ВЕРНУТЬСЯ

Ақылдым-ау, әй, тәттім-ау,Көп еді ғой қайрат-күшің.Сені ертерек қарттайтым-ау,Кешір мені соным үшін.Дем ал жастық ауасымен,Жүрегінді жарық етіп.Тек гүлдердің арасыменЖүрсем деп ем алып өтіп.Саған қарап ойланамын,Ойланғанда не ғыламын.Бала қамы, менің қамымШаршатты ғой сені, жаным.Қанатымды қатты қақтым,Тұрғандай бақ мені күтіп.Ел көгінде жарқылдаппын,Қасымдағы сені ұмытып.Сыр алдырмай бір дұшпанға,Туыстастым кең өлкеммен.Қияларда мен ұшқанда,Адастың ба көлеңкемнен.Жүректегі менің жыршым,Болсын өмір алды бақыт.Алла жар боп, аман жүрші,Кеште ұйықтатып, танда оятып.Өз бақытын таниды кім,Келе жатсаң арайланып.Сенің барындасәби күнімКетпейтіндей мені айналып.