ВЕРНУТЬСЯ

     ... бұрынғың
бұрынғы ма, -

ұнамай қалды маған түрің мына, -

калындап аяқ асты бет-терің де,

айналып кеткенің не жырындыға?!

Ар, ұят
дегендерді түріп тастап,

жоқжерден шыға кепсің "бүлік"бастап.

Барасың елден де асып,

белден басып

тектілік деп аталар ғұрыпты асқақ.

Қойыпсың біржолата кісілікті,

(Бұл күнде
ол да бізге түсінікті),

Түрің жоқ оның бірін сезетін де,

домбығып көз етің де ісініпті.

Айырмай айналаңның ақ-қарасын,

әр созден секем алып, сақтанасың....

Сызылып, сыртын бермес кемелім-ай,

білмедім, неге бұлай
боп барасың?!

21 ақпан, 2006