ВЕРНУТЬСЯ

1994 жылдың жазында республика Президентi Н. Назарбаев өз қолымен облыс етіп қайта құрған Маңғыстауға келгенде оған маңғыстаулықтар өздерiнiң ыстық ықыласының белгiсi ретiнде ақбоз ат мiнгiзген-дi. Елбасы сол ақбоз атқа мiнген бойда дала төсiнде құйғытып шаба жөнелiптi...Тамшалыда...Мөлдiр тамшы... көп ғажап,Тамсанбаған Тамшалыға жоқ қазақ.Осы жерде, осы жерде адайлар,Нұр-ағаға мiнгiзген-дi ақбоз ат.Кенет... тосын... бiр iс болды ақылды,Елжiреткен алыс, тума-жақынды.Оқыранды иесiн күткен ақбоз ат,Елбасы оған салған кезде тақымды.Алып ұшты, Елбасыны жыраққа-ай,Қос қолтыққа қанат бiткен пырақтай.Әулиелер аймалады маңдайдан,Аңызақ боп,Ақ сағым боп құлатпай,Кең далада келедi ғой желпiнгiң,(Ақбоз атты патша – дала - көркiң бұл)Сәндi сарай тамаша ғой. Сонда да,Кең далада тыныстады ол еркiн бiр.Ендi ешкiмге жалтақтаман тұрмыста,Алдымызда жарқын мақсат - тұр нұсқа.Тұлпар мiнiп, дала даңқын асырған,Атилла да,Темiрлан да,Шыңғыс та.Қандай жұмсақ еркiндiктiң самалы,Кеуделерге бiрлiк отын жағады.Емiн-еркiн төрт түлiгiң жайлауда,Бұлақ қырда емiн-еркiн ағады.О, жаратқан! Бiздi де бiр қолдашы,Болсын оның Қыдыр-Ата жолдасы.Естисiң бе, естисiң бе, ей, Қазақ,Атқа мiндi,Атқа мiндi,Елбасы!О, Жаратқан! Бiздi де бiр қолдашы!                                                                     1994 ж.                                               («Егемен Қазақстан», №275 (24528), 08. 11. 2006 ж.)