ВЕРНУТЬСЯ

        Базарын біздің жақтың аралап аз,

қайтсам деп,

қаңқылдады қарала қаз,

Жүргенде аспан жақтан нұр дәметіп,

шынымен жылдам өтіп бара ма жаз?

Қам көңіл біржолата қырға бекіп,

жүргенде жөні бөлек жыр дәметіп,

жаздың да жалт ете қап қара көзі,

шынымен бара ма өзі жылдам өтіп.

Көнеріп кешегі өткен іздің көбі,

сезіле бастады ма күздің демі?

Қараймыз аспанға да, жастарға да,

ондайы жоқ еді деп біз білгелі...

Базарын біздің жақтың аралап аз,

қайтып-ақ барасың ба, қарала қаз?!

... Жүргенде аспан жақтан нұр дәметіп,

шынымен жылдам өтіп бара ма жаз?

Өзімізді өзіміз барға санап,

өмір сүрген боламыз далбасалап,

қайтер едің өзің де

от құшатын,

көкке ұшатын
кезінде... жанбаса бақ.

Бола тұра
атымыз көпке мәлім,

Қаққың келіп тұра
ма шетке бөрің, -

Айыр тілді, амал не, жауызға да,

ауызға да екі елі жетпеді әлім!...

Шыдамай ғап ағайын қысымына,

суып барып көңілім, ысыды ма, -

қапқысы кеп тұрады
күшігі де,

маза бермей мияулап мысығы да.

Қайық көрсек қалтылдақ жармаса қап,

ғұмыр
кешіп, келеміз далбасалап,

Көлегейлеп күннен де көзімізді,

өзімізді өзіміз барға санап!...

Қылышын мен дегенде кекке малып,

біресе бедірейе беттен алып,

Кешегі жерлесім бе,

тендесім бе, -

жатқаны жөні келсе... шетке қағып.

Жүргендей қайтара алмай бәрі кегін,

жұмсап-ақ
зұлым айла, зәлім ебін,

Шетінен -

жақыны ма, алысы ма, -

Тиеді намысыма әлі менің!...

Сыртымнан сойыл сілтеп, ұрған дабыл,

не жасап, не қойды екем сұмдарға бұл?

Бетпе-бет тіктесе
алмай беріп еңсе,

қашады, мені көрсе, сырдандап ұл...

Түңіліп,

түрін көрмей,

 
шошып әр күн, 

қасынан табылушы ем есі бардың,

... Соңымнан сүметіліп қалмайтындай,

апыр-ау, осылардың несін алдым?!

Қимылын, пиғылын да сездірмеген,

біреуін сол қулардың көзге ілмеп ем.

Құдірет,

кім ойлаған осы жаста

болам деп ердің бірі ез күндеген!

Оларға ұрыс
та көп, жұлыс та көп,

қала ма қанға сіңген жымысқыә.

... Оңаша ойға батам:

арамызда,

... Сона бір зиялы кеш, зият танда,

отырдық көсем салып ұятты алға.

Бәрін де түсінгендей болған едің,

енді кеп түк сезбеген сияқтанба!

Отырдық сыбырласып... сырды ақтара,

жеткіздім көңілімді ымдап қана, -

Болғансың (көзің күліп) құптағандай,

енді кеп... ұқпағандай...
сырғақтама!

Ойнақтап ішімізде сезім бүлік,

кетіп ең... ендігісін өзің біліп.

... қайтесің, түк білмеген секілденіп,

бәрін де айтып тұр
ғой... көзің күліп!

Бірі едің сен де кеше сотқар ұлдың,

Ортаңнан оза түлеп, топқа кірдің,

Ержеттің өзің іздеп өрісінді,

Кірдің де құшағына
Көк-Тәңірдің.

Көтеріп
қолтығыңнан Муза-Намыс,

Ұшып ең
Торғай жақтан ұзап алыс.

Арманың арғымақтай желді сенің,

Бойыңа берді сенім ыза да күш!

Тіршілік қақ-соғына ұрынбастан,

Құландай құба дала қырын басқан,

Тіреп ап мандайынды бір нүктеге

Төтелеп
тарта бердің бұрылмастан.

Алда деп айыз қана бақ сынар күн,

Керегін сендей ғана тапсын әркім.

Тірлікте сабылдың да, жаңылдың да,

Қасынан табылдың да жақсылардың.

Солардың бірі демеп, бірі сынап,

Көзіңе тұрушы
еді жылы ұшырап,

Үмітін ұлылардың
ақтай білдің,

Тау бұзып,

Тасты жара тырысып-ақ!

Тәңірдің тата жүріп жазған дәмін,

Жанды ма, жанбады ма аздан бағың,

Жонынды күдірейтіп жал біткенге,

 
Бәлсініп, мал біткенге назданбадың. 

Сұмырай
сөйлейді деп не бетімен,

Қарсылас қара нар боп шөгетін ең,

Алдында дау тұра
ма, жау тұра ма, -

Ұдайы жел
өтінен көретін ем.

Жалқының
біреуі едің жалаңаяқ,

Тәңірім берем десе - қала ма аяп, -

Тұнықтың
тереңінен жүзіп іштің,

Ұлықтың қабағына қарамай-ақ.

Қаймықпай қаһарынан әлдінің де,

Айтасың ағайынмен әнді бірге.

Қашан да хас жүйрік сияқтанып,

Елендеп отырасың әр дүбірге.

Ешқашан түспесін деп ер беделі,

Көтеріп жүрсең биік сен де мені,

Соны да көре алмайды-ау

Қазағыңның

Сәлемін сатып берер пенделері...

... Алысты ауырсынып аянса адам,

жетіпті арманына қай аңсаған?!

Сермеген өрге қанат ерге балап,

Қашан да құшағымды
жаям саған.

Шыдамас бірлі-жарым айналымға,

Сөз айтып
керегі не қайдағы ұлға,-

Ел үшін пісіп-қатқан азаматсың

өмірдің ыстық-суық майданында.

Сона бір сойдауыддай күндеріңнен

әлі де ажырамай жүрген іргең,

мені де ұрандасым
деп білгейсің

өзіңмен сол майданға бірге кірген!..

2006 жыл