ВЕРНУТЬСЯ

    Жүгін
артып басына қара нардың,

Жұрттан
неге ерекше дараландың?

"Өмірзақ
та өмірден өтті" деген,

Сенбейтұғын
қайғылы хабар алдым.

Хабар
алдым, жүректі жараладым,

Өткен
шақты ойша бір араладым.

Осыншама
асығып қайда кеттің,

Неге
артыңа қайрылып қарамадың?

Біле
алмадым сенерім-сенбесімді,

Білдім
бірақ енді үйге келмесіңді.

Сен
едің ғой өмірге құштар адам,

Сен
едің ғой Азамат - елге сыйлы!

Сыймады
ма қажырлы - бойға күшің,

Шықпады
ма әлде сол ойдан ісің?! -

Өмірі
ұзақ болар деп ойлаушы едім,

Өмірзақ
деп атыңды қойғаны үшін!

Сол
есімің Өмірзақ - қалады есте,

Ілесіп
ең жалықпай - дара көшке.

Неғып
сені ортадан алып кетті, -

Құдай
өзі жалғыздың жары емес пе!

Зар
еңіреп жарың мен анаң қалды,

Зар
еңіреп үш
бірдей балаң қалды.

Осыларға
бұйыртсын Тәңір енді -

Сен
көрмейтін ғасыр мен

Замандарды!

Осыларға
- тарту ғып тәтті үніңді,

Осыларға
- қалдырдың ақ түніңді.

Көрсін
енді осылар, сен көрмеген

Қуаныш
пен бақытты...

Шаттығыңды!..

Енді
артыңда қасірет-қайғы қалмай,

Бұйырмасын
баянсыз "байлық" ондай.

Тағзым
етіп келеміз әлі талай...

Жатқан жерің, бауырым, жайлы
болғай!