ВЕРНУТЬСЯ

1.Болашақ бағдарламасынемесе қазақ елінің мұратыАдамдыққа, асылға,Толған барлық айналам.Жиырма бірінші ғасырға -Қазақ елі жайнаған.Бағдарлама - қайраққа,Жігерімді жанығам.Барлық құрлық, аймақтар,Қазақ елін таныған.Қара қазан қайнаған,Ешкім жықпас намысын.Арыстан мен Айдаһар,Шығарады төрінеОрта Азия Барысын.Өмір керек тіріге,Бағдарлама - кенен жыр.Айналамыз біріне,Мұнайы мол он елдің.Болашақты барламай,Ақыл-ойын арнамай.Көп патшалар,Гүл атқанМемлекетін құлатқан,Аман-есен біздің Ел.Өтті алғашқы сынақтан.Кетті күндер елесі,Небір тоңған, жылаған.Қазақстан кемесі,(Штурвалда Нұр-Ағаң)Бет түзеді сеніммен,Бақыт, шаттық портына.Мейірім боп төгілген,Тастап нұр іс артына.Оның  әрбір ісінде,Кемелденген Болашақ.Ал жүзінде, жүзінде,Имандылық, Парасат.Бәрі осының, осының,Шыққан нәрсе намыстан.Тыңдап сөзін досының,Айдаһар мен Арыстан.Қажет болса осы күн,Қаймығады Барыстан...2. Алыптармен алыпша сөйлесуБір көршіміз – Арыстан,  Бір көршіміз - Айдаһар.Оңбайды екен алысқан,Паналар жер қайда бар?Батыл, алғыр болмасаң,Бірі дайын ұтуға.Жалын атып жанбасаң,Бірі дайын жұтуға.Мекен етсең сақтана,Екі алыптың арасын.Барыс болып тек қана,Көзің жанып шоқтана,Аман-есен қаласың.3. Желбірейді көк туымМіне, міне, бізге де,Нұр шапағын төкті күн.Бақ пен Бақыт іздеген,Тұқымы едік тектінің.Рас, бардан құр қалдық,Болса да биік шоқтығым.Күйін кештік құрбандық,Талай еркек тоқтының.«Басқа шығам», - дегенге,Төрден орын жоқ бүгін.Желбіреп тұр төбемде,Аспан түстес көк Туым.4. Ұрынбаймыз өзгегеТалай сөніп күл болып,Талай қайта жаныппыз.Өскен Жусан, Гүл болып,Дала сынды алыппыз.Ырылдайтын кезде де,Сабыр сақтап қалыппыз.Ұрынбайтын өзгеге,Барыс мінез халықпыз.Қараулыққа бармайтын,Шегінбестен бір адым.Жанын салып қорғайтын,Өз ұрпағын, тұрағын.5. Мұнай мен газ байлығымҚазыналы байлықты,Берген бізге құдайым.Қосты елге бай, мықты,Газым менен мұнайым.Мынау жарқын жүзімнің,Шығарады шырайын.Жанса букет – қызыл гүл,Газым менен мұнайым.Жанға қуат себетін,Аспандағы  Күн – Айым.Бақ боп елге келетін,Газым менен мұнайым.Алмас ешкім қыспаққа,Тыныш болсын лайым.Шығарады ұшпаққа,Газым менен мұнайым.                                      1997 ж