Күмән
жоқ сырым мәлім ғой,
Атыраудағы
әр үйге.
Мазалап
жүрген бәріңді ой,
Өзіме
аян әрине!..
Арылып
бойдан жат қылық,
Тыйылды
тентек мінезім:
Жақсылық
жағын арттырып,
Жамандық
жағын түзедім!
Қызыққа
толып әрбір күн,
Асыға
күтем ертеңді...
Жылдарға
өткен қалдырдым,
Мағынасыз
елтең-селтеңді.
Күмәнің
ешбір болмасын,
Досымыз
ғой деп, бұрынғы.
Түтінге
көмей толғасын,
Тастап
та кеттім шылымды.
Білесің
бәрің айтпай-ақ,
Сендермен
өтті жас шағым.
Бақытты
болашақты аяп,
Серілікті
де тастадым.
Кетеді
қиял алға ұзап,
Арманның
қуып ақ таңын...
Сендерге
деген жалғыз-ақ
Сағынышты ғана сақтадым.
- 95 просмотров