ВЕРНУТЬСЯ

Қанша  білек  мойныма 
оралғанын
Айта  алмаймын
(Тәңірге  болар  мәлім!)
Пенде  біткен  тапқанын 
ұмытса  да,
Әр кез  бірақ  жоқтайды 
жоғалғанын.
Сағындырып, бұрылмай 
тілек  бермен,
Сәттерінде  көңілім  жүдеп 
келген
Ес  жинаушы  ем  аққудың  қанатындай
Еркелеген  қыз  қылық 
білектермен.
Кенеттен  қан  қысымым 
үдеп  келген
Басқа  шауып,  бір 
кезек  жүдеткенмен
Түсетін  ем  сабама 
ойнап  жатып
Мойыныма  сол  оралған 
білектермен.
Жалындырды, 
кей-кейде  табындырды,
Сескендірді, 
кей-кейде  сағындырды...
Сол  білектер  қаталдау 
жолға  салып,
Сәл  дірілдеп,  қарсылап 
алып  жүрді.
Күн  артынан  өткенде 
байқалмай  күн
Жүрер  дейсің  мәңгілік 
қартаймай  кім!
Сондай  кезде  басыңды 
бір  сүйейтін
Табыла  ма  білектер?
Айта  алмаймын!..
Солай,  болмыс  танытып 
мықтылығын,
Ғадет  болып  ақыры 
шықты  мұным.
Ақылына  әйелдің  сенбеймін, 
тек
Білегінің  мәңгілік  тұтқынымын.