ВЕРНУТЬСЯ

Деңгейінен биік тұрар пенденің,Басын шатып-бұтпайтындай әр ненің,Қашық қылар менмен сөзін өзгеніңЖазылмаған бір өлеңім бар менің. Сөз саптауы басқа жырдан өзгеше,Тамыр дәрідей жүректерді емдесе,Үлбіреген лала гүлге меңзесеСенерсіңіз – мына өлең сол десе. Әрбір сөзі оның мүлде басқаша,Кінә қойың, сыр пернесін қақпаса,Құлдыраңдап бұлақтайын ақпаса,Сұлулықты бір өлшеммен шақтаса. Оның үтір, нүктесі де ерекше,Құшақтарға гүл толтырар керексе,Аңтарылып қалар көркем дүниеКөшесімен бұлттай қалқып ол өтсе. Иә, солай бір өлеңім бар дедім,Сонда менің сезімім де, әл-демім,Тәңір ием, қаламыма қуат берОны жазбай, таусылмасын дәрменім. Бастау алып мендегі аппақ арманнан,Мөлдіреген махаббатқа айналған,Жаным менің, жүрек жарды бұл өлеңБілесің бе, бір өзіңе арналған.