ВЕРНУТЬСЯ

Қазiр ару кiредi шымылдыққа,Басады азынаулақ қыңырлыққа.Жiгiттiң екi көзi қалыңдықта,Арудың екi көзi туырлықта... Ойпырмай жас өмiрдiң тәттiсiн-ай!..Қарайды жiгiт қызға қатты сынай:-Жеттiң бе,бақ құсым-ай, ақ құсым-ай,Әйтеуiр тақпысың-әй, сақпысың-әй,Әйтеуiр пәкпiсiң-әй,ақпысың-әй!..-               ...Қазiр қыз қарсы келiп бұл сынаққа,Жауап берiп  шығады... бiр сұраққа:Егер ол емтиханнан өте алмаса,Шығу қиын болады күншуаққа... Ақ төсенiш төсеулi бәрi бапта.Қыз жасауы түюлi әлi қапта...Жiгiт көзi тайқыған қыз көзiнде,Қыздың көзi биiкте,шаңырақта... Еркiң бар қосылғансоң оңашада,Өлеңдi оқысаң да шала-шала.Той бердi, некеледi.Айғайласаң,Ешкiм ендi түспейдi арашаға!..                                  1.Х1.1999 жыл.