ВЕРНУТЬСЯ

      Каспийдің
көзбен шолып атырабын,

Отырмын.

Тербетіліп
жатыр ағын.

Теңізге
төнген биік тау астынан,

Тыңдаймын
баяу салған Ақын әнін-.

"...
Мені де ұлы Отанда,

Жаңа
ел - үлкен өлкемде,

Ескеріңдер ұмытпай,

Шапағатпен
әр кезде..."

Таныспыз,
ақын аға, тағдырыңмен,

Білеміз
тарихыңды арғы күннен.

Сен
қазір түрегелші!

Көрсетейін,

Ақталған
өсиетіңнің барлығын мен.

Жамылып
Атыраудың ақ аспанын,

Өсіп
тұр өзің еккен ағаштарың.

Көтеріп
көңіліңді тастар еді,

Аралап
енді көрсең -

"Тарас
бағын".

Бұғауын
қолдарыңның бұрап ашқан,

Әлі
тұр жер үйшігің құламастан.

Ардақтап
есіміңді Музей аштық,

Бірі
бұл - өсиетіңнің жүзеге асқан!

Музейде
өзің жазған сақтаулы өлең,

Келеміз
жүйрік аттай баптауменен.

Өзіңнің
есіміңді тағы бердік,

Тамаша
қала салып Ақтау деген!

Форттағы
ағаш еккен тұрағыңнан,

Ескерткіш
тас орнаттық мрамордан.

Сол
жерде сөз сөйлейді,

жыр
оқиды,

Ақындар
өз жолыңды мұра қылған.

Әкеліп
апта сайын гүл шоқтарын,

Жаттап
ап айтатұғын жыр-тақпағын,

Басында
ескерткіштің ән салады,

Өзіңнің өнер сүйген ұрпақтарың.