ВЕРНУТЬСЯ

     Жем
қайда?

Сағыз
қайда? - кешегі бір,

Көмкеріп
кең жазықты еседі гүл!

Доссорды
қолдан құрған кәриялар:

"Кіндігі
қара алтынның" - деседі бұл.

Бір
кезде аталса да Мұнайлы деп,

Сол
аты әлі күнге ұнайды бек!

Ала
шаң желмен ұйтқып соқса-дағы,

Айтар
ем топырағын шұрайлы деп.

Бұл
өлке тарихтан аян маған,

Халықты
хандар билеп, бай алдаған.

Сонда
да енжар дала сырын ашып,

Ол
кезде ұйқысынан оянбаған...

Жайықгың
жеткізбейтін Жемге арасы,

Білген
жоқ оның сырын бел баласы.

Жабырқау
жалшы үніне селт етпейтін,

Қошқар
мен Қосшағылдың кең даласы.

Көздеді
тірлік үшін жарлы амалын,

Ерте-кеш
сықырлатып арбаларын -

Жегіп
ап қоспағына ығыр болған

Белінде
изеңдейтін сар даланың:

-      Жол болсын!

-      Әлай болсын! Тұз қат - маған.

-      Ал өзің?

-
Тары-талқан іздеп барам...

Кедейлер
қауқылдасып жатса да, осы

Меңіреу-мылқау
дала міз бақпаған!

Байбақты
- әулие деп түней келіп,

Кететін
надан халық үрейге еріп.

Әйелдер
"Тасқұдыққа" суға барған,

От
көріп қайтады екен үрейленіп...

Қара
жол жалдан асып бұраңдаған,

Өзінен
өзгеге сыр шығармаған...

Белгісін
қара алтынның, әйел тұрмақ

Еркегі
Атыраудың ұға
алмаған!

Еңбек
пе? Қаратпады күн-түніне,

Ұмытты
онда қазақ күлкіні де...

Қолдарын
темір қарып қалтырады,

Мұз
қатып қастары мен кірпігіне...

О
заман, тайған заман бағы көптен,

Атамыз
байдың малын бағып өткен.

Шешеміз
жаяу-жалпы су тасыған,

"Білеулі",

"Ащықұдық",

"Жәнібектен"

Күйдірген
ақ дидарын жаз аптабы,

Осындай
қарт Ембінің қазақтары!

Қос
сызық маңдайына қоса біткен

Сол
күннің
салып кеткен азап табы!

Доссор,
Мақат
маңындағы
мола жер аттары.

...Оқушым,
құр қиялды таста, кәне,

Шалқысын
шабытыңның жас талабы!

Өткеннің
шежіресі солай дейді,

Бүгінгі
- осы арадан басталады!

Доссор
деп атамаймыз тек төбені,

Көрінер
Гурьевтен көк
терегі...

Бір
шеті Ақ Жайықты алып жатса,

О
шеті - Жеммен сонау шектеледі.

Әлгінде
шыққан едік Ескенеден,

Зырлаумен
өтіп кеттік бес төбеден.

Көз
алмай терезеге тесілеміз:

"Қандай
қыз табиғатты
кестелеген?!"

Қараймыз
жатқан алда карталарға,

Толықсып
тепловоз тартады алға...

Мәз
болып келе жатыр кемпір-шал да,

Дейтұғын
дәл осыны: "Шайтан арба!"

Ақсақал
дейді: "Мұны білмедік біз,

Қараңғы тар
қапаста күн көріппіз.

Сауатсыз,
надан халық атаныппыз,

Озбырлар
өтірік
айтса, шын көріппіз"

Жол
бойы біраз жайды талқыладық,

Сонда
да сөз желісін сарқымадық.

Кемпір-шал
алма-кезек немересін

Сүйеді
бір-бірінен тартып алып!

Ырғалтып
темір жолдың тар табанын,

Ыңырсып
тепловоз тартады әрі...

Қос
сызық қырдан асып кетіп жатыр,

Осы
бір өрмегіндей қарт ананың!

Әлі
алыс, алдымызда жер көп, демек,

Ойпаңнан
өрге пойыз өрлеп
келед.

Мұндайда
жеткізбейді көрінім жер,

Әркімге
ұйқы ашатын ермек керек!

-
Ақсақал, жатқа айтсақта бүгінгісін,

Білмейміз
бұл өлкенің бұрынғысын, -

Осыны
айтсаңыз? - деп қолқалаймыз,

Қай
кезде қала болып құрылды шын?

Қақты
ма қиялтербеп, ой қанатын:

"Өмір ғой, - деп бастады ол,
ойланатын!

Дос
деген - адам аты, мекені - сор,

Доссор
деп сол себептен
қойған атын.

Тұңғиық
қапаста еді ел кешегі...

Көрмедік
ол заманда кең көшені.

Әр
адам бақыты үшін күреспесе,

Мұндай
шақ өздігінен келмес еді?!

Ол
кезде бақыт бізге - арман еді,

Кедейлер
бар табысын
жалға берді.

Құлдық
пен қасіреттің қайғы-зарын

Жас
түгіл, кемпір менен шал да көрді.

Патша, бай
не салса да төзіп едік,

Жанашыр
жан болмады көзі көріп...

О,
балам, арғы жағын түсіне бер,

Қонған
жоқ бақыт құсы өзі келіп!

Өзінше
болып келген дарқан бәрі,

Қуылды
ағылшынның балпаңдары...

Орнатқан
бай-манаптың құлдық торын

Жұмысшы
өз қолымен талқандады...

Халқымыз
нұрлы күннен қуаттанып,

Патшаны
тақтан ұрып, құлатты анық!

Өткерді
сол кезеңді - Баймолда қарт,

Аққали,
Ермек, Сұлташ, Жұбатқанов...

Әңгіме
- айта берсе, көп
тағы да,

Ал
анау Доссорымның көк талы ма?

Жарқ
етті мөлдір аспан жұлдызындай,

Шалғайдан
поселкенің оттары да...

Тастаған
тізіп моншақ қыр басына,

Әлде
бұл сұлу қыздың сырғасы ма?!

Қалмаған
жер-кепенің өзі түгіл,

Орнында
қарауытқан мұржасы да...

Жайыпты
кек жұлдызын жерге, тегі,

Төңкеріс
отқа жағып жер кепені,

Орнына
еңселі үйдің туын тікті -

Деген ой, қиялыңды
тербетеді...

Күн
бата сонау үйлер төбедегі,

Алтын
күн шұғыласына бөленеді.

Самал
жел қиялыңды қағып алып,

Доссорға
сенен бұрын жөнеледі.

Ғажайып
күнім де нұр күлімдеген,

Бұл
күнді теңер едің бүгін немен!

Қара
жер карта болса,

Еліміздің

Сол
тұсқа тулары да аз тігілмеген!

Зырлаған
болашақтың күніне еріп,

Халқымыз
жатыр істің гүлін егіп.

Орнаса
алып құрылыс
бүгін кеште,

Таң
ата қосылады бірі келіп!,.

Атыраудың
ардагер мұнайшылары

Мұнайдың
ұға білсең сырлары мол,

Белгілі
қыздары мен ұлдарына ол!

Осылар
- қара алтынның қожасы да,

Осылар
- төсейтұғын тұрбалы жол!

Атқарса
бұл жұмысты қолдан адам,

Мүмкіндік
қажетінше болмады оған.

Автомат
барлық істі атқарды да,

Жүк
болмай қалды өнімің тонналаған!

Жайықтың
жеткізбейтін Жемге арасы,

Білді
енді оның сырын белбаласы!

Сондағы
құба жонға қанат жайып,

Орнады
қара алтынның Кен-қаласы!

"Ел
жаңа - елу жылда" - ел есебі,

Жетібай...

Өзен...

Теңіз
- тел өседі...

Маңғыстау
маржандарын қоссақ бұған

Доссордың қайда кетпек - келешегі?!