ВЕРНУТЬСЯ

Той күні еді,келе қалған қырсықты-ай,Шаң борады үйіріліп ұршықтай.Үздік-үздік үрдіс мінез танытып,Ұйтқығанда дем алып көр тұншықпай.Шаң жауып тұр, шаң борап тұр аяусыз,Тіршілігің тыныс таппай мазасыз,Дүниеге шыркөбелек айналғанТаң-тамаша қаласыз.Әзәзілдей құтырынып жын қаққан,Жаратылыс жаңылған ба ырғақтан,деп ойлайсың,тұз секілді жабысқақүсті-басың шаң қапқан.Той күні еді,сыртқа қазан асуғаұмтылып ек тап болдық қой «шашуға»,Дімкәстейін су көтермес сіркесі,Бұл табиғат неге басты ашуға?!

Автор: