ВЕРНУТЬСЯ

     Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
-        Балам,
дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да
керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,-
деп. Сол сөзді айтып
отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден
лақтырып, далаға тастады:
-        Әже, осы қиқымның ешнәрсеге
керегі бола қалмас,- деп.
Шешесі:
-        Балам,
сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден
қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана
алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:
-        Манағы
мақтаның қиқымын бір торғай
алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.
Әжесі айтты:
-        Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы
айтқан сөздің келгенін. Ол
кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.