ВЕРНУТЬСЯ

       Мылқау
түн - үнсіз!

Өзіңнен,
қалқам, хабар жоқ!

Отырмын тосып:

Звандай
ма? - деп алаң боп.

Телефон
бұзық!

-
Барып кел, балам! - дер едім,

Жұмсайтын
бірақ қасымда тағы

Балам
жоқ!..

Отырмын
үйде!

Отырмын
жалғыз - елеңдеп:

Ерте
ме, кеш пе?

Бір
хабар сенен келер деп.

Сағыныш
сазы жүрекке салып салмағын,

Барады
шерім күн өткен
сайын тереңдеп.

Айықпақ
қашан жанарды жапқан мұнар-мұң,

Мендей
ме екен, қасіреті мол бар адам?

Өлсем
де түбі - өлетін, бәлкім шығармын,

Жүрекке
түскен сағыныш атты жарадан!..

Меңдегі
ауыр азап пен шерді ұғар кім?

Жүрегім
- жалын!

Бауырым
- тас та,

Мұз
- кеудем!

Өлсем
мен, сірә өлетін, бәлкім шығармын,

Өзіңді мынау жалған дүниеден іздеумен?!