ВЕРНУТЬСЯ

Ағыл да тегіл тасығанАқ теңіз сынды арнадан,Аруақтарға бас ұрған,Абызша,қобыз сарнағанАдуын бір кез асау емАтылған жанартаудайын,Апырай неден жуасыдым,Шағымда төгіп саулайтын?Нөсердің шағы өтті ме,Неліктен қалдым тынғансып?Түбіме күйбең жетті ме,Санамды езіп, тым жаншып?Жаным-ай, неге шөктім менЖанатын нағыз уағымда,Жалынды өршіл екпінменЖарып бір шығар шағымда?Жылады бүгін жүрегім,Бұлқынып шықты жыр-ұшқын,Өлең бар менде, білемін,Жазылар ертең тынысым.Балалық күннен қосылғанБәйгенің қалмай соңында,Намысты ер ем жасымнан,Ауыр жүк қалмас жолымда.Сайра да, тілім, тіз өлең,Сәйгүліктейін жаз белің.Заман да өңін түзеген,Жайнайды бейне жаз керім.Жүректі қайта тулатып,Қынаптан алған қылыштай,Халқыңның жанын бауратып,Қызыл тіл, қайрал құрыштай!

Автор: