ВЕРНУТЬСЯ

Құлқыныңды қамай тұр,Жеп тауысты тағатты ол.Ел шетінде тоғай тұр,Ақсақ аяқ, шолақ қол. Заман-адам – алдаушы,Келді, міне, ортаға.Жапырақтың жан даусы,Ұмтылады балтаға. Тегін отын. Кенелді.Сайлап келіп көлігін,Тиеп алып жөнелді,Ағаштардың өлігін. Көк терегім құсалы,Лайланды күй тынық.Көк түтін боп ұшады,Шыбын жаның үйтіліп.Мұңын айтса тақыр, құм,Жылатады жалғанды.Кезіп келе жатырмын,Ағашы жоқ орманды. Жусап қалған елдердей,Жапырақ-жұрт жатты өліп.Соғыстан соң келгендей,Тұрмын!Әлем – қақ бөлік! Жан жоқ!Тірлік безгендей!Үнсіз үрей қамады.Шошындым мен – кезгендей,Адамы жоқ қаланы.                     * * *Ақ қарды араладым сағынардай,Жел тұрса, әлем тағы қағынардай.Қорқа ма менен қалып қоямын деп,Іздерім ілеседі жаны қалмай. Сағыныш, сары аяз боп өшесің бе?Қырық байлам күдікті шешесің бе?Ой-санамды сабалап үрлейді қар,Ауылдың жыртық етік көшесінде. Ақпанның аң-таң болып тірлігіне,Жынды жел үңіледі түндігіне.Бірі – қар,Бірі – аяз –Қос Үкімет,Ауылдың таласады билігіне. Ауылымның көңілі – көктемінде,Көктем кеп, көңілге нұр төккенінде.Қызыл гүлді оятып қыр самалы,Ақ қардың қырдан қашып кеткенінде. Қаптаса бәйшешектер – қолғанаттар,Көбелек – қызыл қанат, сары қанаттар.Тау басынан көктемге қараса үркіп,Ақпанынан адасып қалған ақ қар!