ВЕРНУТЬСЯ

Бұл, Сен бе, жүрегімнің гүлі деген?!Кеудемді жіберетін қылып өлең.Шарт сынған сенім – шөлмек сынығы едікҚиюуын қалай таппақ, шыныменен? Сілкінді, есіне алып сана пақыр,Ашылды – ау жан дүнием, жараң ақыр...Дауылға тап болғандай көңіл-кемем,Шайқала, батып-шығып бара жатыр! Ұшыпты-ау, аққу құсым көлін беттеп,Меңдей мұң ұялапты өңінде ептеп.Емес пе ек, қақ жарыла аққан өзен,Тағдырдың екі тарау жолы иектеп.Сенбісің, қалай ұғам тұрысынды?!Бітірмей кетіп пе едің бір ісінді?Ойыма жастық-көктем оралды да,Бойыма жанарыңның нұры сінді. Жоғалып, жанды жаулап алған жарық,Қармалап қараңғыны қалғам налып.Тұрмын мен, мезгіл атты құдіреттің,Көрсеткен ғажабына қайран қалып. Алмастан тұрыппыз-ау, жай да сұрай,Атқан таң секілденген қайда шырай?..Үрпиіп неге тұрсың үрке қарап,Үкідей үлпілдеген қарғашым-ай?!..