ВЕРНУТЬСЯ

Соқты-ай кеп ыстық аптап бір,Шоқ дерсің мынау аппақ нұр.Жел – бота, дала – інгеннің,Желінін сорып қақтап тұр. Шығар-ау шөлден шын безген,Барады киік құм кезген.Сортаңға шыққан сораңның,Сорасы ағып тұр көзден. Домна – күн жалын шашты да,Кетердей еріп тас мына.Тығылды қорқақ көлеңке,Табанның келіп астына. Жалындап кеткен жалғанды-ай,Өнері тағы бар қандай?Сексеуіл біткен селтиіп,Таңырқап қарап қалғандай. Мұндайда жанға жол сын тек,Қинала күнге қол сілтеп.Күбірлеп атам келеді,Жолаушы аман болсын деп.