ВЕРНУТЬСЯ

Мы знали, что станем узлы собирать, Как изгои. Мы - переселенцы? Я  бросаю его,чтобы не потерять, Город солнца и Моря и Детства...”                                   Андрей Мирошников. “Сны” кітабынан. 1998.Білігі мол ақынныңӘр сөзі нұсқа, жүйелі,Желкеуде болса желіккенКөпектей көшке үреді.Меншіктеніп Ақтауды,мұңданып жазған өлеңіналдымнан шықты үнемі.Тарихтың білген ақпарынбіреулер бұған күледі,Ұрда-жық мінез әупірімбіреулер білек түреді,Ойлағанда осыныкөңілге сан ой түнеді.Білмеген болсаң өткендісәуле салсын санаңаӨлеңнің өткір түрені.Шағаладай шарқ ұрарМұндайда ақын жүрегі.Біз білсек мына Ақтауғакеңестік кезде келгенсің.Мәскеуден тіке қамтылып,нәпақаңды тергенсің,Біреулердің сөзінебайыбын білмей ергенсің.Мұныңа жауап қатайынжайым жоқ шала бүлінген,Бұл аймақ үшін кезіндеЕрлерім білек түрінген.Сойылмен қорғап даласын,жүректілігі білінген.Тарих солай сөйлейдіойлап тапқам жоқ бүгін мен.О,баста менің ер Бабамордасын тіккен осы жер.Нәубет жылғы ойрандаЖер аудық, әруақ кешірер.Тамыр тарттым емендейтопырағым осы өсірер,Бақиға жаным ұшқандаОсында мүрдем көсілер...Құрсаған бұғау быт-шыт бопқұлаған кезде үстемдік.Талайлар тартты елінекөрмесе дағы еш кемдік,Ұлыспен кейбір біргемізкөңілде жоқ өшпендік.Күн көрсетпей өзгегеБолған жоқ жолын кескендік.Бірақ сен жұртың көшкенгетолғапсың жырын ғаріптің,Диуана тұтып өзіңдіөткенді көксеп жанықтың,Ал, мен үшін бүгіндесерпілді бұлты тамұқтың.Бодандықтың күні өттіТәуелсіздігім – жарық күн!Маңғыстау бізге атажұрт –Ата-анам кіндік кескен жер.Зұлматты сонау жылдарыкөз жасын төгіп, көшкен жер,Қазынасы олжа бопкөкейін жұрттың тескен жер.Сағыныш болған бауырғаМаңғыстау жақтан ескен жел,Шет жерде жүр келе алмайҮдере бір кез көшкендер.Талайы қалды жат елдеАжалы жетіп жаланған.Оралған жандар ене алмайайналып өткен қалаңнан.Өз жерінің шәрлерікем болмады қамалдан.Өзіңнің үстем ойыңдыСылып таста – санаңнан.Шындықты ұғар ақын депСөз саптадым жүйелі,Егемен елміз, серпілдібодандықтың түнегі.Аман болсын атажұртМаңғыстауым киелі,Осында жатыр өйткені,жеті атамның сүйегі.Бұл аймақты сондықтанРиясыз жүрек сүйеді.                                      11.05.1998 ж.