ВЕРНУТЬСЯ

Ғафу
Қайырбековке

Жаныңа
қуат беріп, қосқан айбын,

Ұштың
да қолтығынан Қостанайдың,

Армандап
Алатауға жеткен кезде,

Алдыңнан
шықты сенің тосқан айдын.

Жыр
жаздың сол айдындай мөлдіретіп,

Тыңдады
қаз даусыңды көл дір етіп.

Сен
онда жиырмадағы жас жігіт ең,

Елу
жас қалай жылдам келді жетіп?!

Сері
едің ағып тұрған күй жүрегің,

Сол
үшін шалқысын деп сүйді ме елің?

Елуді
өзің
қуып жеттің бе, әлде —

О
бастан шаң жұқпайтын жүйрік едің!

Ән-жырдың
ақ боз атын азынатып,

Бозқырау
жасқа келдің жазы — бақыт

Жүйрікке
суырылып топтан озған,

Жас
па бұл — елу деген аз уақыт?!

Ендеше,
сен де жігіт жасындасың,

Белгілі
— бір елуге бас ұрмасың!

Шабыттың
шаңқан бозы өзің болып,

Кетерсің,
бәлкім, тіпті ғасырды
асып.

Ұстаған
бұ жолдағы бетің берік,

Қасқайып
қас жүйріктей кекіл керіп,

Тарта
бер, азынатып ақын аға,

Бәйгенің ақбоз аты секілденіп!