ВЕРНУТЬСЯ

Кіші Шетпе –Біз барып қой тоғытқан,Түбіңе қарап тұрып ой тоғытқам.Сен де өзіңше теңіздей толқитынсыңСенен су ішіп тұратын жайқалып маң. Біз барып алма ұрлайтын бақша мынау,Көмбесейші ол бақты, қасқа құм-ау!Әнестей қарауылшық кеткеннен соң,Бұл бақша да қартая бастады ма-ау?! Ақсырға анамНан көмсе от басында,Темір қалақ жалықпас шоқ тасуға.Орысбайдың «КрАЗ» - ын ойыншық қылып,Бала-шаға – ойнаушы ек қақпасында.Кетті алыс балалыққа еретін күн,«А»,«Б»,«С»Деп класқа бөлетін күн.Есепті Сәрсенбайға шығартып ап,Ертеңіне «бес» алып келетін күн. Сол күндер де кетті алыс келмесіне,Өкпе жоқ тағдырыңның бермесіне.Тек...Сол бір момын шақты сағынмазы,Білмейтін теңгесі не, өңгесі не. Көңіл бүгін басылды тасып аққан,Қара жерін жүр әлі асырап таң.«Ағасы» жоқ есебін шығарып берер,Тіршілік тұр «нарықтан» басы қатқан.                      * * *Биіктен төмен қарай қашқан еңіс,Қаптаған қызғалдаққа ашқан өріс.Мәңгілік бостандықтан басы айналып,Қаңғып жүрген бұлттарға аспан – өріс. Сары құмЖел бастаған айтаққа еріп,Ұйытқи соғар өз күшін байқап көріп.Бір-ақ рет берілген бұл өмірді,Теңіз тұр «үріп ішіп, шайқап төгіп». Теңіздің толқын үні күліп жатқан,Құмға кеп су шашады ізің батқан.Бесік боп балықтарын тербетеді,Ащы судаТәтті өмір сүріп жатқан.                       * * *Бақыттың таба алмадым кілтін ақыр,Табам деген үмітім, бұлқына тұр.Айналып жүріп-жүріп көшіп кеткен,Санамда жүз арманның жұрты жатыр. Жұртыңды көрсетемін кімге барып,Арманнан кешіктім-ау түнге қалып.Орамал байлап алып қызыл-жасыл,Қасымнан кетіп жатыр гүлдер ағып. Өзіңмен ала кетші, гүлдер, мені,қуантады бояудың түрленгені.Ең болмаса бояуды тамашалап,Жүрейін, алып кетші түннен мені.Үмітім, үй тігесің тағы қайда?Батып-шығып мен жүрмін сағым ойға.Үйіңді тіккеніңнен жыққаның көп,Тағып қойған көп перне сазы қайда? Ақ бұлттар жегіп алып жел-кемені,Жаумай-ақ жан баққанды жөн көреді.Қаңғыбас ой – қаңғыбас бұлттар сынды,Өлең болып кете алмай сенделеді.                      * * *Ана тілдің көшесіне гүл егіп,Сағаныштың самалына түнедік.Ауыздықпен су ішкен бұл қоғамға,Қол бала боп, жүгіріп-ақ жүр едік. Жүгіреміз!Бабалар да жүгірген.Бәлкім, күліп, бәлкім кеде түңілген?Аыңыраулар қазып қойып оған да,Болашаққа үңілгендей үңілген. Оған күліп қарап еді заман қай?Кеткен шығар түйір бақыт таба алмай.Балбал тастар меңірейіп тұрады,Өзін өзі тастап кеткен адамдай.Өлген күндер өмір болып құралғай,Келер күндер тағып жүрсін тұмардай.Балбал тастар – халқы сынды тарихтың,Мына біз ғой жүрген оны ұға алмай. Балбал тастар тас ойыңды жібітіп,Тас көңілді жаңа күнге жылытып,Бізбен бірге жүрші мына заманда,Тілсіз қалған күндеріңді ұмытып. Сақ даласы сан ғасырға мекен ғой,Түпсіз ғалам,Ойлағанмен жетер ме ой.Өзі кетіп,Тас мүсінін қалдырып,Тарих бізден озып кеткен екен ғой.