ВЕРНУТЬСЯ

    Айнала
мұнар.

Ұйтқыған
дауыл.

Ақ
шаңдақ!

Құйын
жүр жүйткіп, асаудай басы

қақшаңдап.

Қара
бұлт
жылап,

қамығып
бетін бсады

Көзінен
жиі тынымсыз жерге
жас парлап.

Найзағай
отпен келеді желді қуалап,

Таңданып
іштей бұйығып қана тұр алап.

Бәріне
бұйрық беретін өзі болған соң,

Қарайды
күліп,

жабықтан ақ күн сығалап.