайға жұмсаған малың – адалың емес пе! Шолтаман інім: "Мен келін шақырамын! Қалаған уақытыңда келін мен келіп, біздің ауылда ән салып, малыңды әндетіп айдап кет!..Біздің ауылдың бір үйір құласы сенікі, Шолтаман!Шолтаманды бәрі құттықтап жатады. Бәйімбет бай жаңа әңгіме бастайтынын білдіре тамағын кенеп, сөз бастайды.Бәйімбет бай: Уа, құрметті билер! Қонақтарым! Естіп те жатырған боларсыңдар, мен келесі жылы жаз бен күздің астасқан кезінде әкеме ас бермек болып жатырмын. Тап осы жұртта өткізбекпін. Менің әзірге шешкен шешімім де, бітірген ісім де осы. Барлық қалған шаруаларды сіздерге тапсырсам ба деймін. Асқа басшылық етуді, мына інім, Иса биге жүктегелі отырмын. Ол келісімін берді.Ермембет би: Дұрыс екен! Бәйімбет бай әкесіне асты кешіктірді-ау дей бастап еді, былайғы жұрт. Алла ниетіңді қабыл еткей!Бәйімбет бай: Әмин! Айтқаның келсін!Ермембет би: Бұл істі Иса биге тапсырғаныңыз – бастамай жатып ісіңізді жартылай тындырғаныңыз, байеке! Біз де қолымыздан келгенін аямаспыз.Мәтжан би: Бәрекелді! Алла ниетіңізді қабыл еткей! Ерекең істің жартысы басталмай жатып тынып қалды деп отыр ғой! Қалғанын да тындырып тастайтынын айтты. Бізге жеңілдеу тиетін болды!Иса би: Мәтжан! Қашқақтама, інім! Басқаға жеңіл тисе де, саған жетерлік іс бар. Алдымыздағы аста жұмыстың ауырын да, күрделісін де саған тапсырғалы отырмын.Мәтжан би: Орындалуы қолымыздан келетін іс болса, салмағын ауырлай қоймаспыз. Ас – елдің шаруасы. Ел шаруасы – бәріміздің шаруамыз! Тапсырыңыз!Қоштай бай: Ниетің қабал болсын Бәй-еке! Бірақ...Қоштай паңданып, тамағын қырнап сөз бастағанша Бәйімбет бай шыдамсызданады.Бәйімбет бай: Не ойың бар еді, Қоштай шырағым? Айтсашы.  Бірақ деген сөзіңнің арты  жыраққа кетіп қалды ғой, жиенжан!Қоштай бай: (намыстанғаны байқалады) Бұл Бәйімбет аулы шетінен асығыс пен қапылыс... Сөздер салдыр-гүлдір бір құлағынан кіріп, қаңғыр-күңгір бір құлағынан шығып жатпаса өздерін далада жалғыз қалғандай сезінеді."Бірақ" дегенім бай-еке, әкеңізге асты шыбын-шіркейсіз жер, Қырға шығып бермейсіз бе?Бәйімбет бай: Кімнің көп сөйлейтінін біз білмейміз, бір Құдайдың өзі біледі. Бірақ...Бәімбет те паңданып, тамағын қырнап Қоштай қылығын қайталайды...Қоштай бай: Сіздікі қандай "бірақ"?Бәйімбет бай: (қуланғаны байқалады) Сенің руың Жары. Жарыдан Дәулеталы. Сол ауылға келе жатқан біреу ауыл маңында кездескен біреуден Дәулеталылар ауылда ма деп жөн сұрапты.Үйде болар. Жаңа сол үй қасынан өтіп бара жатып көзім түсіп кетіп еді, түндігі желпілдеп тұр екен. Соған қарағанда Дәулеталы нағашымның өзі де, балалары да түгел үйде болса керек!.. деген сөзді естігенің бар ма?Қоштай бай: Бір жарым естеу жиеннің шығарған сөзі болар. Жалпы екеуміздің сәніміз сөз санау емес, қой санау емес пе еді?Иса би: Әй байлар, қойларыңды күзде санарсыздар. Қазір сөзді бізге беріңдер. Біз ас жайын сөз етелік......Менің қазір сіздерге айтпағым жалпы қазақ халқының асы туралы өз ойларым.Қазақтың асы дегені – елге ұсынар әдет-ғұрпы, жастарға көрсетер үлгісі, көпшілікке көрсетер тамашасы, талап етер тәртібі!Рас па!Қоштау сөздер.Ас деген – ас иесінің, сол рулы елдің ата-баба әдет-ғұрпын қалай орындап келе жатқаныны туралы ел алдында берер есебі!Рас па!Қоштау сөздер.Ермембет би: Иса-еке! Ас –  елдің тәрбие алар орны деген сөзбен  болашақ асқа қойылар талап туралы ескерткелі отырсыз-ау шамасы!Иса би: Шамаңыз дұрыс. Соны елге қалайда мойындату керек! Ендігі астарды елге үлгі болатындай дәрежеге жеткізу біздің міндетіміз! Ол осы біздердің, ас иелері мен билердің міндеті. Осы асты жоспарлап, әлгі айтқанымыздай, елге үлгі берерліктей ас етуге тырыссақ па деймін.Қоштай бай: Сіз бұл асты –  ас ішіп аяқ босатудың асы болмасын деп отырсыз ғой!Иса би: Дұрыс айтасың! Қолға алынбай жүрген тағы бір жағдай бар.Біз ата аруағына деп берілетін астарымыздың өту тәртібін де, асқа қатысушылар тәртібін дн қатты бақылауға алуымыз қажет!Ас кезінде шатақ шығып кетпесін!Ас артына бұралқы сөз ермесін!Астың арты төбелеспен аяқталуы тіпті міндет емес. Ондай жағдайда тез шара қолдану жағын ұйымдастырып қойған дұрыс.Жұрт ас кезінде болған шатақты емес, аста еңбек етіп алған абырой мен атақты әңгіме етсін.Ермембет би: Дұрыс екен.Мәтжан би: Толғағы жеткен мәселе еді.Иса би: Ойлап қарасақ біз бұрын беріп жүрген астардың бар қызығы тойып тамақ ішу мен төрт аяқты жылқының жарысы! Асты солар үшін беретіндей-ақ!Астан кейінгі естелік көбіне қай аттың қалай шапқаны мен қай тентектің тойды қалай бұзғаны туралы болып алды.Әрине ат жарату – өнер, қажет өнер. Қажарлы ат – жауға қарсы қаруың.Дегенмен адам өнері аюан өнері мен тентек қылығынан ілгері тұрса несі бар екен?Біздер бұл асты өнер адамдарының өнерін тамашалау, өнерлілерді ел сүйіктісіне айналдыру асына айналдырсақ па деп отырмыз. Соны ұйымдастыру жағы бәрімізге, ал өнер жағын ұйымдастыру Мәтжан би саған тапсырылады.Ермембет би: Дұрыс ой айттыңыз, Исеке! Мәтжан би жаңа "толғағы жеткен мәселе" еді деді ғой! Дәл айтты. Сіз тоғыз ай толғатқандығыңызды байқатып отырсыз. Ел тәрбиесі деп толғатыпсыз. Мәтжан би сол сіз күткен перзентті дұрыс қабыл алар, кіндігін дұрыс кесер деп сенеміз.Бәйімбет бай: Апырым-ай! Бұларды тегіннен тегін би атандырмайды-ау шамасы! Біздер асқа соятын малымыз бен тігетін үйімізден ары аса алмаушы едік. Соны ойлап әуреміз, бұлар елге өнеге деп әлек. Жақсы! Жақсы екен!Ермембет би: Ас – елге үлгі беру жиыны болсын деген ой ел қамын ойлағаннан туындаған пікір ғой. Бұл аста ел өнеріне баса көңіл бөлелік десеңдер ұйымдастырушыны дұрыс таңдапсыңдар. Біз көргелі Мәтжан би маңына әншілер мен жыршылар, палуандар мен мешкейлер әуес-ақ болатын. Басқалар шақырғанда зорға келетін солар Мәтжан соңына ереді де жүреді. Соларды өзіне құмар қылып қойған Мәтжанның не қасиеті барын? Асылы, Мәтжан: "Жақсы аттың жалын сақтағанша,  жақсы жігіттің арын сақта" – деген ата мәтеліне басқамыздан көбірек мән беретін секілді.Мәтжан би: Халық соңғы кезде күміс көмей үнділер мен бал сазды бармағы барларды қатты қастерлей бастады. Оған себеп еліміздің бейбіт күндерге бейімделе бастағаны болар. Ендігі ас пен тойды да халық ыңғайына бағыттаған жөн секілді...Иса би: Бейбіт күнге де бейімделу керек дейсің ғой... Дұрыс болар... Ел басындағылар халықтың сол талабынан шығып тұрса, ел өнері өркендей бермек. Өнерлі жандар өздерінен гөрі өнерін құрметтегенді жақсы көреді.Шолтаман: Рахмет би аға! Өнерсіз халық халық па? Өнер сайысында өзге ағайындармен кездесіп қаламыз. Сонда бір-бірімізге қоятын бірінші сұрағымыз: "Кімің бар" –  дейміз!Бұл сұрақтың өзіне түбінде бір қойылатынын әрбір ақын ойланып жүреді. Жақсыларым кім? Жайсаңдарым кім? Сондай шақта айтыс ақындары елінің атақты билері мен батырларын мақтаныш жырға қосады. Байлары мен сахиларын санап шығады. Соның бәрі сіздердің, жалпы халықтың өнер мен өнерлілерге деген құрметтерінің арқасы!Иса би: "Халық айтса – қалмай айтады! Бірінші би –халық, екінші би – тарих!" депті халқымыз. Ақын – халықтың тілі дейдіі! Олай болса – жетістігіңе бола марапаттайтын да халық!  Қатең болса – жарақаттайтын да халық!...Бізден кеткен қате болса болашақ көрсетер...  Біздің өткенді көксейтініміз – жоғалтқанымыздың көптігінен. Ертеңді көксейтініміз – дәметкеніміздің көптігінен...Мәтжан би: Жоғалтқанымыздан дәмететініміз көп болғай! Ал...Иса би: (Мәтжан сөзін бөліп, өз сөзін аяқтайды) Жарайды, бұл мәселе туралы ойымызды білдірдік...Енді шаруамызға оралалық. Мәтжан бірдеңе сұрағалы оқталып отырсың ба?Мәтжан би: Біз тапсырмамызды алдық. Түсінікті болды. Ал енді біздің жұмсайтын хабаршыларымыз, асқа шақырушылар, қазақтың байтақ даласының қанша көлемін қамтымақ?Иса би: Хабар естіп асқа келіп жатса қазақтың қай өңірінен келсе де, шақырулы қонағымыз болады деп хабарлансын. Ал арнайы шақыру: Қиғаш, Нарын, одан бері Жайық бойы, Шыңғырлау, Елек, Жем, Сағыз деп отырмыз. Әлім, Табын елдерінің көрші рулары. Маңғыстаудың Ойы мен Қыры тұтастай. Сегіз арыс Адайлар қонысын түгел қамтимыз. Аралас отырғандар да түгел шақырылмақ.Ермембет би: Қанша үй тігілмек?Иса би: Бәйімбет бай қазірдің өзінде мың үй деп жобалап отыр. Асқа шақырушылардың хабарын күтеміз. Қонақтар саны өсіп бара жатса  мүмкін көбейтерміз.Ермембет би: Байрақтар жобасы анықталды ма?Бәйімбет бай: Бұрынғы астар жобасынан кем түспеспіз. Иса би бәсекеге айналып кетпесін деп онша асыра сілтемелік деп отыр.Ермембет би: Дүрыс екен.Иса би: Бұрынғы бір аста атақты ақындарымызға назар аударғанбыз. Соның арқасында "Адайдың бес жүйрігі" деген ардақты атқа лайық тұлғалар алты алаш аузына іліге бастады. Қазір тілі шыққан кез-келген тәрбиелі бала жеті атасы секілді адайдың бес жүйрігі кімдер десе: Абыл ақын, Нұрым мен Ақтан, Қашаған мен Аралбай деп тақылдай жөнеледі.Бұрынғы өткен астарға қосар жаңалығымыз бұл аста сазгер әншілерге ерекше көңіл бөлінбек. Олардың байрақтары сәл кейінірек белгілі болар. Ақылдасармыз.Ермембет би: Есте қаларлық ас болғалы тұр екен.Мәтжан би: Барлық өнер иелеріне хабарлау керек болар. Дайындыққа жылдан астам уақыт бар.Иса би: Ас туралы сіздерге айтпағымыз негізінен осылар болатын. Айтылды. Келісілген секілді.Ермембет би: Дұрыс. Асқа дайындық басталып кетті делік. Астың беташары болсын! Шолтаман! Бір әніңе салып жібер.Шолтаман: Ән салып беруге болады. Бірақ ән соңынан Иса биден бір сұраққа жауап күтсем бола ма? Кездессем сұрайыншы деп ойлап қоятын едім. Біз көпшілік ортасында жиі боламыз. Сол көпшіліктің сіздің Иса би атыңызға байланысты, жауап іздеп жүрген сұрағы еді бұл.Иса би: Неге болмасын! Болады.Шолтаман: Олай болса сұрап қалайын... Маңғыстаудың Ойы мен Қыры түгел көтеріліп, орыстың ақ патшасына күш көрсеткен, бұдан жирма жыл бұрынғы көтеріліс басшылары Иса мен Досанның тағдырлары екі түрлі болғаны неліктен? Билер ыңғайсызданып Исаға қарап қалады... Сұрағына жауап күтпестен Шолтаман домбырасының бұрауын байқай бастайды.ШымылдықЕкінші көрініс. Ас үй. Шолтаман өнері. Бәйімбет байдың ас үйі. Кереге басына үрген қарын, үрген мес секілді тұрмыстық заттар ілінген. Даладағы, үй ішіндегі ошақтағы қазандар.Ас үйдегі қонақ күту дайындығы барысындағы қарбалас. Бір жігіт меспен айран шайқап, екінші жігіт күбідегі қымызды пісіп тұрады. Үшінші жігіт күбідегі шұбатты сапырып тұрады.Бір келіншек бауырсақ пісіріп, екінші келіншек қазанға ас салып жатады. Қолында  қазанға салғалы жатқан қойдың басы. Осы сәтте бай бәйбішесі ас үйге кіреді.Бай бәйбішесі: Келін! Басты о қазанға салмасашы. Бұ қонақтар ерекше қонақтар. Мәтөк Қоштай деген төре қайным бар. Тамағымызды жемей кетер. Басты бөлек ас.Үлкен келін: Жарайды, ене! Тағы бір қазан көтерейін.Кіші келін: Ене, айран дайын болды. Қонақ үйге айранды да алып барамыз ба?Бірінші жігіт: Шұбат пен қымыз тұрғанда кім айран ішеді дейсің?Бай бәйбішесі: Айранды да баптап қойыңдар. Сұрап қалар. Кейбір кісіге шұбаттың да, қымыздың да жақпайтыны болады. Керек болып қалса, қапы қалмалық.Кіші келін мес пүшпағынан зереңге айран құйып үлкен келінге ұсынады.Кіші келін: Жеңеше! Дәмін татып көрші!Үлкен келін айранның дәмін татып көреді.Үлкен келін: Балдай екен! Асылы бүгін шұбатыңнан да, қымызыңнан да айраның озып тұрған секілді.Кіші келін қуанып қалады. Мақтана енесіне қарап қояды.Екінші жігіт: Бәйбіше! Қоштай мәтөк дегеніңіз кім? Ол баспен еттің бірге асылғанын қалай біліп қояды?Бай бәйбішесі: Ой тәйір-ай! Соны сөз қылып! Сорпаға құйқаның исі сіңеді-дағы. Немене Қоштай туралы естімеп пе едің?Екінші жігіт: Жоқ! Есіген емеспін.Үлкен келін: Қоштай байдың деңмент белбеуінің бағасы – атақты қыздың қалыңмалынан да қымбат дейді ғой...Бай бәйбішесі: Ол кісі байлықты тек малдың саны деп емес, тірлік сәні ғып пайдаланатын кісі. О қайным байлық қызығын көріп жүрген адам. Қоштай қайнымның  мәтөктігі сонша, ауылы су ішетін құдығының маңынан мал жүргізбейтін көрінеді.Бірінші жігіт: Құдық қасынан мал өтсе не болады екен?Бай бәйбішесі: Малдың дәреті жерге сіңеді, сосын құдық суына әсер етеді, су шуаштанады деп сақтанады екен деп жұрт аңыз етеді.Екінші жігіт: Астафралла! Естімеген елде көп деген осы екен ғой!Бай бәйбішесі: Ал енді бос сөзді тоқтатыңдар. Бүгінгі қонақтарың атақты билер мен, айтулы төре жігіттер! Сақ бола көріңдер! Мына ақ астарыңның ішінен қыл-қыбар шығып масқара болып қалмалық! Мұқиат қараңдар!Үлкен келін: Ене! Сүттерді сүзіп құйдық емес пе!Бірінші жігіт: Әй, құрдастың қатыны! Бәйбіше сүттен малдың қылшығы шығады деп қорқып тұрған жоқ, сүттен мына сенің қопыраған шашың шығады деп уайым етіп тұр! Соны да түсінбейсің бе?Қарқылдап күледі. Үлкен келін енесі алдында ыңғайсызданып қалады.Бай бәйбішесі: (қатулана қарайды) Ыржақты тоқтатыңдар! Келін! Айналайын! Бауырсақтарыңның жартысын сарғыштау, жартысын күреңдеу етіп пісір!Үлкен келін: Жарайды ене.Қонақ үйден домбыра даусы жетеді. Адайдың жыр күйлерінің сазы біраздан кейін ән әуеніне ауысады. Шолтаманның "Дәләйшім" әні.Екеу-екеу мінеміз тал кемеге,Екеу қайтіп сыйамыз тар немеге.Он сегіз бен жиырманың арасында,Ауытқиды ит көңіл әрнемеге.Бірінші жігіт: Мынау жаңағы ән айтқан әнші ғой. Даусын-ай! Кім болды екен?Бай бәйбішесі: Шолтаман ғой! Билер Шолтаманға ән салғызып жатыр. Кәні, біраз ән тыңдалық.Есігімнің алдында көк тал ағаш,Тал ағашқа қонады көп қарылғаш.Қосар болсаң Құдайым жақсымен қос,Қол ұстасып жүрсем де аш-жалаңаш.Қара бұлақ қайнары тастан шығар,Алқын жүйрік жұлқынған жастан шығар.Аяғыңды жігіттер аңдап басың,Алыс емес, дұшпаның, достан шығар.Бірінші жігіт. Анадай зор дауыс бір кісі көмейінен шығып жатырғанына адамның сенгісі келмейді екен!Үлкен келін: Ән салып байқап көрсейші! Біреуді келемеш етіп күлгенде сен де есекше аңқылдайсың ғой, осы!Жастар бәйбішеден жасқана сыпайы күлісіп алады.Бай бәйбішесі: (келініне қарап, қатуланған болады) Бос сөзді қойыңдар дедім ғой. Ал шаруаларыңа бекем болыңдар.  Мен қонақтарыма барайын.Бай бәйбішесі ас үйден шығып бара жатады. "Ей Алла! Жар бола гөр" деп күбірлеген даусы естіледі.Бірінші жігіт: Жаңағы сөзің үшін байыңнан бір таяқ жегізбесем, атым өшсін!Үлкен келін: Ой тәйір-ай! Құрдастың сөзіне кектенетіндей сен сонша ақылсыз емес едің ғой!Бірінші жігіт: Е... Солай ма екен!Үлкен келін: Шындығында да неткен ғажап дауыс!Кіші келін: Шолтаманның даусы түстік жерден естіледі дейді ғой!Бірінші жігіт: Мүмкін! Естілсе естілер!Екінші жігіт: Бұ дауыс қай алыстан естіледі десе де нандырғандай екен.Жыр күйі сазы естіледі.ШымылдықҮшінші көрініс.Бәйімбет бай үйі. Жылкелді өнері.Бәйімбет бай үйі. Бұрынғы отырған адамдар үстіне  сәлем беріп Жылкелді кіреді. Амандық сұрастырылады.Мәтжан би: Жақсы келдің Жылкелді! Біздер сіздер туралы әңгіме етіп отыр едік...Жылкелді: Сіздер дегеніңіз кімдер?Мәтжан би: Сіздер деп отырғаным: ақындар, әншілер, жыршылар, күйшілер...Мәтжан би әңгімесін жалғастырады.Өнер мен ел бір-біріне ұқсас. Ән мен жыр, саз бен күй – бұлар жалпы халық тұлғасы. Халық қандай болса – өнері де сондай. Өнері қандай болса – халық та сондай.Біздің әндеріміз бен күйлеріміздің басқалардан адуындыдау естілетіні, дүсір-дабыры молдау болатыны да өнеріміздің өзімізге ұқсап жатқандығынан.Иса би: Рас секілді... Сосын байқайсыңдар ма, осы біздің елде ақын мен жырау да, ән мен күй де молырақ па деп ойлаймын... Домбырасыз кереге кездестірмейсің. Мәтжан би: Иса-еке! Бұл байлық. Байлық болғанда – байлардың мыңғырған малы секілді ел байлығы.Мысалға тек қана мына Жылкелдінің "Құнан нар" әнін алалықшы. "Бір әнді сатып алдым құнан нарға, беремін керек десе құмарларға" деген сөз, ән мен өнер бағасын анықтап тұрған жоқ па!Қоштай бай: (әннің басты байлық екеніне сенімсіздеу секілді) Жылкелді інім! Біз сенің әніңді сатып алғымыз келді делік. Сонда құнан нарымызды кімге береміз? Әнді қалай аламыз? Кімнен аламыз?Жылкелді: Ән бағасын көтеру үшін алынған теңеу сөз ғой! Әйтпесе біз әнімізді сатып алатын адам емес, тыңдайтын құлақ іздеп әлекке түсеміз...Ермембет би: Онда осы жолы әлекке түспейтін болдың. Біз тыңдауға дайын отырмыз.Жылкелді: Аузымнан жазып қалғандай болдым ба? Онда тегін берейін сіздерге. Алыңдар бір-бір құнан нардан...Жылкелді "Құнан нар" әнін айтады.Бір әнді сатып алдым құнан нарға,Беремін өз бәсіне құмарларға.Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайдыЖас келіп қартайған соң амал барма.Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,Кең жайлау құлазиды-ау ел көшкен соң.Сүйреткен ақбоз аттың шылбырындай,Қылаңға сөз ереді бой жеткен соң.Ермембет би: Бәрекелде! Өлең-ақ қой, шіркін "Құнан нар!".Иса би: Біздерді би деп дәріптейді. Нағыз би осылар ғой. Әр сөзі ақыл мен өсиетке суарылғандай!Ермембет би: Ие, бұлардың ақын ағаларына халықтың "Адайдың бес жүйрігі" атағының берілуі тегін емес. Сол бес жүйрікке ең болмаса бір биді қоспапты ғой, бұ халық, жүйрігім деп.Мәтжан би: О не дегеніңіз, Ереке! Жұртыңыз "Есен Ермембет" деп дәріптегенде ішкен асын жерге қояды емес пе?Иса би: Есен Ермембет пен Жары Мәтжан өздеріне құлпытастарын тірілей қашап қойған адамдар. Ал біздің ақындарымыз бен әншілеріміздің ойлылығы мені қатты қуантады. Шолтаманның әлгі сұрағы да соның дәлелі. Шолтаман сұрағы жауапсыз қалмасын. Енді мен Шолтаманның сол сұрағына жауап берейін......Ел ортасында жүрсіңдер ғой, айта жүрерсіңдер....Бұл сұрақ бір рет қойылып, бір рет жауап алумен аяқтала қоймас. Тағы да қойылар. Біздердің атымызбен қатар өмір сүрер. Бірақ жауабы бар сұрақ. Жауабы ойдан шығарылған жауап емес......Біздің сол кездегі әрекетіміз заман өктемдігіне мойын ұсынғандықтан, тағдыр тығырығынан шығудың жолын іздеуден туған шешім болатын...Ермембет би: Қиын кезең еді ғой.Мәтжан би: Күштінің зорлығы, халық намысы дегеннің не екенін түсіндіріп кетті ғой, ол кезең. Иса мен Досан атағы келесі ұрпақтардың мақтанышына айналар...Бәйімбет бай: Халық қатты сергелдеңге түсіп еді. Әр ру, тіпті әр ауыл өз басшысын сайлап алып, бас сауғалауға тырысқан болатын.Иса би: Патша өкіметіне қарсы Маңғыстаудың Ойы мен Қыры тұтас көтерілді. Ел кейін сол күресті Иса-Досан көтерілісі атандырды.  Көтерілісті бастаған ешкім емес болатын. Шындығында ол халық көтерілісі болатын. Ел-жұртымыз өкіметтің де, билердің де ырқынан шығып бара жатты. Амалсыз сол дүлей күшті бар арнаға салу керектігі туды. Елді байы да, биі де билеуден қалды. Елді ыза мен намыс билеп әкетті. Амалсыздық, шарасыздық кезеңге тап болған кезде міндет Иса мен Досанға жүктелді.Мәтжан би: Иса да, Досан да бұл іске атақ іздеп кіріспеген...Иса би: Елдің ызасын бір мақсатты арнаға бағыттау қажет болды. Бірақ ел де, Иса да, Досан да аузынан от шашқан зеңбірікке қарсы не істесін... Көтеріліске шығу да, күштіге күш көрсету қате еді... Қырылып қалдық... Бытырап, торғайдай тозып кеттік...Жинаған жасағымыз да жеңілді. Ел де жеңілді. Жеңілді де бағынды.Мәтжан би: Басқа түскен ауыр зауал болды, ол кезең.Иса би: Жеңілген елге батыр бұрынғыдан да керегірек екен. Досан батыр атағын бұрынғыдан бетер дәріптеп кетті.Досан болса батыр атағын ақтап шықты.Досан біраз жасағымен күресін жалғастыра берді...Ел жеңілгенде Досан да жеңілгенін мойындап жауымен кезіссөзге барса ол сатқын аталар еді.Ермембет би: Солай...Иса би: Егер ол жауына берілсе қорқақ атанар еді. Онда жалғыз Досан емес, тұтас халықтың атына да сондай атақтар таңылатыны белгілі. Досан ондай қадамдар жасамады. Қателеспепті!Досан тағдыры батыр атағына лайық тағдыр. Батыр жауынан жеңілсе де, жауына қызмет қылмас болар!Шолтаман: Ал Сіз?Иса би: Исаны ел-жұрты би атандырды. Мені халқым батыр емес би деп атайды. Менің тағдырым – халық тағдыры! Би халық қамы үшін түрлі жағдайға бейім болуға тиіс. Би міндеті батыр міндетінен басқаша.Батыр берген анттан аттай алмайды. Ол қара басын құрбан етуге даяр тұлға.Батыр –  ел намысы.Ал би дейтіндер батыр емес. Ол ел үшін әртүрлі айлаға бара береді. Маңғыстау ақ патшаға қарсы тұтас көтерілді. Биі де, батыры да халықпен бірге болуы керек еді. Болды. Күшті жеңді. Би енді амалсыз. Ол ақыл іздеуге тиіс. Ұрпағын, елін, жерін сақтап қалудың амалына,  айласына көшеді. Ойлап қараңдаршы! Адай түгелімен есебін тауып, ақ патша құрығынан құтылып, тәжік, парсы, ауған жерлеріне ауып кеткен екен делік. Біраз еліміз солай істеді де. Бәрі көшіп кетсе, бәрі тастап кетсе, сонда мына маң дала, мына қасиетті Маңғыстау кімнің мекені, кімнің отаны болып қалар еді! Билер соны ойлады. Айласын тапты. Келіссөзге келді.Ермембет би: Батыр – ел намысы! Ел – ерлігі!Мәтжан би: Би – ел ақылы! Ел – бірлігі!Иса би: Ел жақсымыз, жайсаңымыз деп сол батырлары мен билерін айтады. Мақтан тұтады. Марапаттайды.Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау – өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік.Ермембет би: Дұрыс айттыңыз-ау Иса-еке! Таусыла сөйледіңіз –ау, би аға!Қазір ән айтып, құрметтеліп отырғанымыз да, келесі жылы ас беретініміз де, малымыздың Маңғыстау ойын толтырып, Алақырға сыймай жатқаны да, абыройымыздың Алты Алашты мойындататыны да сол кездегі билердің дұрыс шешімінің арқасы, шырағым Шолтаман!..Бұл мәселені ақылды адам осылай түсінер болар...Мәтжан би: Орыстармен адайлардың ымыраға келуі, қырық жыл салық алмауға дейін кеңшілік алуы шоқпардың салмағы емес, ақылдың нәтижесі болатын."Жаман туыс – денедегі жара.Бетіңе түссе жаныңды жазалайды.Етіңе түссе тәніңді мазалайды"...Шолтаман інім! Қыңырлар қылығы мен қиямпорыстар сөзінен қайда қашып құтыларсың?.. Сұрағыңа жауап өте дұрыс берілді деп ойлап отырмын.Иса би: Халықтың "Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, бұршақ жауса басын қорғар" мақалы Иса-Досан көтерілісіне, оның басы-қасында болғандарға сәйкес келе қоймайды. Біз көтеріліс кезінде де, жеңілгеннен кейін де бас қорғаған жоқпыз. Күштіге күш көрсете алатынымызды байқаттық. Ел болып байқаттық.Болмай бара жатқанда, шарасыздыққа ұшыраған кезде билер ақылмен, айламен орыстың да, қазақтың да пайдасына шығар келісімге келді.Шолтаман: Осылай деп түсіндіретіндер бар еді, жұрт арасында. Солар дұрыс түсінеді екен, біздер де айта жүрерміз. Рахмет, ағалар.Иса би: Солай шырағым. Досан батыр батырлығынан тайған жоқ. Сол тақтан түскен жоқ! Әлі сол тағында!..Иса би де ел қамын ойлауын әлі тоқтатқан жоқ... Бір кезде елдің намысы үшін қаны менен жасын төксе, міне бүгін сенің өнерің үшін, елінің өнері үшін еңбек етпек болып  отыр. Біздің бұл күресіміздің жеңісі, сіздердің жеңістерің болмақ! Сіздердің, халқымыздың абырой-атағы болмақ!Ермембет би: Бұл сөз осылай қорытылған, осылай болғанына халық риза болған іс болатын..."Бақ іздеген өзін басқамен тең ұстайды,Тақ іздеген өзін басшыдан кем ұстайды" – деген аталы сөз бар... Иса би қай кезде де орыстармен өзін тең ұстаған болатын!..Иса би:"Алдыңа қарап пікір ет,Артыңа қарап шүкір ет" – депті, аталарымыз.Біздердің сол кездегі елге еткен еңбегіміз, ісіміз кейін тек қана шүкіршілікке жарап қалған болатын... Әлі де ол кезді ойласақ "шүкір, шүкір" дейміз...Ал енді ас жағдайына оралалық!Ас осы арада беріледі деп отыр, Бәйімбет бай.Бәйімбет бай: Асты осы жұртта өткізбек ойымыз бар. Бұ жерді тоздырмай жұрт аударып қонармыз. Жыл бойы қорыққа айналдырармыз.Қоштай. Байеке! Қайталап айтайын, мына қонысыңыз шаңдақтау екен. Асты құмдақтау жерге өткізген дұрыс болмас па? Бәйімбет бай: Со күндері жел тұрмағай деп, Алламыз бен аруақтарымызға жалынамыз дағы. Әкем осы жұртта қайтыс болып еді. Соған байланысты таңдадым... Бұл енді шешілген мәселе.Асымызға атақты жырауларды түгел шақырсақ па дейміз. Ас ауыртпалығын Мына Шолтаман, Жылкелділер көтеріп әкетеді ғой.Жылкелдіден тағы бір ән сұрасақ қайтеді?Мәтжан би: Жылкелді! Балалар соңғы кезде "табан жол, табан жол" деп мазаны алып болды. Ол қандай ән? Сенікі деп жүр ғой!Жылкелді: Сөзі де, әні де жеңілдеу ән ғой. Жастарға ермек болсын деп айта салып едім.Мәтжан би: Тыңдап көрелікші. Жылкелді  Ағибаш әнін айтып береді.Жылкелді: Мінген атым астыма қарала-аяқ,Ағибашқа барам деп жедім таяқ.Түсінсеңші сәулешім айтқан сөзге,Кетейікші жат елге болып саяқ.Табан, табан, табан жол,Сақтаса Құдай аман жол,Сақтамаса жаман жол.Айтқаныма көнбесеңЕнді айналып көргеншеАқ бетіңнен сүйгеншеАғибаш-жаным, аман бол.Ермембет би: Жылкелді, шырағым! Сен Хиуа ханына Мәтжан бимен бірге барып қайтқан екенсің. Қайтып келгесін сол сапарыңды қасыңдағы жігіттермен қызық қойылымға айналдырып, жұртты күлкіге қарық қылып жүр дейді ғой! Біз сол күлкіден құр қалыппыз! Еншімізді бермеймісің?Иса би: Онысы қызық екен.Мәтжан би: Бұ жігіттер олардың сөздерін де, әндерін де үйреніп алыпты. Маған да бір рет көрсеткен. Құдды солардың қасында отырғандай болдым.Иса би: Онда бізге де сол ойындарыңды көрсетсеңдерші...ШымылдықТӨРТІНШІ КӨРІНІС. Хиуа ханы мен Мәтжан. Ақтан. Өскенбай өнері. Жылкелді жігіттерін жинап ойын көрсетеді. Төрде Хиуа ханы. Мәтжан. Ақтан ақын. Өскенбай. Бақшы. Дутаршы. Адамдар.Жылкелді: Құрметті билер мен байлар! Біздің екі кемшілігіміз бар. Соны кешірсеңдер ойынымызды бастап кетеміз.Иса би: Кешірілді деп есептей беріңдер!Жылкелді: Біріншісі: Хиуа ханның келбеті мына Мәтжан бидің інісі Есет палуандай екен деп ойлап қалмаңдар. Есет жабайы домбайдай болса, Хиуа ханы торпақтай-ақ бірдеңе болатын.Екінші кемшілігіміз, олардың тіліне тілімізді келтіре алмадық.Ал бастап кетелік...Жылкелді жігіттері Мәтжанның Хиуа сапарын ойын етіп көрсетеді. Билер көрермен ретінде қарап отырады.Хиуа ханы:  Мәтжан би! Сізді біздің елде жүр дегесін демалып, қонақ болып кетсін деп шақырттым. Адайдың атақты биін көрелік, сыналық, сұралық деген ой келді...Біздің ел өнерін де көрсін, тамашалап көңіл көтерсін дедік.Мәтжан би: Рахмет хан-еке. Бізді көргіңіз келген екен, көрдіңіз. Көркімізге риза боласыз ба, болмайсыз ба, ол сіздің еркіңіздегі нәрсе. Ал қалған сындарыңызға түсуге даярмыз.Сұраңыз. Мүмкін біздің жауабымызға құлағыңыз риза болар! Сынаңыз! Мүмкін біздің кісілігімізге өзіңіз риза боларсыз! Хиуа ханы:  Жарайды... Мәтжан би! Онда біз әуелі, өздеріңіз айтатындай, ауылдың алты ауызына кезек берелік.Кәне бастаңдар!..Түрікпен бақшы өлең бастап кетеді.Мәтжан би: Тамаша! Тамаша!Жылкелді: (Қасындағы жігітке сыбырлайды) Мына сорлы буынып қалған жоқ па?Мәтжан би: Керемет!. Қалайша бұлбұлша сұңқылдайды?Хиуа ханы:  Енді сіздің жігіттерді тыңдалық. Сіздер "Қонақ қадесі" дейтін бе едіңдер?..Мәтжан би: Ақтан бір термеңді айтып бер, қонақ қадесі өтелсін.Ақтан өз термесін айтып береді.Ақтан:Қалағандарың сөз болса,Мен жырлауға құмармын,Шұбалаң құйрық шұбармын,Шапқан аттай саулаймын,Жанған оттай қаулаймын.Не қылғанмен дер күнім,Бұлдыраған таудаймын.Екі атысқан жау болса,Ортасында панамын.Мен – ақ бауыр кер жорға,Әдемі басқан аяғын.Қарасаң көзің жеткісіз,Жылмиып жатқан даламын.Жортар атқа жеткісіз,Ұзын бауыр саламын.Жоғарыдан құйған  Жайықпын,Теңізге құйған аяғын,Мен шығыстың күшті желімен,Ылайлатып ағамын.Сөйлемейін мен неге,Қашаннан да мен өзім,Заржақ туған баламын.Сөйлесем сөзді табамын,Сөйлей, сөйлей аламын.Көпшілік сөйле дегенде,Кідірмеймін жел сөзге,Кеудедегі білгенді,Алдыңа төгіп саламын. Сөйлей-сөйлей берейін,Сөз жүйесін көрейін.Әрі-бері сөйлесем,Бұ да өзімнің мерейім.Сөз дегенің бұйым ба,Сөйлегенім қиын ба,Талай-талай жырладым,Сатырлаған жиында.Хиуа ханы:  Бәрекелді! Тәуір сөз екен.Мәтжан би: Халықтың құлағына жаққан сөздің бәрі тәуір.Хиуа ханы:  "Адайдың Мәтжан биі" деген атақ біздің елімізге де тарап кетті. Айтыңызшы, бұл Адайда батыр да көп, би де көп, бай да көп. Солардың батырлық, билік, байлық бағасы қаншалық? Әлде жай бір әншейін дабыра ма?..Мәтжан би: Хан-еке, Құдай көпсінбесін! Адай көршіңізде сіз сұраған жақсылар мен жайсаңдар жетерлік. Олардың көрсеткен батырлығын, айтқан билігін, көзге түскен сахилығын тізіп айтып шығуыма күндер емес айлар керек болар еді. Сондықтан мен әрқайсысынан бір-біреуін ғана атап берейін...Адайдың Әнеттің ұлы Ер Төлеп деген батыры бар. Сол Төлеп батыр елу рет: бірде жоңғарға, бірде қалмаққа, тағы бірде басқа жаққа жорыққа қол бастап шығып, бірде бір рет жеңіліп көрмеген қолбасшы. Адайлар жауда ерлік көрсетіп қаза болғанды емес, ерлікпен жеңіске жетіп, еліне аман келгенді батыр дейді. Біздің көп батырымыздың бірі сол Ер Төлеп!..Біз қоралап қой айдағанның, келелеп түйе біткеннің бәрін бай атандырмаймыз. Бай деп мырзалығымен аты шыққандарды ғана атаймыз.Батыр Ер Төлептің баласы Мамбетнияз бай, жорықтан қайтқан адайлардың қалың қолының алдынан шығып, шаршап келе жатқан шеруді тоқтатпай, жеті нарға артылған сыбағалы тағамдарды нар үстінен үлестірген. Дәм татырмаған, тойғызған...Ойлап қараңызшы:

  • Бір нар қомында қымыз бен шұбат!
  • Екінші нар қомында қазы мен қарта!
  • Үшінші нар қомында жент пен ірімшік!
  • Тағы бір нар үстінде бауырсағы мен шелпегі!
  • Басқа нарлар қомында да түрлі-түрлі нәрлі астар...

...Жеті нар қатар түзеп жүріп келе жатыр. Жеті сала боп тізілген қол желе аяңдап келе жатқан нарлар қасынан өтеді. Үстіндегілер тағамдарын үлестіріп беріп келе жатады...Хиуа ханы: Қызық екен.Мәтжан би: Адайлар бай деп қонаққа сойған қозысына бата сұрап телміріп тұратындарды емес, осындай қолы сахи, мінезі мәрттерді атаған. Мәмбетнияз бай да солардың бірі...Ал енді білікке келетін болсақ, алыстан арбаламай, осы жерден шешелік. Ханда қырық кісінің ақылы бар дейді. Сіз хан басыңызбен ат шаптырып мені алдыртып отырсыз. Ақыл сұрап отырсыз. Мен сіздің білмегеніңізді білдіріп отырмын. Сонда мен би болмағанда, мен білікті болмағанда кім боламын!?Бірақ мен де адайдың, сіз айтқан, көп биінің бірімін...Хиуа ханы: Шынымен би екенсің. Бәрі сенімді. Бәрі анық. Бәрі түсінікті. Бірақ бір нәрсеге көңілім күпті болып отыр.Мәтжан би: Сұраңыз! Мені сұрау үшін алдырдыңыз ғой.Хиуа ханы:  Нар қомынан жүріп келе жатып тамақ тарату не үшін қажет болған, сіздің адайларға? Жайғасып жатып неге тамақтанбасқа?Мәтжан би: Қазақтың байтақ даласы. Жол ұзақ. Сол күні аулына жарық барында апарып жайлағысы келген екен дейді, шаршап келе жатқан сарбаздарды...Хиуа ханы: Болар. Болар!.. Адайлардың біраз қылықтары мен мінездерін білетін болдық қой! Өздерін олар талай таныстырған...Жарайды бұл әңгімені осылай тоқтаталық...Енді өнерпаздарға күй тарттыралық. Шақыр біздің дутаршыны. Сізде шақырыңыз өнерлі жігітіңіз болса.Мәтжан би: Өскенбайды шақырыңдар.Дутаршы мен Өскенбай кіреді.Хиуа ханы: Екеуің күймен айтысасыңдар. Келісіп алыңдар. Қонақтардың дегені болсын.Дутаршы: Қалай тартысамыз?Өскенбай: Сіз тартқан күйді мен аяқтап отырайын. Мен бастаған күйді сен аяқтап, жаңа күй бастап отыр.Күй айтысты дутаршы бастайды. Бір-екі күйден кейін Өскенбай аяғын жалаңаштап жіберіп, домбыраны аяқ саусақтарымен тарта жөнеледі. Дутаршы алақанын жайып ханға қарайды. Хиуа ханы жеңілгенін мойындайды..Хиуа ханы: Әй, қазақ! Ұрып кеттің! Мәтжан би! Сіз жеңдіңіз! Біздің бұл дутаршыны ешкім жеңе алмайтын!Ал енді Мәтжан би, біз сізге, нар үстінен емес дастархан үстінде құрметімізді көрсетелік...Мәтжан би: Рахмет құрметіңізге, хан-еке! Біз оған да дайынбыз...Дастархан жайылады. Палау әкелінеді.Хиуа ханы: Мәтжан би! Мынау біздің құрметті қонақтарға беретін "Жеті әулие" деген тамағымыз. Жеті түрлі дәмнен жасалады. Ас алыңыз!Мәтжан би алдындағы асқа таңырқай қарайды.Мәтжан би:        Ассалаймағалайкум "Жеті әулие",                            Төбесінде азғантай ет әулие!                            Ет әулиені былайша алып қойса,                            Қалғанының несі әулие?...Мәтжан би шошайған палаудың төбесіне үйілген аз етті екі алақан қырымен кесіп алып өз алдындағы табаққа салып алып жей бастайды. Хиуа ханы таңырқап Мәтжанға қарап қалады.ШымылдықБЕСІНШІ КӨРІНІС. Төбе басы. Тастемір өнері. Сәттіғұл.  Төбе басы. Мәтжан би бір топ кісілермен сөйлесіп тұрады.Тастемір, Шолтаман, Мұрын жырау, Сәттіғұл.Мәтжан би: Мына төбе басынан біздің Бозашы тұтасқа жуық көзге шаланады.  Туған жерді алақаныңдағыдай сезесің!Мұрын жырау: Біздің Маңғыстауда "Қарауыл төбе" аталатын осы секілді төбелер баршылық. Осыларды әдейі үйіп алды ма екен, әлде жаратылысы осылай ма?Мәтжан би: Бұлардың көбі қолдан үйілген үйіктер. Бұрынғы замандарда атақты хандарды жерлегенде басына осындай үйік үйетін салт болыпты дейді.Тастемір: Не деген жанкешті жандар болған, бұрын! Теп-тегіс жерге топырақ тасып тау жасау деген қаншама еңбек!Мәтжан би: Ардақталған атаға деген қаншама құрмет деп те ойла!Шолтаман: Сені "Маңғыстау ойың терең, тауың биік" деп тебірентіп жүрген де осы үйіктер емес пе, Тастемір?Сәттіғұл: Бұл әнді естіген адамдар Маңғыстауда шыныменен аса биік таулар бар екен деп ойлап қалатын болар.Шолтаман: Сонша топырақты қайдан алған десеңші?Мәтжан би: Адам көмуге топырақ табылатын болып тұр ғой, шырақтарым.Тастемір: Маңғыстаудағы қолдан үйілген тау төбелердің ерекше бір қасиеті, бұларға шыққанда жан-жағың аяғыңның астына келеді. Бұлар басқа жердің тауынан биік емес, бірақ қасиеттірек! Нағыз биіктік қасиет! Әлемді алақаныңа салады, аяғыңның астына әкеліп тастайды!Шолтаман: Мәтеке! Әлемдегі ең биік тау басында тұрып, әлемдегі ең биік әнді тыңдап, бір рахаттансақ қайтеді! Сәті түсіп-ақ тұр екен!Сәттіғұл: Жақсы болды ғой! Керек болып қала ма деп, мен домбырамды асына салып едім.Сәттіғұл құрама домбырасын құрастыра бастайды.Мәтжан би: Аттарды дұрыстап тұсап па едіңдер! Тастемірдің даусынан далада жаяу қалармыз.Адамдар көңілденіп қалады. Тастемір домбыраның бұрауын түсіреді.Тастемір: Ал, жаяу қалып жатсақ мені кінәламаңдар.Зор даусымен ән бастап кетеді.Сұрасаң руымды Жаманадай,Қолымда көк қаршыға, томағалы-ай!Ерегес екі талай болған кездеБайрақты бізден бұрын кім алады-ай! Маңғыстау ойың терең, тауың биік,Айналып кете алмадым көзім қиып.Маңғыстау сені тастап кеткеннен соң,Көзімнің жүре алмадым жасын тиып.Мәтжан: Аллатағала Маңғыстауды жаратарда аса мейірімді болған болар! Жарықтық бұ жердің бір міні болсашы! Шаруа баққан қазаққа бұдан артық жер жоқ! Мына Тастемір соны жас басынан қалайша түсінген.Шолтаман: Түсінген де, әніне түсірген!Мәтжан би: Тастемір! Туған жеріңе мына таудан кем емес ескерткіш орнатып беріпсің! Осы әнменен Маңғыстау даңқы биіктей бермек! Рахмет!Мұрын жырау: Тастемір – әрі ақын, әрі күйші, әрі әнші! Жаратқан Тастемірді жаратқанда да, Мәтекең айтқандай, бір мейірлі күні жаратқан болар!Мәтжан би: Шолтаман, шақырылған адамдар түгел жинала алмай жатыр ма, қалай?Шолтаман: Әзірге осы, Мәтеке. Мүмкін, бүгін-ертең жетісіп қалар.Тастемір: Біз екі-үш күннен соң осы тобымызбен жолға шығамыз.Мәтжан би: Бұл асты сіздер тек қана Бәймембет байдың әкесіне берген асы деп ойлап қалмаңдар!Бұл ас – адайлардың барлық өнерлі аталарына да берген асы болмақ! Ауызша айтпағанмен билер көкірегінде сондай ой жатыр шырақтарым!Тастемір: Мәтеке-ай! Тұла бойым дір ете қалды ғой!Мұрын жырау: Бұл ойыңызды айтқаныңыз жақсы болды. Бұл асқа ендігі жерде біз де сіздің түсінігіңізбен қарайтын болдық.Мәтжан би: Өнер иелері сіздерді осы төбе басына мен осы сөзді айту үшін алып шығып тұрмын!Өнер қонған мына сіздерге осы ойды түсіне жүрсін дедім.Тастемір: Мәтеке! Біздің өнер деп жүргеніміз жай ғана дабыра ғой. Нағыз Құдай берген өнер иесі, мына, Мұрын жырау! Бұның бір қонып өткен ауылы туралы ертесіне алты алаш түгел хабарлы болады. Жұртқа жеткізбек деген ойыңыз өзіңізден озып кетеді.Мәтжан би: Тастемір сен де, Мұрын  шырағым сен де, бәрің де бір нәрсені естеріңе ұстаңдар. Ас өткізу –  елге сын!Мұрын жырау: Адайлар талай ас берген ел, талай асты көрген ел. Біраз шаруаны өздері біліп істей бермей ме?Мәтжан би: Асты беру оңай, өткізу жай ғана шаруа, ал аяқтау қиын. Астың жақсы басталып, бірақ ең соңында тас-талқан болып  бұзғанына бірнеше рет куә болғанбыз.  Бұл асты басқаша ұйымдастырып, басқаша өткізу қажет.Мұрын жырау: Естіп жатырмыз.Тастемір: Жастар ән мен жырын айтар-ау! Бірақ ертең тентек шалдар "тентекке жел бер" деп, ас соңында өз өнерлеріне кірісіп кетпесе?Мәтжан би: Өткеннің дұрысы –  өнеге, бұрысы – сабақ! Біз солай түсініп, содан қортынды шығармақпыз.Мұрын жырау: Солай деңіз?Мәтжан би: Сазгер-әншілер өнері  бұл аста ең басты қызығымыз болмақ!Тастемір: Билер келесі аста күй өнерін оздыратын ойы бар екен деп күйшілер қуануда.Шолтаман: Өскінбай Айша деген ғажап биші таптым деп жар салып жүр.Мәтжан би: Асқа әкеле ала ма?Шолтаман: Айша бишінің атасы келісімін беріпті.Мәтжан би: Барлық өнерлілер осы асқа келетін болсын. Әсіресе Қайып, Өскенбай,  Досат, Әділ секілді әншілер қалып қоймасын. Ертерек қамданыңдар.Шолтаман: Тұрсын да тамаша әнші.Мәтжан: Мен аузыма түскенін атап жатырмын. Кім жақсы әнші, кім күйші, кім биші, өздерің білесіңдер. Шақырыңдар бәрін. Ел аузына ілінгендерден ешкім қалмасын.Сәттіғұл: Кім айтты дейміз?Мәтжан би: Билер айтты деңдер. Мәтжан айтты деңдер.Мәтжан би: Өзіміздің жігіттерді жақсылап дайындаңдар. Беттері ашыла берсін. Аста өнер көрсету деген үлкен абырой. Атақ-даңқыңа жол ашады.Мына Сәттіғұлды жас болса да жарысқа қосып алыңдар. Ысылсын.Шолтаман. Сәттіғұл жас болса да, тәуір-тәуір сөздері бар ақын. Айтыста да жақсы танылып жүр...Мәтжан би: Ал тыңдап көрелік онда. Мынау төбе басынан айтылған Сәттіғұл сөзі Бозашыға түгел тарасын!Шолтаман: Өз термеңді айтып берсеші...Сәттіғұл мойнындағы құрама домбырасын қайта құрастырады.Сәттіғұл:Әлеумет келдің құрала,Сұлулар келдің бұрала,Айт дегенде іркіліпҚалғаным жоқ сірә да...Халқыма даңқым білінді,Сонда да мүйіз шыға ма!? ...Мен ежелгі жүйрікпін,Алдына қара салмаған,Құрсанған қара бұлтпын,Шықтаған жерім жаураған.Қайнарлы-көзді бұлақпын,Ортаймаған қауғадан...Жас кезде жырлап қалайын –Бұндай қызық аз боларҚарілік келсе қаураған... ...Дүние деген керуен...Неше бір байлар өтіптіҚоралап малын айдаған,Не батырлар өтіптіШарыққа болат қайраған,Не жақсылар өтіптіҚара басын бір өзіМың кісіге тайлаған,Неше сұлу өтіптіАжары аппақ айнадан,Қаріп пен қасір өтіптіРахат көрмей дүниедеҚаса бір соры қайнаған,Не тәкаппар-шалпы өткенТілі өткір найзадан,Тең құрбылар өтіптіӘзіл айтып жарасыпҚиылып қасы жайнаған......Әркімге нұсқа сөз айттымШығарып жауап майдадан.Несі жігіт жігіттіңТүскен күні алқағаӨнерін топқа жаймаған.Мен мысалы жүйрікпінАуыздығын шайнаған.Алқаға түстім жорғалап,Өлең айттым сорғалап,Домбыра тарттым бұлғалап,Өтер деп дәурен жылдам-ақ,Түскен күн басым құрмағаОтыра алман қорғалап,Қатар жүрген жақсыныңАқ дидарын көргендеАшылар көңілің бір қарап.Жөн білмейтін жаманғаАйтайын десең бір сөздіБата алмайсың қорғалап...Тастемір: Бұ терме сөзі қай жастағы кісі шығарды десе де тұрарлық емес пе! Адайдың бес жүйрігінің бірінікі еді десе де иландырарлық!Мәтжан би: Сәттіғұлдың болашағы бар бала. Тек қана Алла тағала бармақтай бақ бергей!Шолтаман: Әмин! (бетін сыйпайды)Тастемір мен Сәттіғұл да "әмин" деп беттерін сыйпайды.ШымылдықАЛТЫНШЫ КӨРІНІС. Айша биші ауылы. Өскенбай.Той болып жатқан ауыл. Айша биші би билеп жатады. Тойға Өскенбайлар тобы келеді. Өскенбайлар:    Тойларың құтты болсын!                             Тойға той ұлассын! 1- дауыс: Айтсын! Мың бұралған айналайыным-ай!2-дауыс: Не деген биге жаратылған дене десеңізші!1-дауыс: Біздің Айша келіндей биші енді қайтып туа қоймас!!Би аяқталады. Өскенбай Айша жанына жақын барады. Өскенбай: Есенсіз бе, қарындасым! Тамаша билейді екенсіз!Айша: Саламатсыз ба? Танымадық.Өскенбай: Мен қонақ едім.Айша: Қонақ болсаңыз хош келіпсіз!Өскебай: Қонақпын. Бірақ келмей жатып бұйым сұрайтын қонақпын. Қонақтан бұйым сұрау әдеті сіздің ауылда да бар болар?Айша: Бар ғой. Бірақ сіз кімге қонақсыз? Бұйымды қонақ болған үйіңіздің иесі сұрайтын болар.Өскенбай:  Менің бұйымым сізде болып тұр.Айша ойнақыланып:Айша: Күйеуі бар жас әйелден, атасы бақырайып қарап тұрғанда да бұйым сұрайтын қандай адам?Қыз-келіншектер шулап, күлісіп жатады.Өскенбай да ойнақы дауыспен:Өскенбай: Менің бұйымым сіз ойлап тұрғандай нәрсе емес! Менікі басқаша бұйым! Сіздің өзіңізге емес өнеріңізге  қатысты бұйым болып тұр!Қыз-келіншектер көңілденіп қалады.      Айша: Бұйымыңыз Айша деген келіншекте болса онда оңашасын тауып сұраңыз! Ал егер Айша деген бишіде болса, онда бишінің атасы бар. Ауылдың қожасы бар. Алдымен со кісіге сәлем беріңіз.Өскенбай: Биің қадай ғажап болса, сөзің де кем түспейді екен, қарындасымсың ба, келінімсің бе? Мен Өскенбай деген жаңаймын..Айша: Кәдімгі атақты Өскенбай! Домбыраны аяғының саусақтарымен тартатын Өскенбай ма?Өскенбай: Солай десе де болады. Ал атадан ұрқсат аламыз. Барармыз. Сұрармыз. Бірақ алдымен бишінің өзіңнің келісімі керек болып тұр. Келесі жылы Ақ Кетікте ас өткізіледі. Көпшілік алдында билегің келеме?Айша: Келеді, ағажан! Жеке де билеймін. Ғайша деген сіңлім бар. О да биші. Кейбір билерді екеуміз қосылып билейміз. Қажет десеңіз бірнеше қыз болып та билейміз. Жыл бойы үйретемін.Өскенбай: Тамаша! Бұл істің сәті түсетін болды.Айша: Тек қана...Өскенбай: Ол не?Айша: Атамнан ұлқсат алып беріп кетіңіз. Әйтпесе атам... Өзіңіз түсінесіз ғой... Жас келін... бір жаққа барып би билеп... Әттең!.. Жыламсырайды...Өскенбай: Қапа болма! Сіздердің аталарыңмен біз ниеттес, тату кісілерміз. Ұлқсат алу менің мойнымда... Қам жеме... Қыздарға үйрете бер... Бұл тамаша көрініс болады... Күйеуің қарсы болмай ма?Айша: Әдейі сұрап тұрсыз ба? Кекетіп тұрсыз ғой, ә?..Өскенбай: Түсінікті. Сенің өлеңіңді естіп едім... Қалай еді...Жаманды жер қаптырып кетер едім,Сен болдың аяғыма темір кісен... Солай ма?..Айша: Оны қойыңызшы. Өсеке! Мені ел алдына шығарыңызшы! Билегім келеді.Өскенбай: Дайындал. Міндетті түрде атаңнан ұлқсат алып беремін.Айша: Біздің ел биге неге құмар емес екен?Өскенбай: Неге құмар болмасын! Құмар! Тек қана бидің жоқтаушысы жоқ. Енді сен оны алдағы аста елге тарататын боласың. Жоқтаушысы да, қамқоршысы да өзің боласың!..Айша: Билегім келеді де тұрады. Оны кімге айтарсың?Өскенбай: Оны өзің еліңе айтатын боласың! Биің айтатын болады! Дайындал! Мен атаңа сәлем берейін.Өскенбай оқшау тұрған топ адамдарға барып, Айшаның атасына барып сәлем береді.Өскенбай: Ассалаумағалайкум, ақсақал!Уағалайкумассалам! Хош келіпсіз, Өскенбай мырза!Өскенбай: Біз шақырусыз қонақпыз, ағасы!Айшаның атасы: Жақсы ниетті адамның кез келген жерге шақырусыз баруға қақысы бар.Өскенбай: Рахмет! Онда біз де өзімізді бұл тойдың шақырулы қонағымыз деп есептейміз!Айшаның атасы: Жол болсын!Өскенбай: Айтсын! Бәйімбет бай келесі жылы әкесіне ас беретін болып, асқа сауын айтып жүрміз.Айшаның атасы: Қай жерде өткізеді?Өскенбай: Ақ Кетікте.Өскенбай: Теңізден мұз кетіп, сауда кемелерінің Ақ Кетікке келе бастаған кезінде деп жатыр.Айшаның атасы: Дұрыс екен. Жұрт әрі асқа барады. Әрі саудагерлерден керек-жарағын қамдайды.Өскенбай: Билер асты өнерлілер жарысына айналдырамыз деп шешіп қабылдапты.Айшаның атасы: Дұрыс екен.Өскенбай: Дұрыс десеңіз сізден сұрар бір бұйымым бар.Айшаның атасы: Сұра.Өскенбай: Келініңіз ғажап биші. Асқа ауыл етіп үй тігіп, Айшаны билетсеңдер екен.Айшаның атасы: Билетеміз! Неге билемеске! Өзі де жабырқап жүр еді. Көңілі бір көтеріліп қалсын. Барамыз. Билетеміз!Айша қуанышын жасыра алмай қасындағы қыз-келіншектерді дөңгелетіп билеп кетеді.Айша: Атам мені биге апарады. Мен аста билейтін боламын!Айша қуаныш биін билеп кетеді.ШымылдықЕКІНШІ БӨЛІМ.Ас. 1895 жыл. Ас көрінісі.  Шалқыған көк теңіз жағасы. Көше-көше етіп, жарты шеңбер бойына дөңгелете қондырылған жүздеген ауыл. Мыңдаған киіз үй.Бірінші көрініс.Аралбай. Мұрын жырау.  Қоштай. Тұрсын өнері. Үш би.Қоштай үйі. Қоштайдың құрдасы Мұрын жырау (35 жаста). Аралбай. Тұрсын. Адамдар. Тойға сәнденген қыз-келіншектер.Қаумалаған әлеумет. Ортада Мұрын жырау. Өзі сөйлеп, өзі жырлап отырады.Мұрын жырау: Бәйімбет байдың тілегі ме, әлде елдің тілегі ме, ауа тып-тыныш!Аралбай: Талай асқа қатысып едік. Мына ас көңілге қатты қонып тұр.Мұрын жырау: Әр ауылда бір жыршы! Ауыл сайын ойын-сауық!Күресіп те жатыр. Ерлерді қойып, қатындарды күрестіретін болыпты!Қоштай бай: Мен әйелдер жарысын көріп күлкіден өліп қала жаздадым. Мына Мұрын құрдастың қатыны ма деп қалдым, бір қатын зыпытып озып-ақ келе жатыр еді, ышқырына түрген балағы түсіп кетіп, өз балағына оралып құлады да қалды. Ызаланып жылағанын көрсең…Мұрын жырау: Қоштай құрдастың берген матасынан көйлек шықпады, дамбал тігіп алайын деп отырған. Молдау дамбал шыққан болды ғой.Аламдар күлісіп алады.Аралбай: Ақын, күйші дегендердің бәрі айтыскер болып кеткен секілді. Айтысып жатыр! Күй айтыс дейсің бе! Жыр айтыс дейсің бе!Мұрын жырау: Құдай қарасты ғой! Ауа тап-таза. Теңіз тып-тыныш! Бәйімбеттің әкесіне емес өнерге берілген ас болды.Қоштай бай: Әй Мұрын! Сіздердің тұқымдарыңның мұрны мен тілі елге аты шыққан тұқым. Түкірші, тілің өтер. Жел шақырмай жайыңа отыршы!Мұрын жырау: Сен, Қоштай бай, неден қорқып отырсың? Шаңдаққа үй тікпеймін деп, Тұщықұдықтан қырық нар құм алдырып, жер тегістеткен жоқсың ба?Қоштай бай: Мен неден қорқайын! Байқап сөйлеймін. Аңдап басамын. Сақтанып жүремін. Қорықсаң сен қорық, әкең қойған атыңнан айрылып қалып "Мұрын" аталып жүргенің мынау!Мұрын жырау: Жалпы қорқу да теріс қасиет емес.Қоштай бай: Дұрыс айттың Бірақ мен осы жолы өзім үшін емес, мына көпшілік үшін қам жеп отырмын.Мұрын жырау: Көпшілік үшін де қорықпа! Дауыл тұрса осында келіп тығылады. Оларды асырауға сенің байлығың да, мәрттігің де жетеді.Қоштай: Бұ жұртқа қалай жағарсың? Келіндерімнің жұртқа берген асы таза болсын, қыздарымның тойға киген бестақа етігі шаң болмасын деп аз ғана еңбек етіп едім. Енді мынау: жұрттың бәрі шаң-шаң болып жүргенде сен неге тазасың деп жазғырады.Аралбай: Мұрын! Қоштайдың бұл ісі үлгі істердің бірі. Сен құрдасыңды қажап уақытыңды босқа өткізгенше, сол алтын уақытыңды "Қырымның қырық батырына" шығындасаң етті.Мұрын жырау: О да болсын. "Қырымның қырық батырын" бастамас бұрын мен де әуелі Абыл ақын сөзін қайталап алайын…Абыл ақын адайлар туралы сөз бастағанда, ноғайлық жырларын бастардан бұрын ылғи қайталып айтып отыратын бір сөзі болыпты…Аралбай: Сен де қайтала.Мұрын жырау: Абыл ақын адайлар  соңғы 500 жылдан астам мезгілде жиі қоныс өзгертіпті дейді екен. Ылғи соғыс өртінің ішінде жүрді. Әуелі Маңғыстауынан жылжып Қап тауынан асты. Жошы мен Батуға еріп Дон мен Днепрге дейін жетті.   Алтын Орда заманы өткен соң Қап тауынан Алатауға дейін көшіп, Алатаудан  Қаратауға қоныс аударды.  Жоңғарлар жеңілген соң Қаратаудан Маңғыстауға бет бұрды. Кіл соғыс, кіл жорық заман кезінде ер азаматтары ертелей өмірден өтіп, тарихы да дұрыс сақталмады дейді екен…Аралбай: Жастардың есінде қалсын дейтін болар.Мұрын жырау: Құдайға шүкір, өздерінің ата қонысы, қасиетті Маңғыстауына қайта оралғаннан кейінгі жерде адам аттары да жатталып, өнері де сақталып келеді. Сонау Сыпырадан басталған ұлы дарияны Абыл ақын біздерге жеткізіп кетті. Қазір Абылдан басқаларының көздері тірі "Адайдың бес жүйрігі" аталатын ақын, жырауларымыз бар.Қоштай: Бесеу емес, ауыл сайын бір жыршы бар емес пе?Мұрын жырау: Кейбіреулер бізді, жырауларды, қателесіп ақын дейді. Ақын өлең шығарады. Жыршы мен жырау ақынның шығарғанын айтады. Әрине өзіне ұнап жатса. Оны ақындарымыздың атасы Абыл ақынның Нұрымға айтқан сөзінен түсіне аламыз.Абыл Нұрымға: "Өлең жылқы секілді еді де, жыршы сыншы секілді еді. Өлең сөз қадірін жыршы сезінер. Сен ақын едің, және бізден кейінгі буында жүйрік жыршы атанарсың" – депті.Қоштай бай: Құрықтан бұлтарған қашағандай бұлтарып ноғайлық жырлардан қашқақтап отырсың-ау шамасы?Аралбай: Мен де байқап отырмынн Мұрын жырау ноғайлық жырларына  аяқ басқысы келмей отыр. Мүмкін Абыл ақынның өзінен айтарсың.Мұрын жырау: Жарайды. Мен Абыл ақынның бір термесін айтып берейін... Асқар, асқар, асқар тау,Асқар таудың басына,Балапан ұшып шыға алмас.Сұңқардан қыран құс болмас,Соқтасы қатпай аң алмас.Айдын, айдын, айдын көл,Асарлап төксең суалмас.Қабырғасы қатқан кәрі бозҚаржалған күні жүре алмас.Алғыншы алсаң аруды ал,Артыңда жылап қалса кім алмас.Желбезекке жебе дарыса,Өрге балық жүзе алмас.Жеткіншектен айрылғанЖер таянбай тұра алмас.Жез қанаты қайрылсаЛашын тырна іле алмас.Ер жолынан адассаСән-салтанат құра алмас.Тең құрбының ішіндеҚасқия күліп жүре алмас.Аралбай: Абылекем айтқыш қой. Абылдан алты алаш түгел үйренді. Әсіресе Нұрым қасына көп ерді.Қоштай бай: Мұрын! Сенің жырау атың бар емес пе? Қайта-қайта сұраттыра бермей, ең болмаса адайдың бес жүйрігінен бір-бір ауыздан жырлап берші.Мұрын жырау: Аралбай аға осы бұйымды орындау сізге жеңілдірек емес пе?Аралбай: Болсын. Сен Абылекемді еске алып өттің ғой.Мен Нұрымнан бастайын…Мен қашаңғы жүйрігің,Топ ішінде толғаған.Шыныменен шырқасамБабам Қадір қолдаған.Осылайша сөйлесем,Сөз қалама ұртымнан.Көре алмаған біреулерСөз айтады сыртымнан.Хас жүйріктің белгісіДуды көрсе жұлқынған.Айтулы жүйрік мен едімСалдырмай қамшы ұмтылған.Ұсынсам қолым жетер меҚырдан асқан түлкідейҚырмызы қызыл заманға.Айтсам сөзім өтер меАқылсыз туған жаманға.Қайыра қамшы сілтемеСүйекке біткен шабанға.Екі жақсы дос болсаБірін бірі қия алмас.Екі жаман дос болсаБір мекенге сия алмас.Хас жаманға мал бітсеЕбімменен жидым дер.Қатарымнан оздым дер,Бұл күнде өзім болдым дер.Қоштай бай: Бұлардың сөзінде бір мін болмайды ғой! Бал татыған сары қымыз дерсің!Тыңдағың келе береді...Тыңдағың келе береді...Мұрын жырау: Тыңдап отырып бал татыған сары қымызды жұтқың келе береді, жұтқың келе береді...Қоштай бай: Ау бұл үйдің қымызы қайда?Бір жігіт үйден тысқа шығып кетеді.Аралбай: Нұрыммен қатар аты шыққан  Ақтан жырау болды. Бірақ Ақтан абырой атаққа таласпай, ылғи Абыл түгіл Нұрымды өзінен оздыра сөйлеп отыратын еді.Мұрын жырау: Ондай мінез мына Арал-екеңнің өз басында да бар қасиет.Аралбай: Ақтан термесінің бір-екі қайырымы…Қаумалап халқым келгенсін,Селдетпей топан жел сөздіКөрінбейін бекер жек.Мүбәрак ақын дегесін,Сөйледік әуез бес өңдеп.Әуеліден-ақ тіледікБілгенді жұртқа десем деп.Айтады Хақтың каламыЖұмақты сегіз, ДозақтыЕсітеміз жетеу деп.Сол дозақта қалмалықАса алмай жолда мешеулеп.Таңдайына татымас,Абыл менен Нұрымнан,Дәніккен жұртым секер жеп.Қоштай бай: Пай! Пай!Аралбай: Ал Қашаған ақын болса бұлардың үшеуін де өзіне ұстаз тұтқан. Әйтпесе алты алашты аузына қаратқан Қашаған:Көзім көрген адамда:Абыл, Нұрым, Ақтаным,Осылар еді тақтағымОсылай деп маған үйреткенТарихтың ескі ақпарын – деп тегінен тегін айта қоймас еді. Бұлар шетінен ерекше  жандар ғой! Інім деп үйреткен, ағам деп ардақтаған!..Бірін-бірі шәкірт тұтқан!Бірін-бірі ұстаз тұтқан!Бірін-бірі қастерлеп өткен!Мұрын жырау: Аралбай ағамыз Адайдың бес жүйрігінің бірі…  Енді мен Аралбай ағаның бір ауыз сөзін еске түсіріп кетейін… Арал-екең болса жүйріктердің қалған төртеуін де қатты құрмет тұтқан секілді…Жырлап емес, тақпақтап айтады.Қолыма қалам алып хат жазғанмын,Ақындық –  қүрбы көңілін ақтарғанмын.Заманның сатқын, жауыз түрін көріп,Абайлап ақылменен басқарғанмын.Жігітке ақыл, өнер қабат келсе,Аярма қолдан келсе тапқандарын?!Мен өзім "бес жүйріктің" бірі болып,Алқаға түскен жерде мақталғанмын. Алдымда Абыл менен Нұрым болды,Қашаған, Ақтан –  менен бұрын болды.Олардай аса шешен болмасам да,Дүлдүлдей дүсірлетіп дуды көрсем,Ас, тойда ақын атын ақтағанмын!..Мұрын жырау: "Адайдың бес жүйрігі" деген атақты алғаш рет кім ойлап шығарғанын ешкім айтып бере алмады. Бірақ халық осы бесеуіне "бес жүйрік" деген ат тағып алыпты. Өткен бір аста халықтың өзі таққан атын әлеумет алдында билер де жария еткен еді.Аралбай: Бұл атты ойлап тапқан Қашаған ақын еді дейді. Бірақ ол өз атын жүйрік санатына қоспай "Адайдың төрт жүйрігі" деген секілді. Бірақ жүйріктер аты халық құлағына төртеу болып жеткен менен аузынан шыққан кезде бесеуге айналыпты. Бес жүйрік атапты. Қашағанды қосыпты. Әйтпесе нағыз дүлдүл Қашағанның өзі емес пе!..Мұрын жырау: Сол сөз шындыққа жақындау секілді.Қоштай бай: Рас болар. Ал енді мына Тұрсын ертең халық алдында өз өнерін ортаға салады. Билер отыздан озық келді деп осы аста өнер көрсеткендерден жеті әншіні таңдап алатын болыпты.Біз бүгін  оның жарыс алдында аздап терін алсақ қайтеді?Мұрын жырау: Жарыс алдында жүйріктің ащы терін алып қойған дұрыс.Аралбай: Тұрсын жұрт сені тек әнші емес, домбырашы да деп мақтап жүр. Тұрсынның ілме қағысы дей ме?.. Тұрсын қағыс дей ме?..Көрсетші өнеріңді, сол қағыстарыңды...Тұрсын домбырасын қолына алып біраз ойнатып отырады.Тұрсын: Халықтың мақтайын десе тым аспандатап жіберетіні де бар ғой... Мен ертең жұрт алдына "Оймауыт" атты әніммен шыққым келіп отыр. Соны айтып берейін.Оймауыт, Сары Мауыт, Мауыт, Мауыт,Сарымды сағынамын ауыт-ауыт.Есіме беу қарағым сен түскенде,Құладым ақбозаттан есім ауып.Келемін Оймауыттан ойған болып,Беремін қызға сарқыт тойған болып.Сен бол да қызыл түлкі қызар да жат,Тояйын қызығыңа сойған болып.Қымыз бен зереңдер келеді.Қызметші қыз-келіншектер қымыз беруге дайындық жасай бастайды.Шымылдық.Сырттан ас хабаршыларының дауыстары естіледі.Дауыстар: Ертең сәскеде шаңдақ жерге құм төктірген Қоштай бай аулында күрес басталады.Бала күрестің жүлдегері, бала палуан атанып, аулына тай мініп қайтады.Палуандар күресінің жеңімпазы аулына ат мініп қайтады.Түие палуан атанған  боталы інген жетектеп қайтады.Қысқа көрінісҮш би нөкерлерімен асқа тігілген ауылдарды аралап жүреді.Иса би: Ал мырзалар! Көрнекті деп таңдаған үйлерді қарап шықтық. Қай үйді ең озық үй деп танитын болдық?Мәтжан би: Иса-еке! Мыңнан астам үй тігіліпті. Содан біздің кісілеріміз озық деген отыз үйді ерекшелеп шығарды. Отыздан озық деп біздер жеті үйді көріп бөлектедік. Жетеуін де Сіз өз көзіңізбен көріп шықтыңыз. Бәрі де шеберлеріміздің қазақ киіз үйіне деген сүйіспеншілігін айғақтап тұрған үйлер. Жүрегі сезімге, қолы өнерге суарылып жаратылған іс екенін көрдік. Қайсысы озық екенін айтуды Ермембет би екеуміз сізге жүктегелі отырмыз. Байрағының жобасын да тағайындай кетсеңіз жақсы болар еді.Ермембет би: Иса-еке! Бұл жарыста ескеретін бір нәрсе бар секілді. Мына атақты үйлердің көбі байлардың үйі. Байлық пен барлықтың арқасында, басқа өнер иелерінің өнерін пайдалану арқасында дәрежелі болып тұр. Солар ішінде бір ғана орта шаруаның үйі бар. Өздері өнерлі кісілер екен. Ері зергер, әйелі қолы ұсынақты шебер.Иса би: Ендеше біздер сол үйді озық деп жариялалық!Ермембет би: Бәрекелде!Иса би: Онда хабаршылар баршаға жар салсын… Мың ішінде маңдайлы шықты деп отыз үй таңдалып алынды десін. Аттары аталсын.Отыздан жетеуін озық деп жарияладық. Жетеуінің де керегелеріне Хорасан кілемі ілінсін.Мәтжан би: Дұрыс-ақ!Иса би: Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік, жетеуден дүлдүл шыққан әлгі орта шаруаның белбеуіне боталы аруана байлансын!Ермембет би: Олардан сүйінші сұрау керек болды ғой!Мәтжан би: Сүйінші сұраймын дегенше боталы маясын жетектеп кетемін десеші!Иса би: Ендеше, осы аста байраққа бұйырған заттарды басқаға жоралғы деп беру болмасын деп жариялансын! Билер күлісіп алады.Иса би: Аты кім еді, әлгі орта шаруаның?Ермембет би: Қаражүсіп шебер деген кісі.Иса би: Қаражүсіп шебердің керегесіне Хиуа қанжары ілінсін.Қаражүсіптің, үй отағасысының иығына Бұхар шапаны жабылсын.Әйелінің, үй отанасының қолына Қайып зергердің қолынан шыққан құдағай жүзік салынсын.Мәтжан би: Әмин! Алла мұраттарына ұстатқай!Билер жүріп кетеді.ШымылдықЕКІНШІ КӨРІНІІС. Шолтаман үйі. Әділ өнері. Досат өнері. Шолтаман үйі. Сыр бойын, Арқа, Мұғаджар, Нарын, Жайық өлкелерін аралап келген өнерпаз жастар көңіл көтеріп отырады.Досат, Шолтаман құрдастар. Досат пен Әділ өнері. Қызыл орамалды қыздар мен ақ шарқатты келіншектер. Жамал қыздың әні.Шолтаман: Бүгін Әділ мен Досат халыққа өз өнерін сынатады. Билер алдында өлең айтады. Оны қошаметтеу үшін бәріміз осы сәнімізбен, сал-серілер сәнімен баратын боламыз.Жамал: Шолтаман аға! Әділ ағаға "Жайма қоңырын" айтқызалықшы!Келіншек: Жоқ! "Жайма қоңырды" сен айт. Ән иесі өз әнін басқадан тыңдасын. Сен тәуір әншісің. Мүмкін бір пайдасы болар.Жамал: Бізге әншілік қайда? Біздікі бала жұбатарлық жоба болар.Келіншек: Тек, байқап сөйле! Байға шықпай жатып бала дәметпес болар!Жастар күліседі. Қыз ұялып қалады.Келіншек: Әбес сөйлегеніңнің айыбына Сен қыз мына Әділдің "Жайма қоңырын" айтып бер. Саған сондай айып салдық.Досат: Айта ғой қарындасым.Шолтаман: Әділ сен де домбыраңды қолыңа ал. Қосылып отыр.Жамал ән айтады. Әділ қостап отырады.Жарасқан ақсұр атқа қара терлік,Жігітке пайда бермес төтен ерлік.Жабыққан жамандардың ісі дейді,Көңілді айтып өлең көтерелік.Ақсұрым ішін тарта кісінейді,Әншінің шырқау дауыс күші дейді.Қалқатай сүзіле тек бір қараса,Он бес жас бола берсін кіші мейлі.Дауыстар: Бәрекелде! Әнші екен!Әділ: Бұ қыздар менің әнімнің сәнін бізден де асырып жіберіпті ғой! Сынаймыз деп отырып сыналып қалуға айналыппыз.Жамал: Әділ аға, о не дегеніңіз! Әлде, он бес жас кіші болмады деп, бізді келеке қылып отырсыз ба?Әділ: Жоқ қарындасым! Сен нағыз әншісің!Шолтаман: Әнші! Нағыз әнші! Енді біз Әділдің өнер сапарынан не алып қайтқанын естиік! Біздердің бүгінгі басты қызығымыз сол болады.Әділ: Шолтаман аға! Біз сіздің тапсырмаңызбен Сыр сүлейлерінің арасында болдық. Арқаның сал-серілерімен де араластық. Жайық бойын жағаладық. Өнерлерімен танысып қайттық.Досат: Олар біздің әндерімізді айта ма екен?Әділ: Айтқанда қандай! "Босмойынды" екінің бірі біледі. Тіпті біздің серілерге ән арнағандары да бар екен.Шолтаман: Ол қандай ән?Әділ: Мен ол әнді үйреніп келдім. Ол ән бүкіл Арқаны аралап өтіп, енді сыр сүлейлерінің де аузына іліне бастапты.Досат: Мынауың жақсы хабар екен!Әділ: Бұ хабардың тағы бір жақсылығы сол, ән сізге арналыпты, Досат мырза!Досат: Ол кім болды екен, бізге ән арнаған?Әділ: Ғалияның әні деп жырланады. Ғалия жеңгеміз өзінің әнін біздің Досат серіге арнапты.Досат: Солай де… Ойланып қалады.Шолтаман: Жылкелді! Мыналар не дейді? Маңқиып жүріп, бәрімізден озған екен, біздің құрдас! Біз де домбыраны тастап,  қолымызға тостақан аламыз ба, енді!Әділ: Сөздері қандай десеңізші!..Досат: Әділ! Ойнама! Елге тарап кетер. Мына Шолтаман бір естісе ұйқтап жатып түсінде айтып жататын болады. Ағаңды күлкі қылма.Жылкелді: Осы Әділ ерлеп жүр. Сыртқа шықса қалай да бір ән алып қайтады.Шолтаман: Жаңа ән болса, осынша уақыт қалай ішіңе сыйып отыр? Естіртпейсің бе? Естімейміз бе!Әділ: Ыңғайсыз болып жүрмесе?Шолтаман: Айта бер. Ауызға іліккен ән құлаққа жетпей қалушы ма еді. Ертең-ақ ән жақсы болса бүкіл қазақ даласына жайылып кетпеді. Ештеңе етпес. Ұялма.Ақын елдің тілі...Ақын жасы – елмен жасты...Ақын бәріңмен құрдас!Әділ: Дегенмен бұл әнді Досат ағамнан ұрқсат алып берсеңдер ғана айтамын. Әйтпесе…Шолтаман: Мен не, Досат не! Бізді ешкім бөлмеген. Бердім ұлқсатымды. Кәне бастап жібер.Әділ Досатқа қарайды. Ол жымиып, күледі. Қарсылығы аз секілді.Досат: Шолтаман бізді ешкім бөлген жоқ деп отыр ғой. Ол рас еді. Ел бөлмесе менің бөлгенім қалай болады. Оның сұрағы менің сұрағым болады дағы.Әділ: Ендеше айтып берейін. Бұл ән Көкжар маңындағы ел аузына Ғалияның әні деп тарап кеткен ән екен. Көкжарда шыққан ән қазір мына Жем бойына жетіпті, Үстірттен ойға құлай бастады. Міне енді іздей-іздей иесін де тапты.Жылкелді: Ал бастап жібер. Сәттіғұл сен тез үйренгіш едің ғой! Қапы қалма!Әділ домбыра күйін келтірп ап, айтатын әнінің сазын шерте бастайды. Басқа әншілер өз домбыраларымен Әділдің сазын қайталап, үйреніп алуға тырысады.Сәттіғұл: Әділ аға! Мына жерін тағы бір қайталап жіберші!Жылкелді: Ай, Сәттіғұлжан-ай! Артынан түзетіп алмайсың ба!Әділ: О жерін былайша тартыңдар.Жылкелді: Болды! Енді басынан бастап тағы бір ойнап өт…Әділ бұлардың сұрақтарын орындағасын ән бастап кетеді.Жауғашты Көпжасардың қатыны едім,Көкжарда сауық құрып жатыр едім.Адайда әнші Досат кездесіп қапӘні мен қызығына батып едім…Арайлап талай таңым атып едің,Махаббат қызығына батып едім.Көкжарда сауық құрып жатып едім…Талай таң Досатпенен атып едің.Махаббат –  Досат мырза, сенің сыйың,Байымнан таяқ дәмін татып едім?..Арайлап талай таңым атып едің,Махаббат қызығына батып едім.Шолтаман: Сен әлгі "Босмойын деген әніңді осы келіншекке шығарып па едің?Досат: Байына да хабар жеткен екен, Ғалия сорлының!Шолтаман: Жеткен сайын ерегескен секілді. Атыңды айтып ән шығарыпты ғой, тіпті. Ал енді өзің оған шығарған әніңді айтып берші.Досат: Қойыңдаршы!Шолтаман: Қалай қойыңдаршы? Ғалияға жауап бер! Ая, оны!Махаббат –  Досат мырза, сенің сыйың,Байымнан таяқ дәмін татып едім?..Таяқ жеп жатыр, Жұбат!Досат: Бұл айтқызбай қоймас!Досат "Босмойын" әнін айтады. Досат домбырасыз, әдемі күмістелген зереңмен аузынан шыққан дыбысты өзгерте отырып ән салады.Айта бар, барсаң сәлем босмойынға,Бос болса, келіп кетсін осы ойынға.Құс жастық, патшай көрпе белден мамық,Жатады қандай жігіт сол қойынға.Көкжарда көп жатқанда ай жатармыз,Самаурын саздың суын қайнатармыз.Осыдан салқан түсе елге жетіп,Көздерін босмойынның жайнатармыз.Жамал: Мына екі ән де өз иелеріне қандай мәңгілік махаббат сыйлаған десеңізші...Шолтаман: Әдемі айттың-ау, Жамал!Келіншек: Мәңгілік бақытқа кенелген жандар екен!Жамал: Махаббат пен қоса өздерін-өздері мәңгілік ғұмыр иесі етіпті.Шолтаман: Ән бұларды көңілдендіре ме десек, қалың ойға батырып барады ғой. Әділжан өз әніңе салып жіберші.Әділ өзінің "Әділдің қара әні" аталатын әнін айтады.Ой, дөңгей мына дөңгей, дөңгей, дөңгей,Дауысым ашылмайды шыға желмей.Кешегі бес болыстың базарында,Алқада алшаңдадым бәйгі кердей.Түйемді ойтаң жерге шөгергенім,Соңына салқамдықтың көп ергенім.Жарты құрт жанқалтадан жарып жеген,Құрбыдан сүйтіп жүрген не көргенім.Келіншек: Мен осындай өлең шығарып, сөз жазған ақындарға түсінбеймін. Мына Әділге "Құрбыдан сөйтіп жүрген не көргенмін" деп зарланады да, бір құрбысына наз айтпайды. Әлі күнге сүр бойдақ боп жүргені.Ал енді мына қыздың даусын тыңдап көріңдерші, ол Жамалды Досаттың өзінен де жақсы айтады.Досат елең ете қалады.Досат: Қалқам, айтып берші! Мына келіншек тым қызықтырып жіберді ғой.Жамал: Мен  "Жамал" әнін отырып айта алмаймын. Тұрып айтсам бола ма? Досат аға, өзіңіз сүйемелдеп жіберерсіз.Әттең! Осы ән арналған Жамал өзім болмағанына өкінемін...Келіншек Досатқа домбыра ұсынады. Досат домбыраға ұмтылмайды. Домбыраны Әділ қолына алады.Ерекше сезіммен Жамал "Жамал" әнін шырқап береді.Алқызылдың басында ала ноқта,Айналайын, қарағым, еркем тоқта, Жамал-ай.Бірге отырған ауылым көшіп барад,Әнәугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па, Жамал-ай.Қайырмасы:        Жамал-ай! Жамал-ай!Не жаздым қалқам, саған-ай!Ұстағаным қолыма бұйда пышақ,Жамал сені көрдім де жайдым құшақ, Жамал-ай.Ақ жүзіңе Ақжамал болдым риза,Айдын көлдің аққуы саған ұқсап, Жамал-ай.Қайырмасы:   Жамал-ай! Жамал-ай!                         Не жаздым қалқам, саған-ай!Досат: Шыныменен зор сезіммен айтады екен! Әл енді иесін тауыпты. Қарындасым, мен ендігі жерде сен отырған жерде бұл әнді айтпайтын боламын!Жамал: Мен шыныменен әншәмін бе?Досат: Әншілердің серкелерінің бірісің! Әнді сүйіп айтады екенсің!Жамал: Сіз де солайсыз ба?Шолтаман: Досат ән салғанда әнін өзінен қызғанып отырады. Тіаті қолына домбыра алмай, тостаған ұстайды. Даусын әсерлейді.Досат: Мен әнді ат үстінде жортып келе жатып көп айтамын. Содан қалыптасқан әдет қой!Сырттан сатырлаған дабыра дыбыстары естіледі. Бұлар селт етіп дыбысқа құлақ түреді.Ас хабаршылар дауысы: Ертең түс мезгілінде Өскенбай аулының қасында Айша бишінің өнерін тамашалаңдар!ҮШІНШІ КӨРІНІС. Ас көріністері. Құдайға шүкір!.. Сәнді келіншек... Күрес...Арыз... Шет елдіктер...1 - қысқа көрініс. Құдайға шүкір!.. Үш би нөкерлерімен асқа тігілген ауылдарды аралап жүреді.Үш биге қоңқақ мұрын бір шал сәлем береді.Шал: Ас-салау-ма-ғалай-кум, билер!Билер: Уа-ғалай-кум-ас-салам!Мәтжан би: Шырағым, қай жақтың адамысың?Шал: Мырзайыр, Ондыдан келдім... Тоқабай аулынанбыз.Қоңқақ мұрын шал өтіп кетеді.Мәтжан би: Құдайға шүкір!..Ермембет би: Неменеге шүкіршілік айтып келесің?Мәтжан би: Өз еліміз екен ғой... Әйтпесе әлгінің түрін көріп Кавказ асып кеттік пе деп зәрем кеткені...Ермембет: Шыныңды айтшы Мәтжан! Осындай сөздерді бұрыннан ойлап қоясың ба, жоқ әлде, сол бойда аузыңа түсе кете ме?Мәтжан би: Әрине ойлап, дайындап қоямын, Ереке!  Қазір алдымыздан бір көзі кем кісі кездсіп қалса не айтамын деп ойланып келе жатырмын.Қасындағылар Ермембет бидің бір көзі соқыр екені еске түсіп жымыңдап, күлісіп қалады.Ермембет: Тілің кесілсін сен жары!Иса би: Мәтжан сөзге шебер ғой. Оның аузына сөз салып тұратын періштелері тым тез қимылдайды.2 - қысқа көрініс. Сәнді келіншек...Ас. Тойға сәнденген қыз-келіншектер. Орталарында ерекше сәнді, зергерлік бұйымдармен безендірілген камзолы бар келіншек. Бұлардың қасынан бір қарт кісі өтіп бара жатады. Кенеттен тоқтай қалып қарт адам сәнді келіншекке сәлем береді.Кісі: Ассалаумағалайкум!Сәнді келіншек: Есенсіз бе, шырағым!Кісі: Бар бол, балам!Кісі өтіп кетеді.Екінші келіншек: Атаңдай кісіге шырақ деуге қалай аузың барды?Сәнді келіншек өтіп кеткен кісінің артынан сәлем етеді.Үшінші келіншек: Мәс-саған! Біреудің ізіне сәлем етіп... Жаңа әдет шығарып, біздің басымызды бәлеге қалдырайын деген екенсің, сен қатын!Сәнді келіншек: Ол кісі сәлемін маған берген жоқ! Мен де сәлемімді о кісінің өзіне арнаған жоқпын!Екінші келіншек: Әлгі кісінің де оңып тұрғаны шамалы. Қызындай адамға әуелі сәлем береді де, артынан барып "бар бол, балам!" дейді. Алжи бастаған біреу болар.Сәнді келіншек: Ол кісі сәлемді маған берген жоқ дедім ғой! Екінші келіншек: Енді кімге берді?Сәнді келіншек: Ол сәлемін менің өңірімдегі ескінің көзіне берген болар...Екінші келіншек: Кімнің көзі?Үшінші келіншек: Ескінің көзі болғанда кімнің көзі?Сәнді келіншек: Мынау (өңіржиегін сыйпайды)... Қожа бабамыздың Ақжұлдыз енемізге жасатқан өңіржиегі екен. Бұл ғажап дүние! Біздің жеті апамыздың жеті енеміздің өңірін сәндеген, көркін келтірген бұйымдар. Оған әлгі кісі түгілі оның жеті атасы түгел сәлем берген болар...Екінші келіншек:  Қожа бабаң Қожаназар да, Ақжұлдыз енең атақты Ақшолпан ғой?Сәнді келіншек: Со жарықтықтар!Үшінші келіншек: Бұл Жаңай аулының қатындары шетінен дана!Екінші келіншек:  Шетінен дана болса, жаңай аулының келіндерге беретін тәрбиесі дұрыс болар!Үшінші келіншек: Мына қатынды қыз күнінен білетін едік!Ескінің көзі дейді…  Жеті атасы түгел сәлем берді дейді… Қалай өзгеріп кеткен?..Сәнді келіншек: Жағағы кісі атақты зергерлердің бірі болар… Асылы, ол адам мына дүниені танитын да шығар…Екінші келіншек: Мүмкін…Сәнді келіншек: Ал мен болсам адам ізіне емес, оның өнерге деген, ата-баба мұрасына деген құрметіне сәлем бердім…Екінші келіншек: Сен бұ заттарды қызыңа қалдырасың ба?Сәнді келіншек: Не қызыма, не ақылды қайынсіңліме сыйлауға тиістімін…Екінші келіншек: Қашан сыйлайсың?Сәнді келіншек: Оны бір Құдай біледі! Әзір ешкімге бермек ойым жоқ!Үшінші келіншек: О қыз ұзатылмай ма? Басқа жаққа алып кетпей ме?Сәнді келіншек: Жоқ, алып кете алмайды. Ол ұзатыларда жақсы көрген жеңгесіне сыйлап кетуге тиісті.Үшінші келіншек: Бұ жаңайлар сараңдықпен атағы шыққан ауыл дейді ғой! Мынадай асыл затты қалай көзі қисын!Екінші келіншек: Сонымен мына өңіржиекті саған бір ұзатылып бара жатқан қыз сыйлаған екен-ау! Жақсы жеңге бола білген болдың ғой! Ал сен бұны жасың жеткесін аулыңның бір қызына сыйлайсың, солай ма!?Сәнді келіншек: Солай!Ас хабаршылары өтеді.Дауыстар: Ертең сәске Бәймембет ауылында күрес басталады.Бала күрес болады – бала палуан аулына тай мініп қайтады.Палуандар күреседі – жеңімпаз аулына ат мініп қайтады.Түие палуандар күресінің жеңімпазы Хорасан кілемін жапқан боталы інген жетектеп қайтады.3 - қысқа көрініс. Күрес...Қаумалаған халық. Жігіттер күресіп жатады. Дауыс: Іштен шал!Дауыс:  Жамбасқа сал!Дауыс: Бәйгі аттары келіп қалды.Палуандардың бірі бойын тіктеп "қай жақта" деп сұрайды. Соны пайдаланған екінші жігіт оны жамбасқа салып шалқасынан түсіреді де аттар келетін мәре жаққа жүгіріп кетеді. Қалған жұрт та соның соңынан ереді. Аңқау жігіт орнынан тұрып жатып:Аңқау палуан: Қай жақта? Алдыңғы ат баран ба, құла ма?Жан-жағына қарайды. Ешкім жоқ екенін көріп таңданады...4 - қысқа көрініс. Арыз...Үш би асқа тігілген үйлерді аралап жүреді.Қастарында Шолтаман бастаған үш-төрт кісі. Екі кісі арыз айтады. Бірінші кісі: Ассалаумағалайкум, адайдың атақтылары!Екінші кісі: Ассалаумағалайкум, інілерім!Билер сәлемдеседі. Екі кісі жарыса арызым бар дейді.Иса би: Екеуі жарыса арызым бар деп тұр. Реті екеуінікі бір арыз болар. Әуелі қайсысын тыңдасақ екен?Ермембет би: Мына кісі інілерім деді. Соған қарағанда ауыл адамы болар. Ана кісінің сөз саптауы алыстан екенін байқатты. Сол кісіден бастасақ дұрыс секілді.Иса би: Дұрыс болар. Ал, сіз бастаңыз.Бірінші кісі: Мен осы асқа келген адайлардың құдасы едім.Руым Ысық. Мына кісі менің құдам. Руы Жеменей. Құдам орынсыз менен бір үйір жылқы даулайды.Иса би: Ал сіз сөйлеңіз.Екінші кісі: Жиырма жылдан бері құдамыз. Талай малымды алып еді. Артық әңгімеге бармап едік. Осы жолы жаратып жүрген атымды мына ысықтың баласы ұрлап мініп кетіп, зорықтырып өлтірді. Бәйгі алып жүрген жүйрік еді. Ер құнын сұрамадым. Қыз қалыңын сұрап тұрмын.Иса би: Сіз не айтасыз?Бірінші кісі: Мен не айтайын. Мынаның баласы деп тұрғаны өзінің туған жиені. Нағашысының қандай екенін білмеген балам тентек пе, жиенқұрық салғызбаймын деп тұрған нағашысы тентек пе, арасын айыра алмай сіздерге арыз айтып тұрмын. Адайлардың өздерінің сөзі секілді еді, "іші боқ, сырты түк бір мал емес пе еді?". Соғымына бір семіз беруге даярмын. Оған көнетін құда жоқ.Екінші кісі: Ол жиенқұрықтың малы емес болатын. Ол тұлпар еді. Ол халқымыздың абыройы еді. Менің сұрағанымды алып беріңдер.Иса би: (билерге қарайды) Бұ дауға билікті кім айтса жарасар екен?Ермембет би: Аузы жүйрік, ойы ұшқыр жасымыз Мәтжан бар ғой!Мәтжан би: Рахмет Ереке! Бірақ даудың бір жағында сіздің ауылдың аты аталып тұр. Сіздің бір ауыз сөзіңіз осы дауды осы арада бітірер еді-ау деп шамалаймын.Иса би: Бұ да дұрыс екен. Онда бұл даудың шешімін Ермембет би айтады.Ермембет би: Жарайды, маған бұйырсаңдар мен айтайын, аузыма Алла не салар екен!?Билер маңына жұрт жинала бастайды.Ермембет би Жеменей ағасына қарап сөйлеп кетеді.Ермембет би: Әй, аға!Қыздарыңды кім көрінгенге бересіңдер,Сосын дауға қалып, көресіні көресіңдер!Мынадай ас болып жатқандаЕнді маған деп тұрғаның төресін бер! Құдаң тұр өзіңе өкпелеп,Өнбейтін дау қуасың деп!Сен тұрсың қызыңа өкпелеп,Қалайша ұры бала туасың деп! Бұндайда атаң қазақ: "Өнбейтін даудың соңынан өспейтін жігіт қуалар!" – деген еді. Бұл дау – орынсыз дау! Қазақ атыңа, нағашы атыңа ұят емес пе? Жиенің мінген аттың майын даулап! Арғымақ дейсің! Арғымақ болса алқынбас еді! Арғымақ болып алқынса, жаратқаныңның өтірік болғаны!Билік мынау! Ат ұрлаған құда баласының жиендігін ескеріп,  ұрланған ат орнына бір ат қоссын.Ұрланған аттың мына жеменейдің өз сөзімен айтқанда адайдың абыройы екенін ескеріп:малына ие бола алмағаны үшін;жиенінің жиендігін көтере алмағаны үшін;адай елінің абыройын асырып жүрген бір жүйрігін сақтай алмағаны үшін мал иесіне жеті жылқы мөлшерінде айып салынсын. Ол малдар осы өткізіліп жатқан ас шығынына қосылатын болсын!Бірінші кісі: Бәрекелде! Міне әділдік!Дауыс: Жаса Ермембет! Осылай шалқымасаң Есен Ермембет аталар ма едің!Дауыс: Тоқал ешкі мүйіз сұрай барып құлағынан айрылыпты деген осы болады!Екінші кісі үнсіз қалады.Иса би: Билік дұрыс айтылды. Орындалуын да Ермембет би өзің ескере жүрерсің.Ас хабаршылар дауысы: "Палуан тасты" көтеру сайысы басталғалы жатыр.Асығыңыздар!Қатысыңыздар!Жеңген жігіт аулына ат мініп қайтады!Мәтжан би: "Палуан тас" жарысын көрсек қайтеді?Иса би: Жақын ба? Баралық.Билер жүріп кетеді."Палуан тас" жарысыАлаң ортасында жатқан "Палуан тас". Дәмелі кісілер күштерін байқап көреді. Бірақ ешкім көтере алмайды. Орыстар мен тау халықтары да күшін сынап көреді.Дауыс: Немене, адамдар ұсақталып бара ма? Өткен жылы екі адам көтеріп еді!Ұйымдастырушы: "Палуан тасты" көтеруге дағыстандық қонағымыз Шәміл мырза талап жасамақ!Шәміл ортаға шығып, әрі жұлқып, бері жұлқып, тізесінен асыра алмайды.Ұйымдастырушы: "Палуан тас" жарысына қатысуға осы асқа арнайы шақырылған,  өткен жылы жүлдегер атанған қонағымыз әзірбайжан Мұхаммет мырза ортаға шығады.Мұхаммед: Өткен жылы мен терімді жарақаттап алғанмын. "Палуан тас" шүбірекпен оралсын!Ұйымдастырушы: Мата әкеліңдер!Мата әкелінеді.Ұйымдастырушы: Мұхаммед! Сөзге қалмалық. Өзің орап ал!Тасты Мұхаммед матаман орайды. Бұл да көтере алмайды.Ұйымдастырушы: "Палуан тасты көтеруге Аштархандық қонағымыз Иван мырзы талап қылмақ!Орыс Иванда көтере алмайды.Бір қазақ шал жас жігітті жетектеп келеді. Тартыншақтағанына қарамай сүйреп келеді.Қазақ шал: "Иа Бекет!" деп бір жұлқып көрші!Жігіт ораған шүбіректі алып тастап, тасты салмақтап қарып, ыңғайлап ұстауға тырысып жатады.Ұйымдастырушы: Бұ жігітті кім деп таныстырамыз!Қазақ шал: Қаратау, Ондының Тоқабайы! Тоқабай Қосан десең жарап жатыр!Қосан: Иа Бекет!...Қосан "Палуан тасты" төсіне шығарып, тұрған жерінде бір айналып шығады.Қосан: Иа Бекет!... Қосан тасты тастап жіберіп, секіріп кейін атып кетеді.Жұрттың қошамет даусы естіліп жатады.Иса би: Азаматым-ай! Абыройымызды әлемге тарататын болдың-ау!Ермембет би: Әлгілердің көкірегіндегі астамшылықты бір сәтте өшіріп бердің-ау! Жаса шырағым!Ұйымдастырушы: Жеңімпаздың атын әкеліңдер!Жұрт "Бекет ата аруағы!" деп шуласып жатады.ШымылдықТӨРТІНШІ КӨРІНІС. Айша биі. Өскенбай. Билер ас болып жатырған ауылдарды аралап жүреді.Иса би: Мәтжанның асты түгел аралап шығалық дегені дұрыс болды-ау деп ойлаймын! Көп нәрсені көріп, көзімізді жеткіздік.Шолтаман: Мәтеке! Реті келсе Айша биін көрсет деп сұрап едіңіз! Сәті түсіп тұр.Мәтжан би: Жақсы!Шолтаман: Анау Айша биші атасының ауылы! (билер солай қарай жүреді).Айшаның атасы мен Өскенбай сөйлесіп тұрады.Айшаның атасы: Өскенбай інім! Саған берген уәдемді орындадым! Келінім Айшаны да, Айшаның сұрағы бойынша сіңлісі Ғайшаны да алып келдім бұл асқа.Өскенбай: Рахмет, аға! Мен Айша өнеріне өте разы болдым. Өнеріне бір күй арнадым.Айшаның атасы: Кәне тартып қарашы. Келініме татыр ма екен!Өскенбай: Тартайын.Өскенбай Айшаны шақырады.Өскенбай: Айша! Мынау сенің өнеріңе арналған күй. Атаң тартып бер деп сұрап тұр. Сен де тыңда.Өскенбай күй сазын тарта бастағанда Айша дене қозғалысымен күй ырғақтарын бейнелей бастайды. Содан кейін билеп кетеді.Ғйша да аз уақыт тыңдап тұрып, Айшаға қосылып билей жөнеледі...Осы сәтте билер келеді. Шолтаман: Сәті түсіп дәл келіппіз ғой! Айша мен Ғайша билеп жатыр екен. Мәтжан би: Мынау балалар буынсыз ғой!Ермембет би: Бұ адам баласының қолынан келмейтіні болсашы!Иса би: Халық айтса қалып айтпайды деген осы. Бұлар нағыз бишілер екен. Біз Хиуа халқының билерін, орыстар биін көріп жүрміз. Бірақ мына балалардай бишілерді көрмеппіз.Күй мен би тоқтайды. Өскенбай билерге келіп сәлем береді.Билер амандасады.Өскенбай: Мына кісі Айшаның атасы.Айшаның атасы: Біздің асқа қосқан үлесіміз болсын деп, үш күн бойы ауыл тастамай балалар өнерін көрсеттік.Мәтжан би: Мыналарың бір көргенділік болған екен!Өскембай:  Айша биін ел көрсе деп арман етіп едім. Елден жақсы бағасын алып жатыр. Кеше бір әйел  қолындағы жүзігін шешіп беріп еді, бүгін бір қыз құлағындағы алтын сырғасын ағытып берді.Мәтжан би: Халық өнерліні таниды.Иса би:  Өнер өзін мойындатады.Ермембет: Құрметке бөленіп жатыр екенсің! Бәрі құтты болсын, Айша, қарғам! Биіңді көріп, көзіміз қуанды.Айша: Рахмет аталар! Сіздерге арнап біз Ғайша сіңлім екеуміз қазақтың халық биі "қос қарылғашты" билеп берелік...Қос қарылғаш секілді боп Айша мен Ғайша шығады. Ар жағынан көп қарылғаштар тобы, биші қыздар көрінеді...ШымылдықБЕСІНШІ КӨРІНІС.Билер орталық алаңға келеді. Жарыс қортындысы. Дау.Әр жерден жұртты тыныштыққа шақырған дауыстар естіледі.Дауыстар:   Иса би сөйлегелі жатыр.Тыныштық сақталық!Билер шешімі жарияланады.Әнші өнерпаздар жарысының қортындысы айтылады!Билер ортаға шығады.Иса би: Аман-есенсіздер ме, алқалаған әлемет!Бәйімбет байдың әке рухына берген асын Аллатағала қабыл еткей!Осы астың арқасында үш күн бойы ата-баба рухын тірілттік!Көптен кездеспеген ағайын басын қостық!Асымыз тойға айналды! Аламан бәйгі, дөнен жарыс, тай жарыс, атан жарысы  секілді дәстүрлі жарыстар өткіздік. Күрес те үш сатылы өтті. Бала палуан, аға палуан, түйе палуан деген күрестер өткізілді. Ақындар айтысы мен күй айтыс өз алдына бір бөлек. Жаяу жарыс пен әйелдер күресінің қызығы да олқы болмады. Жеңімпаздарға байрақтар берілді. "Тойдан тобықтай" деген дәстүріміз бойынша асқа атсалысқандардың бәріне де сыйлықтар тапсырылды.Бұл астан алған байрақтарыңыз бен атақтарыңыз құтты болғай! Әкеден балаға, баладан ұрпаққа дарып жұғысты болғай!Дауыстар: Әмин!Дұрыс болған.Айтқаның келсін!Иса би: Ал, әлеумет! Үш күн бойы жарысқа қатысқан отыз әншінің әнін тыңдадық. Құлағымыздың құрышын қандырдық. Риза болдық.Дауыс: Бұрын бұндай қызық көрмедік.Иса би: Ұзақ жылдар бойы:Жасын жұтып ас етіп,Қайғысын жұтып тас етіп – дегендей жағдайда жүріп, шын жүйріктеріміздің өнерлеріне көңіл бөле алмаппыз. Олар өздерін өздері қамқорлаумен болыпты. Халқымыз, мына өздерің, халық өнерін қамқоршысыз қалдырмапты.Соның арқасында өткен жылы "Адайдың бес жүйрігі" деген атқа ие етіп, бес ақынымызды елге таныс еттік.Ал осы аста әрі әншілік, әрі сазгерлік өнерлерімен көзге түскен отыздан озық шыққан жетеудің атын атаймын.Отыздан озық деп танылған жеті өнерпазымыз халық алдына шықсын!Шолтаман! Жұрт шулап "Шолтаман, Шолтаман!" деп айқайлайды.Әділ!   Жұрт шулап "Әділ, Әділ!" деп айқайлайды.Тұрсын!   Жұрт шулап "Тұрсын, Тұрсын!" деп айқайлайды.Досат!   Жұрт шулап "Досат, Досат!" деп айқайлайды.Жылкелді! Жұрт шулап "Жылкелді, Жылкелді!" деп айқайлайды.Тастемір!   Жұрт шулап "Тастемір, Тастемір!" деп айқайлайды.Өскенбай!  Жұрт шулап "Өскенбай, Өскенбай!" деп айқайлайды.Иса би: Ортағы шығыңдар! Халық көрсін!Өнерпаздар ортаға шығады. Халық қошамет көрсетіп, шуылдасып жатады. Әркім өз қалауын айтып, жеті әнші аттары кезек-кезек аталады.Иса би: Тынышталыңыздар, халайық! Бұлардың бәрі бірдей дүлдүл жүйрік екен! Кім озық деген сұраққа жауап беру қиынға түсті.Дауыс: Кім озар дейсің? Өз ағайыныңды оздырасың-дағы!Иса би: Әй шырағым! Аузыңа саларда ас адалдығына, айтар кезде сөз әділдігіне мұқият бол демейтін бе еді.Ермембет: Аузы жаман елді былғайды, Аяғы жаман төрді былғайды. Адамға арам ойлы болғанмен, арам сөйлеу міндет емес!Дауыс: Сіздер жылтыраған сөздеріңмен елді алдауды қашаннан да үйреніп алған адамдарсыңдар! Бұл жолы алдатпаймыз!Иса би: Біз ел өнерінің өрісін молайтамыз деп, еліміздің атағын шығарамыз деп еңбек еттік деп жатырмыз. Бұл аста екінші болған келесі тойда бірінші болар... Әңгіме халық өнерін дамытуда, дәріптеуде...Иса би: Сонымен отыздан озық жүйрігіміз деп, біздер Медет Теңізбайұлы Жылкелдіні таныдық!Қуанышты дауыстар селі басыла бергенде:Дауыс: Айтып едік қой! Өз ағайынын оздырады деп! Сенің сөзің түгіл ісіңе де сенуден қалғанбыз! Кім бұны астың бас биі етіп тағайындап жүрген?.. Халайық Исаның ешқандай шешімінде дұрыстық бар деп мойындамалық!..Ермембет би: "Қияңқы адам несібесін қиямпорыстықтан іздейді" деген бар! Халықтың үш күн бойғы көрген қызығын харамдамайық! Халықтың мерекесін тәркі етудің сылтауын іздестірмейік ағайындар!Дауыс: Исаның би аты жоқ па? Өзі жауап берсін!Ермембет би: Иса-еке! Мына кісі ауыр сөз айтып тұр ғой. Жауап қайтармайсыз ба?Иса би: Егер мені бір есек теуіп жіберсе, мен сонда есекпен де тебісіп жатуым қажет пе екен!Мәтжан би: Дегемен  жауапсыз қалдырмаған дұрыс секілді болып тұр!..Бәйімбет бай: Бұлар ертең мен бүй деп едім, билердің бірі де  аузын аша алмай қалды деп жүретіндер ғой...Иса би: Жауапты кім бергені дұрыс?Иса Мәтжанға қарайды. Мәтжан басын изеп, қамшысын көтеріп ортаға шығады.Мәтжан би: Уа, әлеумет! Орталарыңда Иса биге, осы асты осындай дәрежеге дейін жеткізіп, ас етіп өткізуге тырысқан барлығымыздың еңбегімізге күйе жағуға тырысатындар барлығы байқалды.Ермембет би: Халқым деп шөп басын сындырмағандар, жел сөзбен ел назарын өздеріне аудармақ.Мәтжан би: Олар бір жыл бойы осы асты дайындауға, өткізуге терін төккендерге ауыр кінә тағуға, орынсыз жала жабуға тырысуда...Иса би тентек сөзін елемелік: "Бір есек теуіп жіберсе сол есекпен тебісіп жату қажет пе?" – дейді. Дегенмен Ермембет би жауап қайтарған дұрыс деп, мені жұмсап тұр...Дауыстар: Сөйле Мәтжан би! Жақсылап айт!Мәтжан би: Адай елі осында келіп қоныстанғанғанына жүз елу жыл шамасы болған екен. Содан бері бір ауамен дем алып, бір топырақтың нәрін сорып, бір емшектен уыз еміп келе жатырмыз. Бірақ сол қасиетті ауа мен сол ана сүті барлық адамдар мінезін бір қалыпқа құйып шығара алмайтынға ұқсайды. Оның себебін өзімізден іздейміз бе, әлде жаратылыстан іздейміз бе?Әуелі өзімізден іздесек:Өсейін деген өрісін молайтады,Өшейін деген керісін молайтады дейді, бұрынғылар...Қазірдің өзінде керістің басын бастап беруге даярлар бар екеніне көз жетіп тұр. Иса би бір жыл бойы елім өнерлі еді, сол өнер өрісті қалай өркендетемін деп бізді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды. Бір жыл ішінде ұлы жиын алдына ұялмай шыға алатын отыз әнші дайындаппыз... Исаның кінәсі осы ма?Ал жаратылыстан іздейтін болсақ одан да жауап табамыз. Ойға оралып тұрған сөз ауырлау. Айтқым келмей тұр.Дауыс: Айт! Айтсашы!Мәтжан би: Алла тағала өзі жаратқан барлық жан иелерін сан түрлі жаратыпты. Адам пендесінің ақылы жетпес құбылыс көп.Әлгі адам сондай айырмашылығы бар адам болар! Оған көңіл бөліп әңгіме етудің қажеті болмас!Дауыс: Неге қажет болмасын! Айт, айырмашылығын! Жары Мәтжан!Дауыстар: Қандай айырмашылық! Біз де естілік! Айт Мәтжан би! Сіздер, биліктеріңді жылы үйде, жұмсақ төсекке жайғасып алып бір-біріңе айтқанша, осылай халық алдында да айтсаңдаршы!..Мәтжан би: Олай болса тыңдаңдар!…Жалғыз  Алла жаратқан бір жан иелері болады, барлық ішіп- жегенін сүтке айналдырады!…Аллатағала жаратқан бір жан иелері болады, барлық ішіп- жегенін уға айналдырады!…Сары уызбен ауызданып, ақ сүт еміп өскен бір адамдар болады, жегенін балға балайды, көргенін қызыққа бағалайды!…Сары уызбен ауызданып, ақ сүт еміп өскен бір адамдар болады, жегені тілінен у боп тамады, басқаның жақсылығы көкірегіне күншілдік отын жағады. Содан барып, тәні уланып, жаны қиналып өмір сүреді.Естеріңде болсын, әлеумет! Жұтқанының бәрін уға айналдырар ужылан секілді біреу ортамыздан шықты екен деп мерекемізді тәрк еткізбейміз. Бұл асқа біз тентегімізді тезге салар жасағымызды да дайындағанбыз.Мына Ермембет бидің қарауында екі сексен жасақ бар! Бір сексені Ойдағы болыстардан, екінші сексені Қырдағы болыстардан. Кез-келген тентектің есін кіргізе алады.Тентектік қылып үйренгендерге айтарымыз – естеріңді жинаңдар! Сендейлеррдің қылықтары елді талай ұрындырған!Осы тойлап жатқан қызықтарың да, ауыздарыңа салып жүрген шыжықтарың да Иса, Ермембет, Сүйінғара секілді ел ағаларының арқасы!Ел ағасыз болса – ел емес, тон жағасыз болса – тон емес!Дауыс: Па, шіркін! Мәтжан би айтса жеткізіп айтады емес пе!Дауыс: Ужылан басын қалай езіп тастады…Той иесі қамшысын көтеріп сөз сұрайды.Бәйімбет: Біреулер би шешімі әділ емес, Өскенбай бәрінен озық еді деп жатыр екен! Мен той иесі ретінде озық шыққан екеу болсын деймін. Өскенбайға да бірінші орын берелік! Байрағын өзім көтеремін!Дауыс: Міне табылған ақыл!Дауыс: Қатып кетті! Сықитты! Бар шатақты бір өзі шешті… Дауыс: Жаса, Бәйімбет бай!..Дауыстар. Дыбыстар.ШымылдықАЛТЫНШЫ КӨРІНІС. Қалнияз.Ермембет би: Уа, халайық! Естіген боларсыңдар, үш күн бойы хабарлап жаттық. Осы асқа сонау ауған, парсы жерінен арнайы келген ең құрметті қонағымыз – құрметті Қалнияз ақын! Әрі батыр, әрі би –  Қалнияз тақтақ! Осы арада болуы керек еді. Ас соңында ел алдына шығарсыз, сәлемдесерсіз деп едік! Кешікті ме?Қалнияз: Жоқ, кешіккен жоқ! Көпшілік арасында жүр едім!Иса би: Қалнияз аға! Халқың сағынды! Ортаға шығыңызшы! Сағынынған жұртың жүзіңізді көріп мауқын бассын!Қалнияз ортаға шығып қамшысын көтереді.  Жұрт тынышталады.Қалнияз: Аман-есен барсыңдар ма, бізді, алыста жүрген иағайындарыңды, сағыныштан сарғайтқан бауырларым!Ақ патшаның дүмпуімен жер асып, ел ауып кеткен аз ағайындарың да ұл өсіріп, қыз сүйіп жүріп жатыр!Тыңдасаңдар әлгі басталған дауға бір ауыз сөз айтқым келіп тұр!Дауыстар: Айт! Айт, Қалнияз тақтақ!Қалнияз: Мәтжан шырағым! Тентекке тоқтау саларлық, ақымақтың аузын жабарлық, халық ақыл тоқтатарлық мағыналы сөзді тауып айттың! Жақсы айттың!Ендігі жерде зерделі кісінің бәрі пайдаланатын сөз болды. Сөзің құтты болсын, Мәтжан би!..Мәтжан би: Рахмет, Қалнияз аға!Қалнияз: Бірақ, тойбасы Иса шырағым, той иесі Бәйімбет інім! Мәтжанның сөзі де, сіздердің Өскенбайға қосымша беретін байрақтарың да бүгінгі басталған сөздің, оның артынан ертең жалғасар қаңқудың, содан туындар  даудың шешімі бола алмайды…Иса би: Не ойыңыз бар, Қалнияз аға!.. Шешімі барлығына көзіңіз жетіп тұрса, қалың елге ұнайтын ақылды шамалап тұрсаңыз… Айтыңыз, ойыңыздағыны! Халқыңыз сізді адайдың тақтағы еді дегенде, осындайда жөн табар озық ойыңыз үшін айтатын-ды…  Қалнияз: Халық деген Біз бен Сіз емес пе! Ойға қонса халықтың билігі ретінде қабылдалық!Иса би: Қабылдайық!Қалнияз: Олай болса…Бірінші айтарым:Өнерді де бағу қажет, баптау қажет. Әйтпесе о да жұтап қалады. Өнерді қамқорлау қажет! Әйтпесе ол да жетім баладай жетімсірейді, жұпыны болып қалады!Мына беріп жатқан астарың тек қана аруақтың қамы емес, болашақтың да қамы… Астарың құтты болсын!Дауыстар: Әмин! Әмин!Екінші айтарым: Қарттық пен даудан сақ болыңдар!Екеуі де жалғыз келмейді. Олардың көлеңкесімен байқатпай ере келер абжыландар бара-бара айдаһарға айналып, өзіңді жұтып тынады…Қарттық қара басыңды жұтады, дау тұтас еліңді жұтады…Осыдан сақ болыңдар!Дауыстар: Дейді ғой, Қалнияз тақтақ!Үшінші айтарым: Қашаған ақын не деп еді?Оу, халқым! Қашаған ақын не деп еді!Дауыс: Оның қай айтқанын айтып тауысарсың!Қалнияз: Қашаған ақын "біз адай деген ел едік" демеп пе еді!…Біз Адай деген ел едік!..Алаңсыз өскен алшаңым!Тәк-тәксіз өскен тарпаңым! – демеп пе еді! Оны не үшін айтып еді! Ойлансаңдаршы!..Ой жүгіртсек о заманда солайша айту қажет болды…Жан-жағың толы жау еді! Ел рухын көтерер ұран керек еді!Адай атаның атымен ұрандату, сол арқылы елдің басын біріктіру қажет болып еді…Адайдың әлгі мінезі адай елінің жау алдындағы айбаты ұшін қажет мінез болатын!Біздің замандастар оның құнын білетіндер еді!Мен бұ сөздерді Қалнияз атымен емес, тағдыр тәлкегімен Ауған мен Иран  асып кетсе де Адай мен Бекет атын ұран етер ел атынан айтамын! Маңғыстаудың киелі топырағынан жаралып жатқандар, өз қандастарының  бір ұлына берілер "өнерліміз еді", "озығымыз еді" деген атты қимай дау тудырады деп ойлаппыз ба?Ойламағанбыз!Ойламайтынбыз!Алшаңдап өссеңдер аталарыңның рухының арқасы!Тәк-тәксыз өссеңдер ел ағаларының арқасы!Соны ұмытпалық!Қашаған адайға осындай қылықтарды таңғанда бұл мінезді ағайын арасында көрсетсін деп ұрандамаған!Біз бүгін ұрпаққа тәрбие боларлық жиында тұрмыз. Билер бұл асты тәрбие асына айналдырыпты.Адай деген ел ендігі жерде "тарпаңдау" мінезінен, бейбіт өміріне сәйкес ұрпаққа үлгі боларлық "ар таңдау" мінезіне ауыссын деп шешіпті…Бірінші дауыс: Қалай-қалай мөлтектетеді, қасқа!..Екінші дауыс: Мынау кім?Бірінші дауыс: Төк тақтақ! Айт тақтақ! Ел атынан айт!…Екінші дауыс: Бұл кім?Дауыс: Бұның аты ұмытылғалы қашан! Оны адайдың тақтағы деп атайды! Оның аты Қалнияз ақын, Қалнияз батыр болса керек!Екінші дауыс: Е… Адайдың Қалнияз тақтағы осы ма еді!..Қалнияз: Айт десеңдер  айтайын! Айтқанда мен бүгініңді емес, болашағыңды айтайын, ағайын!Барлық адам болашақ туралы ойлануы қажет!.. Өйткені барлық адам қалған өмірінің бәрін сонда өткізеді!..Болашақ туралы ой да бар! Құлақ тігерлік халқың болса!..Айтар ақыл да бар, пайдаға асырар құлқың болса!..Дауыс: Айт ойыңды, түсінеміз!Қалнияз: Ендеше осы жарысқа еліміз отыздан астам жүрік қосқан екен. Бәрінің артында бір-бір рулы елі бар. Солардан таңдап, отыздан озық деп, жетеуін оздырған екенсіңдер. Қарсы емеспіз. Халық та оған қарсы болмапты! Жетеуін жарыстырыпсыздар!Өнер жарыста шыңдалады. Дұрыс-ақ болған!Жетеуінің де өрен жүйрік екеніне көз жеткізіпсіздер! Құтты болсын!Енді біздің айтпақ ойымыз мынау…Отыздан озық шыққан жетеуіне жеті шапан жауып, жеті тұлпар мінгізсек еліміз жарлы болып қалмас!..Ардақтымыз біреу емес жетеу болса несі бар!..Аламан жарыста озық келген жетеуіне бірдей адайдың қайқы әншілері деген ат тағайындасақ абыройымыз аспандамай ма!..Атақтымыз біреу болмай жетеу болса несі бар!..Енді отыздан озық шыққан жетеуі де "Адайдың Жеті Қайқысы"  деген бір атпен аталса, жеке болмай жетінің бірі болса, олар өнерінің дәрежесі кеміп қалмас!Адайлар әуелден де білгірлері мен шешендерін "тақ-тақ" атандыратын!Ақындарын да ардақтап "Адайдың жүйрігі" деген дәреже беретін.  Лайым тақ-тақтарың тауып айтқай! Лайым жүріктерің озық болғай!Енді, осы күннен бастап, әншілеріңнің озық жетеуі "Адайдың жеті қайқысы" деген ардақты атақпен аталатын болсын! Аттары қатар аталатын болсын!.. Тақтақтарың  талапты болғай!, халқым!Бес жүйріктерің азулы болғай!, ағайын!Жеті қайқыларың қанатты болғай!, бауырлар!Алаң қуанышты дауыстарға толып кетеді.Дауыстар: Қалнияз! Адайдың тақтағы!Дауыс: Міне билік! Жаса Қалнияз!Бір дауыс: Шіркін-ай мына жарысқа Қайып пен Хамиттың келе алмағаны, әйтпесе мыналарға орын қайда!..Дауыс: Жаса Адайдың Қалнияз тақтағы!Халық риза болып, шаттық саз ойналып жатады.Мәтжан би: Уа халайық! Қалнияз ағамыз қайта оралды ортамызға! Қалнияз ақын бұрын елді жауларға қарсы жорыққа  бастап, бірлікке үндеп жүретін болса, енді халқымызды өнер жорығына шақырғалы келген екен! Сапарың сәтті болғай Қалнияз аға!Ермембет би: Қалнияз батыр орыстар құрығынан қашақтап тәжік, ауған жерінде жүрсе де, ерлік қалпын, Қалнияз қалпын жоғалтпапты! Жорық ақыны тағы да жорыққа шақырып тұр! Бұл жолы өнер жорығына шақырып тұр!Иса би: Қалнияз тақтақ Қосай атаның ұрпағы емес пе еді! Мына ұсынысы өнерлі ұрпағына берген Қосай ата батасындай болды! Аллатағала қабыл еткей!Жыр күйі ойналып жатады. Жыр сарына бірте-бірте Адай" күйінің сарынына ауысады.Дауыстар: Аллатағала қабыл еткей!Дауыстар: Періштенің құлағына шалынғай!Дауыстар: Адайдың жеті қайқысы!Бір адам қамшысын көтеріп ортаға шығады.Бір дауыс: Қалнияз тақтақ! Менің бір датым бар!Қалнияз: Ол не дат!Сол дауыс: Дат емес ұсыныс. Айша қыз да өнерлі жан екен! Нағыз өнерлі туған сайқының өзі екен! Айша қызға да "сайқы" атағы берілсін!Қалнияз: Дұрыс болар! Ел бар, ел басқаратын би бар! Өнерге құрмет – халыққа құрмет! Кезегі келгенде, халық құптағанда атақ та берілер, алғыс та алынар!Атақтарың құтты болсын!Атақтарыңды елдің атақ-даңқын асыра беруге пайдаланыңдар!"Адай" күйінің сазы… Аттар тұяғының дыбысы… Солармен араласқан дауыстар:Дауыстар: Адайдың жеті қайқысы!Дауыстар: Адайдың жеті қайқысы!Дауыстар: Адайдың жеті қайқысы!Шымылдық                                                                  Ақтау.   29.02.2008