ВЕРНУТЬСЯ

      Байлығын
жасырса жер тығып терең,

Таппаса
дала кезіп... кенші мұны.

Үлкендер
айтады екен үмітпенен:

"Түбінде
болады, - деп, - кеңшілігі".

Тартылса
арна толған дариялар, -

Орнаса
кей жылдары құрғақшылық.

Жұбатып
айтады екен қариялар:

"Түбінде болады, - деп, бір жақсылық!"