ВЕРНУТЬСЯ

      Хамаң қайтыс болғанда

Той-топырда жүрген соң сөйлеп күнде,

Көрген жоқсың шабытқа шөлдеп мүлде!

Мен өзіңді тоқсанға толар деп ем...

Қайран, Хама, өмірден сен де өттің бе?

Жүруші едің теңізше тасып құмда,

Білуші едің жай-күйін пасықтың да.

Анаң жеткен сексеннің сегізіне -

Аз уақыт қалғанда асықтың ба?!

Неге асықтың мұншама, жарықтығым,

Жатқың, әлде келді ме, алып тыным!

Жылап тұрып сөйлермін, есіме алып,

Қабіріңнің басына барып бүгін...

Кеттің, Хама, мәңгіге -жар құлады,

Өтпедің бе, тоқсаннан қарғып әрі.

Құлагердей жолыңды кесті ме, әлде -

Атыраудың ақ жалды - Арғымағы?!

Нақ өзіңе тартқан мен жиенің ем,

Сол үшін де өзіңе сүйеніп ем!..

Халқың сені сыйлады - Қойыс сынды

Елбасының Бас биі - киелі! - деп.

Қабіріңе басымды иемін мен!
(Ақынға арнау)

19. 77. 1997.