ВЕРНУТЬСЯ

Арыны артық жалқыдан,Тұяғын тұлпар тарпыған,Шашасына шаң жұқтырмай,Шауып бір шығар шаршыдан.Шалдырмас жүйрік пырағым,Желдейін жүйткіп тұратын.Шамалы жерде аңдатарШалымы бөлек қуатын.Жампозбен жаны табысқан,Тайбурылменен жарысқан,Ақалтеке сипатты,Арғымақ болып ағызған.Аршылан болсын  таймастанАуыздығымен шайнасқан,Азуын Айға білеген,Айбары асқан алдаспан!Айдарынан жел ескен,Айдынмен асау теңескен.Адымы айлық жерді алар,Аршындай асып белестен.Артық боп кермес кеудесін,Асылдың жиған көмбесін,Арғымақ атқа баладым –Азамат ердің бейнесін.

Автор: