ВЕРНУТЬСЯ

Сайын дала...Армансыз, дос, шалқып көр,Ақ қанатты көбелекше қалқып көр...Шалқар дүние жаяр ыстық құшағын,Боз жусаны бұрқыраған барқыт бел.Еркіндіктің әлеміне шығып бір,Шырқыраған тірлігіңді ұмыт қыл.Ақ қанатты көбелекше тербеліп,Алаңы жоқ бейкүнә өмір сүріп біл.Қайдан, қайдам...Өмір – майдан болып тұр,Алынбаған алдағы асу толып тұр.О, табиғат, қырға шықсақ кей-кейде,Арман үшін ақ көбелек жолықтыр...

Автор: