ВЕРНУТЬСЯ

Шаттандырып сүйресе де сері күн,Көңілімнің басамын кеп желігін.Айсберг жасырады тереңгеДенесінің үштен екі бөлігін. Адамдарға бір ұқсастық көрем де,Ерік берем еркімді алған өлеңге.Арамызда кішіпейіл жандар барЖататұғын тағылымы тереңде. Терең болу қай кезде де ерге сын,Ұстай білгін сезім-тұлпар делбесін.Айсберг – даңқ құмарға бір мектеп,Ұлылықтар көтермейді кеудесін!