ВЕРНУТЬСЯ

Он бес жыл бұрьш,
Кеш құрым.
Төрт-бес шам жанды әр үйде;
Эфирде жоқ ешбір үн,
Тып-тыныш, жұрттың бәрі үйде.
Бір кезде Отан «уралап»,
Жоғарғы совет басқарды.
Қалаға әрбір нұр тарап,
Әр үйде съезд басталды.
Баяғысындай Ленин
Әр үйдің президиумында,
Тарихқа қарап партия                                  
Сәйлеп түр,
Сөзі үйде - мұнда!
Жауларды салсын мейлі отқа
Сол түннің нұрлы рауаны,
Сол бір кеш әрбір минутта
Ұсынды бір правоны.
Жеріміз жоқ ескінің
Тарихын жыртып бүктеген,
Правомыз бар ешкімнің
Маңдайьша бітпеген.
Правомыз - оқу ұзақ жыл,
Көп білім бізге сыбаға.
Партада қатар қыз бен ұл,
Оларға ортақ сын, баға.
Правомыз біздің алтынның,
Болаттың тауын балқыту,
Жерде тұрмақ әркімнің
Қанатын көкке қалқыту.
Правомыз біздің - дем алу,
Баланы еркін ойнату,
Ақ бұлтқа дейін үй салу,
Жұлдызды жерге жайнату.
Правомыз біздің - қиыннан
Өзенді түзге асыру,
Өсіріп орман,
Құйыннан
Жалаңаш тауды жасыру.
                 
                II
Қызық емес адамның
Қарашығын құзғын жеу.
Тілемейді адам мұң!
Міндет - жауды тізгіндеу.
Правомыз бар сол үшін
Үлкенін күштің сақтауға!
Құлатса үйдің бір қышын,
Бізден рақым жоқ жауға!
Жасатпаймыз обаны!
Жалынша жанып құрымаймыз!
Алтын нұрлы правоны
Күн болып тұрып қорғаймыз!
                                                                  1952