ВЕРНУТЬСЯ

         Атамыз:

-
Өс! - деп, тіледі ұл,-

Солардан
қалған кез едің.

Ұсынды
саған бұл өмір

Қарттықтың
енді кезегін.

Тағдырдың
заңы бұ да бір,

Ағасыз
қалдың енді өзің!

Дегені
шығар, сірә бұл:

"Тәңірің
салсын оң көзін!"

Қолдасын
баба-аруақ!

Дарысын
тілек - бата боп!

Ендігі
қалған шаңырақ

Қарайды
саған: "Ата!" -
деп.

Көтерген
жүктің ауырын,

Бір
үйлі жанға ие боп, -

Туысқан,
туған бауырың

Арқасын
саған сүйемек!

Бағы
ма, қайдам, соры ма,

Көбінде
соның білім жоқ.

Тағдырдың
түссе торына

Өзіңе
барып жүгінбек!..

Тәңірден
біреу сый көрмей,

Перзентке
жүрсе
зар болып,

Біреу
жүр қашып, үйленбей

Алпысқа
дейін - ар көріп!

Өзіңе,
Қабес, сенем мен.

Айтуға
жатса, тіл жетпей:

Атасы
басқа дегенмен -

Олар
да саған міндет қой!

Атасы
бол да - әр үйдің,

Аман-сау
солай жүре бер, -

Дәм-тұзын
тат та фәнидің,

Отырсын тілек - тілеп Ел!