ВЕРНУТЬСЯ

Қаңқа сүйектен қалпына келіп,«Тіріліп» қайта қаз тұрады өлік.Тылсым тұлғамен тілдестіретінАнтрополог, антрополог. Мүсіндер мынау – мұра бұл ерен,Шабыттан туған сұрапыл өлең!Шарлайсың талай дәуірдің көшін,Самғайсың қиял пырағыменен. Тосқандай көзге кезеңді шапқын,Жауынгері тұр ежелгі Сақтың.Бағзы бейнелер...                   ал анау жүзді,Ай маңдай ару гөзелге ұқсаттым. Шаттықтан бүршік жарып гүлдесең,Ағат та болмас алыппын десең.Шыңырауларда жатқан шындықты,Шығасың сүйреп жарық күнге сен!