ВЕРНУТЬСЯ

Бүгiн сенi орныңнан таба алмадым,Терезеңе күн бойы алаңдадым.Қиын екен сарсылып адам  күткен,Маған мәлiм  осы хал, саған мәлiм. Өлең қалды. Жүрек те жылымады,Ұрлатып алғандаймын шұғыланы.Қап-қара боп алыстан әйнегiң тұр,Ең болмаса итiң де ұлымады. Жоғалды «экран»-нан жылы бейнең,Айнаң қалды сұп-суық.ҮңiрейгенЖаңа ғана бұл дүние ыстық едi,Соқыр болды енді ол сүмiрейген. Ендi бүгiн күн шығып, таң  атпайды,Ендi жаным ол үйдi жаратпайды.Бұл дүниеде үй де көп,Әйнек те көп,Бiрақ бiрi бұншалық қаратпайды. Қатар-қатар тұрады рамалар,Угольниктер, шегелер, бұрамалар...Бiр әйнекке бiр әйнек жылу берiп,Бiр әйнектен бiр әйнек шуақ алар! Қарайды одан ғалымдар, ғұламалар,Көрiнедi жұлдыздар, мұнаралар...Бiр әйнекке бiр әйнек ғашық болып,Бiр әйнекке бiр әйнек жылап алар!                                          23.10.1999 жыл.