ВЕРНУТЬСЯ

          Рысты бай
Күңшашты

Дейтін еді
«албасты»

Күңшаш онда
«мәжін» ед,

«Өсекші» ауыз,
«сұғанақ»,

Кір болып қара
қожалақ -

Жүретұғын
«әбілет».

Бейнеттің жүктеп
ауырын,

Сауатұғын
сауынын,

Ойнататын баласын,

Сол күндегі
«албасты»

Бүгін елге
жолбасшы -

Ұстатты байдың
жағасын.

Себебі,

Салық, жер
бөліс...

Күн санап бір
өзгеріс,

Бәрі де байға
кірнедей...

Кедейге үдеп өштігі,

Күнде аңсап
ескіні,

Бүрісе түсті
бүргедей.

Құландай азып
қаңғырған.

Бақсыдай «жынын»
алдырған

Жүрегі байдың
инелі.

Көрген күні
бекер-ді,

Кешегі
«пәленшекеңді»

Бүгін «қатын»
биледі.

1928