ВЕРНУТЬСЯ

           Бір мырза
сатып алды хан қаламын...

Мен қазір
Жжыр жазбаймын, жан бағамын

Музаны тоқалыктай
жұмсайтұғын

Мандытқыш кей ақынға таңқаламын.

 заманы екен өлерменнің.

Қаздым да жүрегімді,

Өлең көмдім,

Жамырап болған болса жарымес қиял,

Қайырып қозы-лақтай көгендермін.

Сұрайды
ел:

«Жазбайсың деп өлең неге?»

Жырлауға ит-тірлікті көнер деме.

Қонбай үш қара жерге, қайран муза

Қанатың кірлеп қалар - төмендеме.

Шайырмын,

Дала - мұңым,

Отан - қайғым,

Шындықтың шөлейтіне сапарлаймын,

Ешқашан өлең жазбай кетсем дағы

Ешкімге қаламымды сата алмаймын.

Кешсем де күндерімді қапалықпен,

Өшсем де өз ойыма маталып мен,

Шалшыққа қона көрме, АҚҚУ.муза

Батпағын сырлай
берсін бақа біткен