ВЕРНУТЬСЯ

          Ақыл кірді аздаған,

Ақындықты қойғам жоқ.

Қаңқылдайды қаз - заман:

Канатынды байлан,-деп.

Ал, байландым!

Ал, ұштым!

Болмаған соң кеу-кеулеп.

Заманыммен жарыстым

Қанатымды жел кеулеп.

Атым шықты аздаған,

Ақындықты қойғам жоқ.

Тақылдайды таз - заман:

-Бас пайдаңды ойлан, - деп.

Ал, ойладым бас пайда,-

Аллалы құл
арымас.

Көлік қайда, көш қайда?

Карын тойса, көңіл - аш!

Жан-жағыма қарасам,

Жан сауғалар айла жоқ.

Жердің беті - ала шаң:

-Пайда! Пайда! Пайда! - деп.

Мен де ойласам бас пайда,

Сен де ойласаң бас пайда,

Ол да ойласа бас пайда,

Бәрі ойласа бас пайда...

Бақай есеп, бықсық ой

Бар әлемді баспай ма?!.